4 қараша 2026, сәрсенбі 🌧️ Түркістан +11°C
  • USD 453,26
  • EUR 506,70
  • CNY 67,93
  • RUB 5,58
Жедел
СОТ ӘДІЛДІГІ – ҚҰҚЫҚТЫҚ МЕМЛЕКЕТТІҢ ТІРЕГІ ЕҢБЕКТЕГІ ӘДІЛДІК – ҚОҒАМДЫҚ ДАМУДЫҢ НЕГІЗІ Казахстан занял шестое место в мире по восстановлению пресных водоёмов Казахстан восстанавливает водоёмы от Арала до Каспия Жетісуда Президент Жолдауындағы міндеттер мен өңірдің өзекті мәселелері талқыланды Депутаты Курултая встречаются с жителями Карагандинской области для разъяснения Послания Цифрландыру және ЖИ: AI және білім беру Арман Қырықбаев шығармашыл жастармен Мемлекет басшысының Жолдауы мен жастар саясатының басым бағыттарын талқылады
Денсаулық

Дәрігерлерден 32 миллион теңге бопсалаған

Түркістан облысының екі тұрғыны медицина қызметкерлерін бопсалаған. Олардың біреуі Жетісай қаласындағы дәмханалардың бірінен ұсталды. Тергеп-тексеру нәтижесінде полицейлер күдіктіден 32 миллион теңгені тәркіледі. Күдіктілер Мақтаарал және Жетісай аудандарында орналасқан медицина мекемелерінің қаржылық қызметі туралы ақпаратты таратпас үшін ірі көлемдегі ақша соммасын талап еткен. Ал аталған жайтты полицияға медициналық мекеменің қызметкері хабарлаған. Егер талап еткен ақшаны бермесе, мекемеге жоспардан тыс тексеру жүргіземіз деп қорқытқан. Жедел іздестіру шараларына полиция қызметкерлері мен Ұлттық қауіпсіздік комитетінің жасағы қатысты. Ал екінші күдіктіні құқық қорғаушылар Шымкент қаласынан ұстады. Олар уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды. Егер олардың ісі дәлелденсе 5 жылдан 10 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Пікір қалдыру

Your email address will not be published. Required fields are marked *