Іздеу нәтижесі табылмады
View All Result
Saqnews.kz
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
    • Аймақ
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Экономика
  • Спорт
  • Әлеумет
    • Білім
    • Денсаулық
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
    • Аймақ
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Экономика
  • Спорт
  • Әлеумет
    • Білім
    • Денсаулық
Іздеу нәтижесі табылмады
View All Result
Saqnews.kz
Іздеу нәтижесі табылмады
View All Result
Басты бет Қоғам

Ер адам жұбайын лифт ішінде соққыға жыққан

Ер адам жұбайын лифт ішінде соққыға жыққан
19 мая, 2022
in Қоғам, Әлеумет
0
0
SHARES
60
VIEWS

Нұрсұлтанда көп қабатты үйлердің біріндегі жеделсатыда ер адамның өз әйелін соққыға жығып, басынан тепкілеп, бірнеше мәрте ауыр жұдырық жұмсаған видеосы әлеуметтік желіге тарап кетті. Ерінен әбден езгі көрдім деген келіншек тұла бойы көкала қойдай көгеріп, тіпті 4 жерден сынғанын айтады. Ерлі-зайыпты Елордаға Шымкенттен жуырда ғана көшіп барған екен. Шаңырақ құрғалы бері көргенім осы қорлық деген әйел қазір өз төркініне қайтып, ажырасуға арыз тастапты. Оған қоса, күйеуінің үстінен полицияға да шағымданған. Алайда тергеудің әділ жүріп жатқанына келіншектің көкейінде күмән көп. Өйткені әлімжеттік жасаған ерінің тіреуі мықты екенін айтады. Ал анасы «Аманат» партиясының Шымкенттегі отбасы, әйелдер мәселелері және балалардың құқықтарын қорғау жөніндегі кеңестің төрайымы дейді.

Бұл оқиға 28-ші наурыз күні түнде болған екен. Қонаққа бірге барған отағасы ішімдікті біраз сілтеп салған соң, караокеде туыс күйеу баласымен өлең айтқаны үшін өзін жедел сатыға кіре салысымен осылай көкала қойдай сабап тастады дейді келіншек. Жұдырық жұмсау таңертеңгісін де жалғасыпты. Ерінен әбден езгі көрген әйел енді полицейлер әділ тергеу жүргізсе дейді.

Аружан Байметова — Жәбірленуші:
«Полицейлер екінші эпизодты есепке алмай отыр. Лифтте болған жағдайдан соң, ертесіне ол мені тағы да соққыға жықты. Туыс інісі түнде жанжал болмас үшін біздің үйде түнеді. Таңертеңгісін ерте кетіп қалыпты. Ал күйеуім ас үйде ұйықтады. Соның өзінде мені інісінен қызғанып, ұйқымнан оята салысымен аямай тағы ұрды».

Күйеуі жұмсаған ауыр жұдырықтардан соң, әйелдің денесі көкала қойдай көгерген. Оған қоса, омыртқа, құйымшақ, екі қабырға мен жағы сынған. Ол аздай миым да шайқалды дейді. Бұны растайтын дәрігерлердің қорытындылары да бар екен. 4 жыл бойы аяусыз соққы жеп келем деген келіншек ақыры ажырасуға бел буыпты. Ал полицияға берген шағымы үшін енді өз отбасының қауіпсідігіне алаңдайды.

Аружан Байметова — Жәбірленуші:
«Күйеуімнің әкесінің иелігінде құрылыс компаниясы бар. Ал анасы Аманат партиясы жанындағы отбасы, әйелдер мәселелері және балалар құқықтарын қорғау жөніндегі кеңес төрайымы. Құрығы ұзын адамдар. Мен қазір өзім үшін ғана емес, отбасым үшін, ата-анам, екі балам және бауырларымның өмірі үшін қорқамын».

Жәбірленуші келіншектің енесіне хабарласып, мән жайды сұрауға тырыстық. Бірақ ол тергеу аяқталғасын, мағлұмат беретінін айтты. Ал аяусыз соққыға жығылған Аружанның құқын енді арнайы ұйымдар қорғауға кірісіпті.

Айгүл Орынбек — Заңгер:
«Ұрып, соққыға жығылған әйелдің енесі әйелдер және балалар құқын қорғау ұйымының төрағасы. Бірақ өзінің үйінде болып жатқан жағдайды сіз бен біздер видео арқылы куә болдық».

«Ал Нұрсұлтан қалалық полиция департаменті ҚК 107-ші бабымен іс қозғалғанын айтады. Күдіктіге қатысты ешқайда кетпеу және тиісті мінез-құлық туралы қолхат түріндегі бұлтартпау шарасы қолданылыпты. Қалғанын тергеу құпиялығына байланысты жария етпеді».

Tags: Turkistanzaman.kzЕр адам жұбайын лифт ішінде соққыға жыққан
Алдыңғы жаңалық

Ақмола облысында базар өртеніп, бір адам қаза болды

Келесі жаңалық

Ресей тауарлары қымбаттауда

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстандағы ұлттар арасындағы татулық пен бірлік
Басты жаңалықтар

Қазақстандағы ұлттар арасындағы татулық пен бірлік

21 августа, 2025
Бірлігі ажырамаған Қазақстан – Бүкіл ұлт өкілдері бақытты күн кешетін Қазақстан
Басты жаңалықтар

Бірлігі ажырамаған Қазақстан – Бүкіл ұлт өкілдері бақытты күн кешетін Қазақстан

20 августа, 2025
Бірлік пен ынтымақтастық – Қазақстанның Тірегі
Басты жаңалықтар

Бірлік пен ынтымақтастық – Қазақстанның Тірегі

19 августа, 2025
ТҮРКІСТАН: МАЛ АЗЫҒЫН ДАЯРЛАУ ЖҰМЫСЫ ЖӘНЕ АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ ЗИЯНКЕСТЕРІНЕ ҚАРСЫ КҮРЕС ЖАЛҒАСУДА
Басты жаңалықтар

ТҮРКІСТАН: МАЛ АЗЫҒЫН ДАЯРЛАУ ЖҰМЫСЫ ЖӘНЕ АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ ЗИЯНКЕСТЕРІНЕ ҚАРСЫ КҮРЕС ЖАЛҒАСУДА

2 июня, 2025

ЖАҢАЛЫҚТАР ТІЗБЕГІ

Қазақстандағы ұлттар арасындағы татулық пен бірлік

21 августа, 2025

Бірлігі ажырамаған Қазақстан – Бүкіл ұлт өкілдері бақытты күн кешетін Қазақстан

20 августа, 2025

Бірлік пен ынтымақтастық – Қазақстанның Тірегі

19 августа, 2025

Түркістан облысында халықтар достығы мен бірлігін нығайтуға басымдық берілуде

18 августа, 2025

КЕЛЕС АУДАНЫ АБАЙ АУЫЛЫ АҚСАҚАЛДАР КЕҢЕСІНІҢ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ

16 августа, 2025

Елдесу және татуласу – бейбіт өмірдің кепілі 🤝

16 августа, 2025

ТҮРКІСТАН: ҚХА-НЫҢ «САЛАУАТТЫ САНА» ЖОБАСЫ АЯСЫНДА «БЕС НӘРСЕДЕН ҚАШЫҚ БОЛ» ТАҚЫРЫБЫНДА ІС-ШАРА ӨТТІ

15 августа, 2025

«ДОСТЫҚ КЕРУЕНІ» ЖОБАСЫ АЯСЫНДА ТҮРКІСТАНДА АҚПАРАТТЫҚ-НАСИХАТТЫҚ КЕЗДЕСУ ӨТТІ

15 августа, 2025

Түркістан облысында халықтар достығы мен ынтымақтастығы нығаюда

14 августа, 2025
Келесі жаңалық
Ресей тауарлары қымбаттауда

Ресей тауарлары қымбаттауда

  • РЕДАКЦИЯНЫҢ МЕКЕНЖАЙЫ:
  • 161200, Түркістан қаласы
  • E-mail: info@saqnews.kz, 
  • www.saqnews.kz
  • Техникалық қолдау: 77025700309

Құпиялылық саясат

Басты жаңалықтар

КЕЛЕС АУДАНЫ АБАЙ АУЫЛЫ АҚСАҚАЛДАР КЕҢЕСІНІҢ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ

КЕЛЕС АУДАНЫ АБАЙ АУЫЛЫ АҚСАҚАЛДАР КЕҢЕСІНІҢ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ

saqnews.kz
16 августа, 2025
0

Түркістан облысында халықтар достығы мен бірлігін нығайтуға басымдық берілуде

Түркістан облысында халықтар достығы мен бірлігін нығайтуға басымдық берілуде

saqnews.kz
18 августа, 2025
0

Серіктестер

  • Редакция
  • Бізбен байланыс
  • Жарнама

© 2024 saqnews.kz

Іздеу нәтижесі табылмады
View All Result
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Спорт

© 2024 saqnews.kz