4 қараша 2026, сәрсенбі ⛅ Түркістан +12°C
  • USD 453,26
  • EUR 506,70
  • CNY 67,93
  • RUB 5,58
Жедел
СОТ ӘДІЛДІГІ – ҚҰҚЫҚТЫҚ МЕМЛЕКЕТТІҢ ТІРЕГІ ЕҢБЕКТЕГІ ӘДІЛДІК – ҚОҒАМДЫҚ ДАМУДЫҢ НЕГІЗІ Казахстан занял шестое место в мире по восстановлению пресных водоёмов Казахстан восстанавливает водоёмы от Арала до Каспия Жетісуда Президент Жолдауындағы міндеттер мен өңірдің өзекті мәселелері талқыланды Депутаты Курултая встречаются с жителями Карагандинской области для разъяснения Послания Цифрландыру және ЖИ: AI және білім беру Арман Қырықбаев шығармашыл жастармен Мемлекет басшысының Жолдауы мен жастар саясатының басым бағыттарын талқылады
Қоғам

Бейбіт күннің батыры

Бүгінгінің батыры – Сәбит Шонтақбаев. 37 жастағы азамат 3 жасар баланы өлімнен құтқарып қалды. Сегізінші қабатта салбырап тұрған баланы төменгі қабаттың терезесінен еш қорғаныш құралынсыз шығып, аяғынан тартып қағып алды. Бір қызығы, сәбидің ата-анасы үйінде болыпты. Ендеше сол мезетте баланы неге қараусыз қалдырғаны белгісіз.

Сәбит Шонтақбаев 10-дар шамасында үйінен шығып, жұмысқа беттейді. Ауладағы айғай- шуды сонда байқайды. Жұрт секілді бөгеліп, жоғары қарайды. Бүлдіршіннің 8- қабатта ілініп тұрғанын көріп, дереу көмекке жүгіреді.

Сәбит Шонтақбаев – Бейбіт күннің батыры:
«Бар ойым тек баланы құтқару керек, болды. Содан бірден жетінші қабатқа көтеріліп, терезеден шықтым да, баланы қағып алдым».
Сәбит Шонтақбаев басын қатерге тігіп, еш қорқыныш құралынсыз, терезенің сыртына шығып, баланы аяғынан тартып алады. Сәбидің өмірі қыл үстінде тұрғанда, өз өмірі мен қауіпсіздігін еш ойлауға мұршасы болмаған. Баланың көрер жарығы бар екен. Ол кішкентай қолдарымен терезенің ернеуіне жабысып, қанша уақыт тұрды. Ал Сәбит 4 баланың әкесі. Көзсіз ерлікке итермелеген де осы әкелік инстинк болар?! Кім білсін?!

Желідегі жазбаны көргендердің жүрегі аузына тығылды. Қорқыныштың қуанышқа ұласқан сәті, Сәбиттің батырлығы бүкіл елді сүйсінтті. Оны Нұр-Сұлтан қаласынын төтенше жағдайлар департаменті де елеусіз қалдырмады. Батырға «Төтенше жағдайдағы ерлігі үшін» төсбелгісі табыстады.

Төрт баланың әкесі Сәбит Шонтақбаев елордаға жұмыс іздеп Қызылордадан келген. Бұрын әскерде келісімшартпен, сондай-ақ теміржол саласында да жұмыс істеген азамат бүгінде жалдамалы жұмыстарда нәпақасын тауып, отбасын асырап жүр. Осы ретте танымал блогерлер «бүгінгі күннің батырына баспана алып берейік» деп бастама көтерді. Сондай-ақ төленбей қалған несиесін жауып беруге үшін ақша жинауды бастап та кетті.

Пікір қалдыру

Your email address will not be published. Required fields are marked *