4 қараша 2026, сәрсенбі 🌧️ Түркістан +11°C
  • USD 453,26
  • EUR 506,70
  • CNY 67,93
  • RUB 5,58
Жедел
СОТ ӘДІЛДІГІ – ҚҰҚЫҚТЫҚ МЕМЛЕКЕТТІҢ ТІРЕГІ ЕҢБЕКТЕГІ ӘДІЛДІК – ҚОҒАМДЫҚ ДАМУДЫҢ НЕГІЗІ Казахстан занял шестое место в мире по восстановлению пресных водоёмов Казахстан восстанавливает водоёмы от Арала до Каспия Жетісуда Президент Жолдауындағы міндеттер мен өңірдің өзекті мәселелері талқыланды Депутаты Курултая встречаются с жителями Карагандинской области для разъяснения Послания Цифрландыру және ЖИ: AI және білім беру Арман Қырықбаев шығармашыл жастармен Мемлекет басшысының Жолдауы мен жастар саясатының басым бағыттарын талқылады
Білім

Соңғы қоңырау соғылды

Бүгін Түркістан облысында 30 мыңнан аса оқушы мектеп бітірді. Оның 1445-і «Алтын белгіге» үміткер. Үздік аттестат алуға 2217 оқушы өтінім білдірген. Елімізде екі жыл қатарынан карантиндік шектеулерге байланысты соңғы қоңырау салтанаты болмап еді. Бүгін барлық мектептерде кең көлемде ұйымдастырылды.

Әйгерім Нұрлыбек Жұмабек Тәшенов атындағы №23 ІТ мектеп-лицейінен «Алтын белгіге» үміткер. ҰБТ сынамаларында ең жоғары балл жинап жүрген ол, мемлекеттік грант жеңіп аларына сенімді. Алайда, мереке күнгі толқынысын жасыра алмады.

Әйгерім Нұрлыбек – жас түлек:
«Білікті мамандардың,тәжірибелі ұстаздардың арқасында осында йнәтижеге жетіп отырғаныма қуаныштымын. Және оларға алғысымы шексіз. Бүгінгі күнгі сезімге келер болсам,әрине қимастық бар. 11 жыл бойы оқыған мектебімізде балалық-шағымыздың қызықты сәттерінен естеліктер көп».

Дей тұрғанмен, түлектерге еркінсуге әлі де ерте. Алда мемлекеттік емтихан мен ұлттық бірыңғай тестілеу күтіп тұр дейді облыстың бас ұстазы Дінислам Болатханұлы. Айтулы шараларға кеткен шығындардың орнына, жас түлектер игі бастамамен айналысса деп кеңес береді

Дінислам Болатханұлы – Облыстық адами әлеуетті дамыту басқармасының басшысы:
«Біз ата-аналарға да, бітіруші оқушыларымызға да түсіндіріп айттық. Мектеп қабырғасында сабырлы және мектеппен қоштасу форматында өткізуді ұсынып отырмыз. Кешкісін үлкен мейрамханалар жалдап, тойға айналдырмай салиқалы іс-шаралармен көзге түскен әлде қайда абзал деген түсіндірме жұмыстары жүргізілді».

Облыстағы 900ден аса мектептің барлығы түлектерін шығарып салмады. Өткен жылы ғана ашылған Назарбаев зияткерлік мектебінде мектеп бітірушілер әзірге жоқ. Бұл білім ордасында алғашқы соңғы қоңырау үздік оқушылар үшін соғылған

Ал, Қазақстан бойынша 3,5 млн-нан астам оқушы үшін соңғы қоңырау соғылады. Оның 170 мыңнан астамы мектеппен қоштасты. Білім және ғылым министрлігінің мәліметінше 8 мыңнан астам оқушы “Алтын белгі” төсбелгісіне үміткер.

Пікір қалдыру

Your email address will not be published. Required fields are marked *