Іздеу нәтижесі табылмады
View All Result
Saqnews.kz
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
    • Аймақ
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Экономика
  • Спорт
  • Әлеумет
    • Білім
    • Денсаулық
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
    • Аймақ
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Экономика
  • Спорт
  • Әлеумет
    • Білім
    • Денсаулық
Іздеу нәтижесі табылмады
View All Result
Saqnews.kz
Іздеу нәтижесі табылмады
View All Result
Басты бет

Қуғын-сүргін құрбандары ақталмады

Қуғын-сүргін құрбандары ақталмады
1 июня, 2022
in Uncategorized
0
0
SHARES
15
VIEWS

Бүгін — елімізде саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күні. Бір ғана Қазақстанның өзінде сол жылдары 103 мыңнан астам адам тұтқындалып, оның 25 мыңнан астамы ату жазасына кесілді. Қазақ зиялыларының беткеұстар өкілдерінің, республика басшылығының түгелге жуығы жойылды. Бүгін елімізде түрлі жиындар мен маңызды шаралар ұйымдастырылып, тарихи күннің мән-маңызы түсіндіріледі.

Тарихшылардың мәліметінше, өткен ғасырдың 30-жылдары Түркістан аймағында 100 мыңнан астам адам қуғын-сүргінге ұшырап, олардың төрттен бір бөлігі атылған. Олардың арасында белгілі қоғам қайраткерлері, әскерилер, жазушылар мен имамдар да бар

Тарихшы Хазірет Әлі Тұрсын өткен жылдан бері Түркістан облысы бойынша қуғын сүргінге ұшырағандарды толық ақтаудың комиссия мүшесі. Күштеу шараларына ұшырағандар бойынша түрлі мұрағаттарда қызмет еткен. Өкініштісі аймақта солақай саясаттың құрбаны болған бірде-бір азамат ақталмаған дейді. Алайда 5 мыңғы жуық адамның тарихи рөлін анықтау жөнінде ұсыныс беріліпті

Хазіретәлі Тұрсын – Тарихшы:
«Жер аударылған, қуғын-сүргінге ұшырағандардың ішіндегі шаруалар категориясы бойынша мұның өзінде 2000-ға жуық адам бар. Ал саяси себептермен қуғындалғандардың өзі 3000-нен асады. Облыстық прокуратураның арнайы архиві бар. Олардың мұрағатында 38 мың жер аударылғандардың тізімін нақтыладық».
1921-1954 жылдар аралығындағы кезеңде «халық жауларын» анықтау саясатының салдарынан Қазақстанда 100 мың адам сотталды, олардың 25 мыңы ең жоғары жазалау шарасы – ату жазасына кесілді.

Қазақстанда саяси қуғын-сүргін құрбандарына 16 миллиардтан аса теңге берілген. Соңғы 17 жылдың ішінде жұмсалған қаражат көрсеткіші осындай. Ал, биыл 1 миллиардтан аса теңге жұмсалады. Ал мемлекеттік хатшы Ерлан Қаринның айтуынша, елімізде прокурорлық қадағалау тәртібімен өткен ғасырда қуғын-сүргінге ұшыраған 250 мыңнан астам азамат ақталды. Олардың көбі кезінде жер аударылған және күштеп көшірілген.

Ерлан Қарин – ҚР Мемлекеттік хатшысы:
«2020 жылы құрылған мемлекеттік комиссияның жұмыс топтарында 316 сарапшы-ғалым бар. 261 адам жабық мұрағаттарда жұмыс істеген. Архив материалдарын іздеу мен талдаудың тиімді жүйесі жасалған. Құпиясыздандырылған құжаттар ғылыми тұрғыдан өңделіп, цифрлық форматқа көшірілуде. Алдағы уақытта қуғын-сүргін бойынша тарихи материалдарды бір жерге топтастыратын арнайы портал құру көзделіп отыр».

Жыл сайын Саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күніне орай жергілікті атқарушы органдар саяси қуғын-сүргін құрбандары мен зардап шеккендерге біржолғы материалдық көмек көрсетеді. 2022 жылы жергілікті бюджет қаражаты есебінен 8 232 азаматқа 3 278 теңгеден 47 700 теңгеге дейінгі мөлшерде 182 млн теңге сомасында біржолғы материалдық көмек көрсетіледі.

Tags: Turkistanzaman.kzҚуғын-сүргін құрбандары ақталмады
Алдыңғы жаңалық

«Тұлпар мініп ту алған» гала концерті өтті

Келесі жаңалық

«WORLDSKILLS TURKISTAN-2022» чемпионаты өтті

Ұқсас жаңалықтар

ҮЙДЕН ДАУЫС БЕРУ ҚҰҚЫҒЫН ПАЙДАЛАНЫП, САЙЛАУ ПРОЦЕСІНЕ ҚАТЫСУДА
Uncategorized

ҮЙДЕН ДАУЫС БЕРУ ҚҰҚЫҒЫН ПАЙДАЛАНЫП, САЙЛАУ ПРОЦЕСІНЕ ҚАТЫСУДА

26 октября, 2025
Түркістан қаласында сайлау үдерісі жалғасуда
Uncategorized

Түркістан қаласында сайлау үдерісі жалғасуда

26 октября, 2025
АУЫЛ БИІ ХАЛЫҚТЫ БЕЛСЕНДІ БОЛУҒА ШАҚЫРДЫ
Uncategorized

АУЫЛ БИІ ХАЛЫҚТЫ БЕЛСЕНДІ БОЛУҒА ШАҚЫРДЫ

26 октября, 2025
САЙЛАУҒА АЗАМАТТЫҚ БЕЛСЕНДІЛІКПЕН!
Uncategorized

САЙЛАУҒА АЗАМАТТЫҚ БЕЛСЕНДІЛІКПЕН!

26 октября, 2025

ЖАҢАЛЫҚТАР ТІЗБЕГІ

ТҮРКІСТАНДА «ҰЛЫ ДАЛА ФИЛОСОФИЯСЫ ЖӘНЕ ҚҰҚЫҚТЫҚ МӘДЕНИЕТ» ХАЛЫҚАРАЛЫҚ СИМПОЗИУМЫ ӨТТІ

5 декабря, 2025

Түркістан облысында ылғалды көп қажет ететін дақылдарды егу лимиттері қайта қаралды

5 декабря, 2025

ТҮРКІСТАНДАҒЫ 570 ОРЫНДЫҚ КӨПБЕЙІНДІ АУРУХАНАНЫҢ ҚҰРЫЛЫСЫ БАҚЫЛАУДА

5 декабря, 2025

ТҮРКІСТАНДА БАЛАЛАРҒА АРНАЛҒАН ҚАЛАЛЫҚ ОҢАЛТУ ОРТАЛЫҒЫ АШЫЛДЫ

5 декабря, 2025

Еуропалық Одақ пен Қазақстан сын-қатерлерді ортақ мүмкіндіктерге айналдырып келеді

5 декабря, 2025

ТҮРКІСТАНДА ПЛАСТИК ЫДЫСТАР МЕН ПОЛИЭТИЛЕН ПАКЕТТЕР ӨНДІРЕТІН ЖАҢА ЗАУЫТ ІСКЕ ҚОСЫЛДЫ

4 декабря, 2025

ТҮРКІСТАНДА ҮКІМЕТТІК ЕМЕС ҰЙЫМДАРДЫҢ ЖИЫНЫ ӨТТІ

3 декабря, 2025

Жәнібек Әлімханұлы мен Эрисланди Лараның жекпе-жегін қашан және қайдан көруге болады

2 декабря, 2025

Толық циклді жоба: Түркістан облысында мақта өсіруден бастап киім дайындауға дейінгі ауқымды кластер құрылады

2 декабря, 2025
Келесі жаңалық
«WORLDSKILLS TURKISTAN-2022» чемпионаты өтті

«WORLDSKILLS TURKISTAN-2022» чемпионаты өтті

  • РЕДАКЦИЯНЫҢ МЕКЕНЖАЙЫ:
  • 161200, Түркістан қаласы
  • E-mail: info@saqnews.kz, 
  • www.saqnews.kz
  • Техникалық қолдау: 77025700309

Құпиялылық саясат

Басты жаңалықтар

219,7 МЫҢ ГЕКТАР ЖАЙЫЛЫМ ЖЕР МЕМЛЕКЕТ МЕНШІГІНЕ ҚАЙТАРЫЛДЫ

219,7 МЫҢ ГЕКТАР ЖАЙЫЛЫМ ЖЕР МЕМЛЕКЕТ МЕНШІГІНЕ ҚАЙТАРЫЛДЫ

saqnews.kz
1 декабря, 2025
0

«ТАЗА ҚАЗАҚСТАН» БАҒДАРЛАМАСЫ АЯСЫНДАҒЫ ЖҰМЫСТАР ЖЫЛДЫҢ 4 МЕЗГІЛІНДЕ ДЕ ЖАЛҒАСАДЫ»

«ТАЗА ҚАЗАҚСТАН» БАҒДАРЛАМАСЫ АЯСЫНДАҒЫ ЖҰМЫСТАР ЖЫЛДЫҢ 4 МЕЗГІЛІНДЕ ДЕ ЖАЛҒАСАДЫ»

saqnews.kz
1 декабря, 2025
0

Серіктестер

  • Редакция
  • Бізбен байланыс
  • Жарнама

© 2024 saqnews.kz

Іздеу нәтижесі табылмады
View All Result
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Спорт

© 2024 saqnews.kz