4 қараша 2026, сәрсенбі 🌧️ Түркістан +11°C
  • USD 453,26
  • EUR 506,70
  • CNY 67,93
  • RUB 5,58
Жедел
СОТ ӘДІЛДІГІ – ҚҰҚЫҚТЫҚ МЕМЛЕКЕТТІҢ ТІРЕГІ ЕҢБЕКТЕГІ ӘДІЛДІК – ҚОҒАМДЫҚ ДАМУДЫҢ НЕГІЗІ Казахстан занял шестое место в мире по восстановлению пресных водоёмов Казахстан восстанавливает водоёмы от Арала до Каспия Жетісуда Президент Жолдауындағы міндеттер мен өңірдің өзекті мәселелері талқыланды Депутаты Курултая встречаются с жителями Карагандинской области для разъяснения Послания Цифрландыру және ЖИ: AI және білім беру Арман Қырықбаев шығармашыл жастармен Мемлекет басшысының Жолдауы мен жастар саясатының басым бағыттарын талқылады
Әлеумет

211 көпқабатты үй модернизацияланған

Түркістан облысындағы Кентау қаласында көпқабатты үйлер қайта жаңаруда. Мәселен 2014-2021 жылдар аралығында 211 үй модернизацияланған. Нәтижесінде ескірген үйлердің шатыры мен инжернерлік коммуникация жүйелері жаңартылып, жертөлелері күрделі жөндеуден өтуде. Ал пәтерлерінің сырт бейнесі жаңарғанына шахар тұрғындары да дән риза.

Бұл Кентау қаласындағы Кеңес одағында салынған пәтерлер. Тұрғындардың айтуынша, оған бүгінге дейін мүлдем жөндеу жұмыстары жүргізілмеген. Осының кесірінен пәтерлердің қабырғасы көгеріп, кейбір тұсы тесіліп қала береді екен. Көпшілік оны қанша ақтап, бояп, тұсқағаз жабыстырғанмен, көп ұзамай көгеріп кетеді,- дейді. Бүгінде тұрғындар көпқабатты үйлердің қайта жаңғыртылып, әбден тозығы жеткен жерлерінің жаңартылғанына қуанышты.

Айта кетейік Кентау қаласында 324 көпқабатты үй бар. Оның 211 пәтеріне қайта жөндеу жұмыстарын жүргізген. Қалған баспаналарға биыл бюджеттен қаржы бөлінсе 92 үйді модернизациядан өткіземіз дейді сала мамандары.

Көпқабатты үйлердегі кәріз жүйлері, жылу, ауыз су құбыры толығымен ауысқан. Мердігер мекеме модернизациялау жұмысыннан кейін құрылыс сапасына 5 жыл кепілдік берген. Ал әкімдіктегілердің тұрғындарға жалғыз өтініші пәтерлердегі дәліздерді, қабырғаларды таза қалпында сақтаса дейді.

Пікір қалдыру

Your email address will not be published. Required fields are marked *