4 қараша 2026, сәрсенбі 🌧️ Түркістан +11°C
  • USD 453,26
  • EUR 506,70
  • CNY 67,93
  • RUB 5,58
Жедел
СОТ ӘДІЛДІГІ – ҚҰҚЫҚТЫҚ МЕМЛЕКЕТТІҢ ТІРЕГІ ЕҢБЕКТЕГІ ӘДІЛДІК – ҚОҒАМДЫҚ ДАМУДЫҢ НЕГІЗІ Казахстан занял шестое место в мире по восстановлению пресных водоёмов Казахстан восстанавливает водоёмы от Арала до Каспия Жетісуда Президент Жолдауындағы міндеттер мен өңірдің өзекті мәселелері талқыланды Депутаты Курултая встречаются с жителями Карагандинской области для разъяснения Послания Цифрландыру және ЖИ: AI және білім беру Арман Қырықбаев шығармашыл жастармен Мемлекет басшысының Жолдауы мен жастар саясатының басым бағыттарын талқылады
Билік

Жазасын өтеп шыққандарға көмек көрсетіледі

Адам қылмыскер болып тумайды. Қылмыс жасайтындардың көбі- жұмыссыздар! Сондықтан абақтыдан босатылғандарға міндетті түрде жұмысқа орналастыру қажет деді Түркістан обл бас прокуроры. Айта кетейік , облыс орталығында 200 ге жуық адам пробациялық тізімінде тұр. сол жазасын өтеп шыққандардың 7 -уі қайта қылмыс жасаған.

Абақтыда жазасын өтеп шыққандарды қоғамға қайта бейімдеу үшін пробация қатарында тұрғандардың екі қолына бір күрек тауып беру керек. Әзірге жұмысқа орналастыруда бірқатар кемшіліктер бар ,- деді Түркістан қаласының прокуроры Жаннұр Асқарбекұлы.

Айта кетейік 2021 жылы пробация тізімінде тұрғандарды жұмысқа орналастыруға 25 квота бөлінген. Ал 2022 жылы небәрі 16 жолдама берілген. Оның әзірге 3-еуі ғана қолданылған. Көзбояушылықты қойып , сотталғандардың бос жүрмеуін қадағалау керек,- деді прокурор.

Сотталғандарды қоғамға қайта бейімдеуде сала мамандары жауапкершілікті бір-бірлеріне сілтемеу керек. Сондай-ақ шарада мемлекеттік жеңілдіктерді де пробация тізіміндегілерге таныстыру керектігі айтылды.

Пікір қалдыру

Your email address will not be published. Required fields are marked *