Іздеу нәтижесі табылмады
View All Result
Saqnews.kz
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
    • Аймақ
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Экономика
  • Спорт
  • Әлеумет
    • Білім
    • Денсаулық
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
    • Аймақ
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Экономика
  • Спорт
  • Әлеумет
    • Білім
    • Денсаулық
Іздеу нәтижесі табылмады
View All Result
Saqnews.kz
Іздеу нәтижесі табылмады
View All Result
Басты бет Cаясат

Біртановтың аудармашысы сот процесіне қатысудан неге бас тартты

Біртановтың аудармашысы сот процесіне қатысудан неге бас тартты
3 июня, 2022
in Cаясат
0
0
SHARES
20
VIEWS

Бұрынғы Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртановтың ісі бойынша ағылшын тілінен орысшаға аударма жасайтын маман сот отырысына қатысудан бас тартты, деп хабарлайды TurkistanZaman ақпараттық агенттігі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Бұл осымен аталған іс бойынша сот ұсынған екінші аудармашы. Экс-министр Е.Біртанов пен бұрынғы вице-министр Олжас Әбішевтің адвокаттары аудармашының еңбек өтілі, құжат аудармасындағы тәжірибесі, құқық қорғау органдарындағы туыстарына қатысты, білімі мен біліктілігі және басқа да мүмкіндіктері туралы сұрақтар жаударды.

«Қорғаушылар тарапынан мұндай көзқарастан соң, сот процесіне қатысудан өзім бас тартамын. Нақты біреуге қатысты наразылығым жоқ. Алайда бұл іс бойынша отырыстарға қатысудан бас тартамын», — деді аудармашы.

Осы орайда ол мұндай қадамға өз денсаулығын ойлап барып отырғанын айтты. Судья Ибрагим Әлкенов аудармашыны таңдауға қатысты мәселе 9 маусымда қаралатынын атап өтті. Бірақ аудармашының құзыреті туралы мәселе қаралмайды. Аудармашы іріктелгеннен кейін, сот процесі бірден басталады. Өз кезегінде Елжан Біртанов құжаттарды толыққанды аударуға уақыт керек екенін алға тартып, қылмыстық істің материалдарымен барлығы танысуы үшін мүмкіндік беруді сұрады.

Оның айтуынша, құжаттар арасында хорватиялық Ericsson Nicola Tesla компаниясы тарапынан орындалған жұмыстарды растайтын мәліметтер бар. Е. Біртановтың пайымынша, осы құжаттармен танысқаннан кейін қылмыс құрамының болмауына байланысты, прокурорлардың өздері істі тоқтату туралы мәлімдеме жасауы мүмкін. Бұдан бұрын хабарланғандай, Денсаулық сақтау министрлігінің бұрынғы басшысы Елжан Біртановтың адвокаты Нұрлан Бейсекеев сот отырысында Нұр-Сұлтан қаласының №2 Сарыарқа аудандық сотының судьясы Ибрагим Әлкеновке қарсы шағым білдірді.

Биыл мамыр айында судья Ибрагим Әлкенов Елжан Біртановтың адвокаттары негізгі сот отырысына тартылған мемлекеттік айыптаушылар мен Денсаулық сақтау министрлігі өкіліне білдірген қарсылықты қабылдамай тастаған еді. Бұрынғы денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов 2020 жылдың 3 қарашасында бюджет қаражатын ысырап етті деген күдікпен қамауға алынған болатын. Тергеу материалы бойынша, Елжан Біртанов пен оның көмекшісі болған Олжас Әбішевке «лауазымдық өкілетін теріс пайдалану» арқылы мемлекетке 1,5 млрд теңгенің шығыны келтіргені туралы айып тағылып отыр. Ал биыл 12 мамырда сот Елжан Біртановқа қатысты қылмыстық істі тоқтатудан бас тартқан еді.

 

Алдыңғы жаңалық

Бас прокуратура сайлау алдындағы «тыныштық» күні туралы ескертті

Келесі жаңалық

Қасым-Жомарт Тоқаев 5 маусымда өтетін референдум туралы пікір білдірді

Ұқсас жаңалықтар

Мемлекет басшысы CITIC Group компаниясы директорлар кеңесінің төрағасы Си Гохуаны қабылдады
Cаясат

Мемлекет басшысы CITIC Group компаниясы директорлар кеңесінің төрағасы Си Гохуаны қабылдады

28 мая, 2025
Президент бірқатар елдің елшісін тағайындады
Cаясат

Президент бірқатар елдің елшісін тағайындады

23 мая, 2025
Түркістанда жаңа перзентхана салынады
Cаясат

Түркістанда жаңа перзентхана салынады

13 мая, 2025
ШАРДАРА АУДАНЫНДА АППАРАТТЫҚ МӘЖІЛІС ӨТТІ
Cаясат

ШАРДАРА АУДАНЫНДА АППАРАТТЫҚ МӘЖІЛІС ӨТТІ

13 мая, 2025

ЖАҢАЛЫҚТАР ТІЗБЕГІ

11 октября, 2025

11 октября, 2025

11 октября, 2025

11 октября, 2025

ТҮЛКІБАСТА ҚҰС ЕТІ ӨНДІРЕТІН ФАБРИКАНЫҢ ІРГЕТАСЫ ҚАЛАНДЫ

10 октября, 2025

ТҮРКІСТАНДА «АҚ БИДАЙ» АУЫЛ СПОРТЫ ОЙЫНДАРЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗДАРЫ МАРАПАТТАЛДЫ

10 октября, 2025

ТҮЛКІБАСТА RC COLA БРЕНДІМЕН «BEIBARS BOTTLERS» СУСЫН ӨНДІРЕТІН ЗАМАНАУИ ЗАУЫТ ІСКЕ ҚОСЫЛДЫ

10 октября, 2025

ДЕПУТАТТАР АРАСЫНДАҒЫ ОБЛЫС БІРІНШІЛІГІ ӨТТІ

10 октября, 2025

ТҮРКІСТАН МУЗЫКАЛЫҚ-ДРАМА ТЕАТРЫНЫҢ V МАУСЫМЫ «БЕКЗАТ» ҚОЙЫЛЫМЫМЕН АШЫЛДЫ

10 октября, 2025
Келесі жаңалық
Қасым-Жомарт Тоқаев 5 маусымда өтетін референдум туралы пікір білдірді

Қасым-Жомарт Тоқаев 5 маусымда өтетін референдум туралы пікір білдірді

  • РЕДАКЦИЯНЫҢ МЕКЕНЖАЙЫ:
  • 161200, Түркістан қаласы
  • E-mail: info@saqnews.kz, 
  • www.saqnews.kz
  • Техникалық қолдау: 77025700309

Құпиялылық саясат

Басты жаңалықтар

ТҮЛКІБАСТА RC COLA БРЕНДІМЕН «BEIBARS BOTTLERS» СУСЫН ӨНДІРЕТІН ЗАМАНАУИ ЗАУЫТ ІСКЕ ҚОСЫЛДЫ

ТҮЛКІБАСТА RC COLA БРЕНДІМЕН «BEIBARS BOTTLERS» СУСЫН ӨНДІРЕТІН ЗАМАНАУИ ЗАУЫТ ІСКЕ ҚОСЫЛДЫ

saqnews.kz
10 октября, 2025
0

saqnews.kz
11 октября, 2025
0

Серіктестер

  • Редакция
  • Бізбен байланыс
  • Жарнама

© 2024 saqnews.kz

Іздеу нәтижесі табылмады
View All Result
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Спорт

© 2024 saqnews.kz