4 қараша 2026, сәрсенбі 🌧️ Түркістан +11°C
  • USD 453,26
  • EUR 506,70
  • CNY 67,93
  • RUB 5,58
Жедел
СОТ ӘДІЛДІГІ – ҚҰҚЫҚТЫҚ МЕМЛЕКЕТТІҢ ТІРЕГІ ЕҢБЕКТЕГІ ӘДІЛДІК – ҚОҒАМДЫҚ ДАМУДЫҢ НЕГІЗІ Казахстан занял шестое место в мире по восстановлению пресных водоёмов Казахстан восстанавливает водоёмы от Арала до Каспия Жетісуда Президент Жолдауындағы міндеттер мен өңірдің өзекті мәселелері талқыланды Депутаты Курултая встречаются с жителями Карагандинской области для разъяснения Послания Цифрландыру және ЖИ: AI және білім беру Арман Қырықбаев шығармашыл жастармен Мемлекет басшысының Жолдауы мен жастар саясатының басым бағыттарын талқылады
Қоғам

Кентауда «Сity bike» жобасы іске қосылды

Кентау қаласында «CITY BIKE» жобасы қолға алынды. Енді қала тұрғындары мен қонақтары қолайлы уақытта велосипедті жалға ала алады. Жоба пайдаланушыларына жарты сағатқа дейін велосипед тебу тегін. Екі дөңгелекті көлікті жалға алу 24 сағат бойы қолжетімді.

«CITY BIKE» жобасы 28-ші мамыр күні іске қосылды. Бұл қаладағы экологиялық ахуалды айтарлықтай жақсартып, қала тұрғындарын спортпен шұғылдануға ынталандыруға мүмкіндік бермек. Жобаның алғашқы пайдаланушысы – Әділбек Қайырбеков. Кентау қаласының тұрғыны 10 жылдан бері велосипедпен жұмысына қатынайды. Ол осы жобаның іске қосылуын ұзақ күткен.

Әділбек Қайырбеков – Кентау қаласының тұрғыны:
«Шын мәнінде қуанып отырмын. Кетауда бірінші тұтынушы болғаныма, площадьта көп велосипедтер. Сені ешкім іздемейді. Әй уақытың бітті деп ешкім артыңнан жүрмейді. Менің риза болтыным мұның бәрі автоматтандырылған. Картадағы бірліктен алынып отырады».

Велосипедтерді 2 тариф бойынша қолдануға болады. Пайдаланушылар айди карта немесе пинкод арқылы велосипедті жалға алып, келесі бекетке дейін айдап баруы тиіс. 30 минутқа дейін жалға алу екі тариф бойынша да тегін жүзеге асады. Жобаға 16 жасқа толған әрбір кентаулық пайдаланушы бола алады. Велосипедтің абонементтік құны – 500 теңге.

Ақмарал Оспанова – “Velocity.kz” жобасының сату менеджері:
«Жеке куәлікпен тіркелуге болады. Пайданушылар уақытпен айдайды. 1 сағат-100 тг, 2 сағат- 250тг, 3 сағат- 500 тг. Сумма бірліктен шегеріліп отырады. Бірлікті каспий приложениесінен толықтырып отыруға болады».

Жоба француздық жүйе негізінде жұмыс істейді. Велосипедтер заманауи техникамен жабдықталған. Олар GPS, ұрлап кетуге қарсы жүйелермен және басқа да жаңашылдықтармен қатамасыз етілген. Қазір Кентауда 2 вело бекет пен 12 велосипед бар. Пайдаланушылар осы айди карталары арқылы Шымкент және Түркістан қалаларындағы велосипедтерді де жалға ала алады. Енді қала тұрғындары шаһарда арнайы вело жолақтың салынуын асыға күтуде.

Пікір қалдыру

Your email address will not be published. Required fields are marked *