4 қараша 2026, сәрсенбі 🌧️ Түркістан +11°C
  • USD 453,26
  • EUR 506,70
  • CNY 67,93
  • RUB 5,58
Жедел
СОТ ӘДІЛДІГІ – ҚҰҚЫҚТЫҚ МЕМЛЕКЕТТІҢ ТІРЕГІ ЕҢБЕКТЕГІ ӘДІЛДІК – ҚОҒАМДЫҚ ДАМУДЫҢ НЕГІЗІ Казахстан занял шестое место в мире по восстановлению пресных водоёмов Казахстан восстанавливает водоёмы от Арала до Каспия Жетісуда Президент Жолдауындағы міндеттер мен өңірдің өзекті мәселелері талқыланды Депутаты Курултая встречаются с жителями Карагандинской области для разъяснения Послания Цифрландыру және ЖИ: AI және білім беру Арман Қырықбаев шығармашыл жастармен Мемлекет басшысының Жолдауы мен жастар саясатының басым бағыттарын талқылады
Билік

Кәсіпкерліктің үлесі бойынша Түркістан облысы елімізде алғашқы орында

Кәсіпкерліктің үлесі бойынша Түркістан облысы республикада көш басында. Себебі шағын және орта бизнес қарқынды дамып келеді. Олардың саны 147 мыңнан асты. Былтыр пандемияға қарамастан кәсіпкерліктің саны 6,8 мыңға артқан. Ал өндірілген өнім көлемі 47 пайызға ұлғайды. Бұл 1,2 трлн теңгеге жетіп отыр. Сондай ақ, шағын және орта бизнестің экономикалық үлесі 26 пайызға жеткен. Бұл көрсеткіш 4 жылдық есеппен алғанда асыра орындалғанның дәлелі. Бұдан өзге, аймақ басшысы Өмірзақ Шөкеевтің бастамасымен бірқатар жобалар сәтті жүзеге асырылуда. Мәселен, «Кәсіпкерлік қырандары» жобасы. Оның негізгі мақсаты ірі кәсіпкерлердің көмегімен микробизнесті, стартаптарды қолдау. Бағдарлама аясында 16 стартап жобаларға менторлар қолдау көрсетті. Аталған бағдарлама алдағы уақытта жалғасын таппақ.

Нұрбақыт Иманқұлов – Облыстық кәсіпкерлік және сауда басқармасының басшысы:
«Республикалық бюджеттен қаражат бөлінді. Ағымдағы жылдан несиелендіруді кепілдендіру үшін 1 жарым миллиард теңге қаржы бөлінді. Біз 50 пайызын суб етеміз. Жалпы алғанда бөліген қаражат шеңберінде 15 млрд теңгені құрайтын несиелер мемлекет тарапынан кепілдендірілетін болады».

Пікір қалдыру

Your email address will not be published. Required fields are marked *