4 қараша 2026, сәрсенбі ⛅ Түркістан +11°C
  • USD 453,26
  • EUR 506,70
  • CNY 67,93
  • RUB 5,58
Жедел
СОТ ӘДІЛДІГІ – ҚҰҚЫҚТЫҚ МЕМЛЕКЕТТІҢ ТІРЕГІ ЕҢБЕКТЕГІ ӘДІЛДІК – ҚОҒАМДЫҚ ДАМУДЫҢ НЕГІЗІ Казахстан занял шестое место в мире по восстановлению пресных водоёмов Казахстан восстанавливает водоёмы от Арала до Каспия Жетісуда Президент Жолдауындағы міндеттер мен өңірдің өзекті мәселелері талқыланды Депутаты Курултая встречаются с жителями Карагандинской области для разъяснения Послания Цифрландыру және ЖИ: AI және білім беру Арман Қырықбаев шығармашыл жастармен Мемлекет басшысының Жолдауы мен жастар саясатының басым бағыттарын талқылады
Қоғам

1,5 млн адамның проблемалық несиесі бар

Man Taking US Currency Out of Wallet — Image by © Fancy/Veer/Corbis

Қазақстанда 1,5 миллион адамның проблемалық несиесі бар. Тағы 500 мыңға жуық азаматтың қарызы коллекторлық компанияларға өтіп кеткен. Жағдайды реттеу үшін мұндай жұмыс істемейтін несиелерді енді сервистік компаниялар мен жеке инвесторларға беру көзделіп отыр. Тиісті заң жобасы бүгін Мәжілісте қаралды. Құжат аясында азаматтардан кепілдік есебінде өндіріп алған мүлікті ары кеткенде 3 жыл ішінде сату міндеттелмек. Өйткені банктер мен микроқаржылық ұйымдар 5 жылға дейін өз меншігінде ұстайды екен. Одан бөлек коллекторлық мекемелерге де қойылатын талап күшейтілмек.

Мадина Әбілқасымова – ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің төрағасы:
«2020 жылдан бастап банктер агенттіктің келісі бойынша стрестік активтерді азайту жөніндегі жеке жоспарларды әзірлеп, іске асырып жатыр. Екіі жыл ішінде 648 миллиард теңге проблемалы қарыздар есептен шығарылды».

Сондай ақ, мәжілісте депутаттар онлайн-кредит беруге тыйым салуды ұсынды. Себебі кепілпіз несиеге қол жеткізу оңай. Тіпті онда табыс көлемі есептелмейді. Сондықтан микроқаржы ұйымдарының проблемалық қарыздар үлесі жыл сайын артып келеді. Ал бас прокуратураның мәліметінше, соңғы 5 жылда кибер-қылмыс саны 10 есеге артқан.

Дәния Еспаева – ҚР Мәжіліс депутаты:
«Мерзімі өткен қарыздар – 479 мың қарыз алушы немесе жартысынан астамы коллекторлық компанияларға сатылды. Осылайша, микроқаржы ұйымдарының портфеліндегі проблемалық қарыздардың жалпы саны 914 мың немесе жартысынан астамын құрайды. Қазір ұлттық экономиканы несиелендіруді қысқарту, жұмыс орындары мен халық табысының өсуін тежеу жүріп жатыр. Жеңіл болып көрінетін интернеттегі несие берудің айла-амалдары да адамдарды құлдыққа итермелеуде».

Пікір қалдыру

Your email address will not be published. Required fields are marked *