4 қараша 2026, сәрсенбі ⛅ Түркістан +12°C
  • USD 453,26
  • EUR 506,70
  • CNY 67,93
  • RUB 5,58
Жедел
Цифрландыру және ЖИ: AI және білім беру Арман Қырықбаев шығармашыл жастармен Мемлекет басшысының Жолдауы мен жастар саясатының басым бағыттарын талқылады АЭС “Балхаш“: когда начнётся строительство и что нужно знать о будущем проекте «ХАЛЫҚТЫҚ ҚҰРЫЛЫС» – ӘРБІР ӨҢІРДІҢ ДАМУЫНА ЖАҢА СЕРПІН СУ ҮНЕМДЕУ МӘДЕНИЕТІН ҚАЛЫПТАСТЫРУ – ОРТАҚ ЖАУАПКЕРШІЛІК ИНВЕСТИЦИЯ – ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ӘЛЕУЕТІН АРТТЫРАТЫН ҚОЗҒАУШЫ КҮШ Глава государства принял основателя Network School Баладжи Шринивасана Юлия Кучинская: Рост городов должен сопровождаться развитием инфраструктуры
Экономика

“ҚазМұнайГаздың” бұрынғы басқарушы директорына іздеу жарияланды

Қаржы мониторингі агенттігі “ҚазМұнайГаз” ҰК АҚ-тың бұрынғы басқарушы директоры Ибулла Сердіге іздеу жарияланғанын айтады.

“Қаржы мониторингі агенттігі “ҚазМұнайГаз” ҰК АҚ бұрынғы басқарушы директоры, 31.01.1976 жылы туған Серді Ибулла Жұмағұлұлына іздеу жариялады.

Азамат Ибулла Серді адамдар тобымен алдын ала сөз байласу арқылы аса ірі мөлшерде бөтеннің сеніп тапсырылған мүлкін жымқырды деген күдікке ілінді”, – делінген хабарламада.

Іздеудегі адамның тұрған жері туралы сенімді ақпарат бергені үшін ақшалай сыйақы берілетіні айтылған, анонимділікке кепілдік берілген.

ҚМА мәліметі бойынша, іздеудегі адамды анықтау немесе сол болуы мүмкін екені туралы ақпаратты агенттіктің +7 7172 708 478, +7 7172 767 921 сенім телефондарына немесе Нұр-Сұлтан қаласы, Бейбітшілік көшесі, 10 мекенжайы бойынша хабарлауға болады.

Пікір қалдыру

Your email address will not be published. Required fields are marked *