Іздеу нәтижесі табылмады
View All Result
Saqnews.kz
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
    • Аймақ
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Экономика
  • Спорт
  • Әлеумет
    • Білім
    • Денсаулық
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
    • Аймақ
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Экономика
  • Спорт
  • Әлеумет
    • Білім
    • Денсаулық
Іздеу нәтижесі табылмады
View All Result
Saqnews.kz
Іздеу нәтижесі табылмады
View All Result
Басты бет Билік

Реформаның мақсаты жастардың әл-ауқатын арттыру

Реформаның мақсаты жастардың әл-ауқатын арттыру
21 мая, 2022
in Cаясат, Билік
0
0
SHARES
10
VIEWS

Жоғары білімді жастардың көбі жұмыссыз сенделіп жүр. Статистика бойынша былтыр оқу бітірген 168 мыңнан астам адамның 110 мыңы ғана жұмысқа орналасқан. Одан бөлек, баспана мәселесі тағы бар. Өйткені жастарды тұрғын үймен қамтитын бағдарламалар барлық өңірде жоқ. Бұл Сенаттағы парламенттік тыңдауда айтылған мәселелердің бір парасы ғана.

Елімізде «Жастар тәжірибесі», «Дипломмен ауылға» секілді жобалар жетерлік. Бірақ оның игілігін кім көріп отыр? Мысалы жоғарғы оқу орындары түлектерінің 31 пайызы, колледж түлектерінің 33 пайызы жұмыс таппай сандалып жүр.

Нұртөре Жүсіп — ҚР Парламенті сенатының депутаты:
«Соңғы 5 жылда бір ғана «Еңбек» бағдарламасына 695 миллиард теңге бөлінген. Нәтиже қайда? Мұның сұрауы кімде? + Баласын елден қалмасын деп оқытуды ойлаған ата-аналар түбінде опық жеп қалады. Сондықтан заманның ыңғайын, еңбек нарығындағы өзгерістерді, ахуалды жіті бақылауға алып отыру керек. Бізге бәсекеге төтеп беретін, білімді ұрпақ керек, бизнес қабілет керек».

Құмар ойынның құрбанына айналып жатқандар көп. 350 мыңға жуық жас геймерлер тізімінде екен. Онлайн ойындарға бәс тігу үшін олардың көбі шағын несиелік ұйымдарға қарызға кіріп кеткен. Ата-анасын, туыстарын зарлатып, соңында өзіне қол жұмсайтындар да жорқ емес. Сондықтан шағын несие беру жасын 18-ден 21 жасқа дейін көтеруді ұсынылды.

Тоқтар Болысов- Қазақстан жастары конгресінің атқарушы директоры:
«Студенттер кезекті құмар ойын ойнау үшін шағын несие ұйымдарынан қаражат алады. Алайда азартыққа салынып кеткендерін байқамай, кейін олардың қарыздарын ата-аналарының өтеуіне тура келіп жатады. Сондықтан шағын несие беру жасын 18-ден 21-ге дейін көтеруді сұраймыз».

Баспаналы болу – көп жастың «бас ауруы». Сенаторлардың сөзінше, қымбатшылық қысқан заманда қанша тыраштанып еңбектенсең де, тапқан-таянғаның бірден үй сатып алуға жетпейді. Мемлекеттік бағдарламаның пайыздық мөлшерлемесі өте жоғары. Қазір жастарға арналған тұрғын үй бағдарламасы үш өңірде ғана бар. Яғни Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкентте іске асырылып келеді. Енді жыл аяғына дейін бұл бағдарлама басқа өңірлерде де бұл жүзеге асырылатын болды.

Ералы Тоғжанов — ҚР Премьер-министрінің орынбасары:
«Ұлттық рухани жаңғыру» ұлттық жобасы бойынша тұрғын үй құрылысының барлық бағдарламасы аясында жас отбасыларға квотаның 25 пайызын енгізу қарастырылған. 2025 жылға дейін барлық өңірде әкімдіктермен бірлесіп, «Отбасы банк» жеңілдетілген ипотека бағдарламасын іске қосу жоспарланып отыр.
Ал Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев қасіретті қаңтар оқиғасы жастардың проблемасы өзекті екенін көрсетті дейді.

Мәулен Әшімбаев — ҚР Парламенті сенатының төрағасы:
«Сол кезде көшеге шыққан жастардың көбінің сапалы білімі, тұрақты жұмысы және табысы болмағаны белгілі. Осындай жастарымызды әртүрлі диструктивті күштердің қаншалықты оңай пайдаланып кете алатынын да көрдік. Бұл біздер үшін ең маңызды сабақ болды және жалпыұлттық күн тәртібінің негізгі басымдығына айналды».

Жиында депутаттар түрлі ұйым өкілдері мен ғалымдар пікір білдіріп, жастарды толғандырған проблемаларды сөз етті. Енді оның барлығы ескеріліп, тиімді шешім қабылданатын болады.

Tags: Turkistanzaman.kzРеформаның мақсаты жастардың әл-ауқатын арттыру
Алдыңғы жаңалық

Түркістан облысындағы бірқатар медициналық мекемелерге 32 млн. теңге айыппұл салынды

Келесі жаңалық

Жеңілдетілген автонесие бойынша алғашқы көлік берілді

Ұқсас жаңалықтар

Мемлекет басшысы CITIC Group компаниясы директорлар кеңесінің төрағасы Си Гохуаны қабылдады
Cаясат

Мемлекет басшысы CITIC Group компаниясы директорлар кеңесінің төрағасы Си Гохуаны қабылдады

28 мая, 2025
Президент бірқатар елдің елшісін тағайындады
Cаясат

Президент бірқатар елдің елшісін тағайындады

23 мая, 2025
Президент Түркі мемлекеттері ұйымының бейресми саммитіне қатысты
Басты жаңалықтар

Президент Түркі мемлекеттері ұйымының бейресми саммитіне қатысты

21 мая, 2025
Түркістанда жаңа перзентхана салынады
Cаясат

Түркістанда жаңа перзентхана салынады

13 мая, 2025

ЖАҢАЛЫҚТАР ТІЗБЕГІ

Бірлігі ажырамаған Қазақстан – Бүкіл ұлт өкілдері бақытты күн кешетін Қазақстан

20 августа, 2025

Бірлік пен ынтымақтастық – Қазақстанның Тірегі

19 августа, 2025

Түркістан облысында халықтар достығы мен бірлігін нығайтуға басымдық берілуде

18 августа, 2025

КЕЛЕС АУДАНЫ АБАЙ АУЫЛЫ АҚСАҚАЛДАР КЕҢЕСІНІҢ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ

16 августа, 2025

Елдесу және татуласу – бейбіт өмірдің кепілі 🤝

16 августа, 2025

ТҮРКІСТАН: ҚХА-НЫҢ «САЛАУАТТЫ САНА» ЖОБАСЫ АЯСЫНДА «БЕС НӘРСЕДЕН ҚАШЫҚ БОЛ» ТАҚЫРЫБЫНДА ІС-ШАРА ӨТТІ

15 августа, 2025

«ДОСТЫҚ КЕРУЕНІ» ЖОБАСЫ АЯСЫНДА ТҮРКІСТАНДА АҚПАРАТТЫҚ-НАСИХАТТЫҚ КЕЗДЕСУ ӨТТІ

15 августа, 2025

Түркістан облысында халықтар достығы мен ынтымақтастығы нығаюда

14 августа, 2025

ТҮРКІСТАНДА ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЖАСТАР КҮНІНЕ ОРАЙ МЕРЕКЕЛІК КОНЦЕРТ ӨТТІ

13 августа, 2025
Келесі жаңалық
Жеңілдетілген автонесие бойынша алғашқы көлік берілді

Жеңілдетілген автонесие бойынша алғашқы көлік берілді

  • РЕДАКЦИЯНЫҢ МЕКЕНЖАЙЫ:
  • 161200, Түркістан қаласы
  • E-mail: info@saqnews.kz, 
  • www.saqnews.kz
  • Техникалық қолдау: 77025700309

Құпиялылық саясат

Басты жаңалықтар

КЕЛЕС АУДАНЫ АБАЙ АУЫЛЫ АҚСАҚАЛДАР КЕҢЕСІНІҢ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ

КЕЛЕС АУДАНЫ АБАЙ АУЫЛЫ АҚСАҚАЛДАР КЕҢЕСІНІҢ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ

saqnews.kz
16 августа, 2025
0

Түркістан облысында халықтар достығы мен бірлігін нығайтуға басымдық берілуде

Түркістан облысында халықтар достығы мен бірлігін нығайтуға басымдық берілуде

saqnews.kz
18 августа, 2025
0

Серіктестер

  • Редакция
  • Бізбен байланыс
  • Жарнама

© 2024 saqnews.kz

Іздеу нәтижесі табылмады
View All Result
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Спорт

© 2024 saqnews.kz