Іздеу нәтижесі табылмады
View All Result
Saqnews.kz
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
    • Аймақ
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Экономика
  • Спорт
  • Әлеумет
    • Білім
    • Денсаулық
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
    • Аймақ
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Экономика
  • Спорт
  • Әлеумет
    • Білім
    • Денсаулық
Іздеу нәтижесі табылмады
View All Result
Saqnews.kz
Іздеу нәтижесі табылмады
View All Result
Басты бет Өзекті мәселе

Әрбір сегізінші әйел тұрмыстық зорлық-зомбылықтың құрбаны

Әрбір сегізінші әйел тұрмыстық зорлық-зомбылықтың құрбаны
5 мая, 2022
in Қоғам, Өзекті мәселе
0
0
SHARES
157
VIEWS

Әлемде күн сайын 137 әйел өз отбасы мүшелерінің қолынан қаза табады. Ал әрбір сегізінші әйел тұрмыстық зорлық-зомбылықтың құрбаны болады. Біріккен Ұлттар ұйымы жүргізген статистика осындай. Мамандардың айтуынша, оның тек 40 пайызы ғана құзырлы органдардан көмек сұрайтын көрінеді. Жаһандық дертке айналған тұрмыстық зорлық-зомбылық мәселесі Түркістанда БҰҰ өкілдерінің қатысуымен талқыланды.

Күні кеше Түркістан облысындағы Темірлан елдімекенінде болған қанды оқиға жұрттың жағасын ұстатты. Ер адам әйелін төрт баланың көзінше ұрып өлтірген. Сол кезде ішімдікке әуес, келіншегін күнде ұратын қаскөйге бұған дейін ешқандай арыз-шағым түспеген болып шықты. Яғни ер адам құқық қорғау органдарында тіркелмеген. Мамандардың статистикасына қарағанда Түркістан облысы тұрғындарының жартысынан көбі, яғни 57 пайызы тұрмыстық зорлық-зомбылық үшін жауапкершіліктің бар екендігінен хабарсыз. Сондай-ақ БҰҰ-ның мәліметінше, аймақтағы әйелдердің көпшілігі тұрмыстық зорлық-зомбылыққа тап болған жағдайда қайда жүгінетінін білмейді екен.

Ронни Линдстром — БҰҰ-ның Қазақстандағы халықты қоныстандыру саласындағы қорының өкілі:
«Тұрмыстық зорлық-зомбылықтан зардар шеккен әйелдердің медициналық және заң қызметтерін алуына жағдай жасаймыз. Аталған мәселеге жергілікті билік тарапынан тиісті іс-шаралар қабылданып жатқаны қуантарлық жағдай».

Шетелдік меймандардың қатысуымен өткен жиында ана өлімі мен бала өлімін азайту және болдырмау бойынша ұсыныстар айтылды. Мәселенің маңыздылығын атап өткен облыс әкімінің орынбасары С. Қалқаманов аймақта әйел құқықтары мен балаларды қорғау бағытындағы жұмыстар жалғаса беретінін мәлімдеді.
Сәкен Қалқаманов-Түркістан облысы әкімінің орынбасары:
«Балаларды жан-жақты дамыту үшін спорт, шығармашылық үйірмелерімен қамту жұмыстары жүргізілуде. Прокоратурамен де жұмыс белсенді. Жасөспірімдердің денсаулығы, дамуы біз үшін маңызды. Сондай-ақ әйелдер қауымын да назардан шығармай, оларға арнайы ұсыныстар мен жобалар әзірленген. Оқушылар сарайында әйелдерге тегін қолөнер сабағы өткізіліп, олардың өзіне кәсіп ашуына жол ашылуда. Мемлекеттік бағдарламалар арқылы әйелдердің кәсіпкерлікпен шұғылдануына қолдау көрсетіліп жатыр».

Ал биыл полиция қызметкерлері өмірлік қиын жағдайға тап болған 2700-ден астам әйелді дағдарыс орталықтарына орналастырды. Олардың 716-сы уақытша баспанамен қамтылды. Айта кетерлігі, елімізде зорлық-зомбылық құрбандарын әлеуметтік оңалтуға арналған 49-ға жуық дағдарыс орталығы жұмыс істейді. БҰҰ өкілдері аймақтағы дағдарыс орталықтарының біріне арнайы барып, тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандарымен тілдесті.

Микаэла Фриберг- стори — қазақстандағы бұұ-ның тұрақты үйлестіруші :
«COVID-19 пандемиясы кезінде бүкіл әлемде тұрмыстық зорлық-зомбылық жағдайларының саны артты. Бұл өте маңызды мәселе. Біз БҰҰ өкілі ретінде осы мәселені шешудің жолдарын қарастырамыз».
Ел Президенті Қасым-Жомарт ТОҚАЕВ халыққа жолдауында: «Қоғамдағы зорлық-зомбылық деңгейін төмендету үшін жүйелі шаралар қабылдау керек» деді. Осы ретте құзырлы органдар аталған тәртіп бұзушылыққа қатысты жазаны қатаңдатамыз деп отыр. Бір қызығы, елімізде тұрмыстық зорлық-зомбылық тіпті қылмыс болып саналмайды.

Tags: Turkistanzaman.kzӘрбір сегізінші әйел тұрмыстық зорлық-зомбылықтың құрбаны
Алдыңғы жаңалық

Таза суға тарыққандар

Келесі жаңалық

«Жасыл Түркістан» мақсаты – қаланы жасыл желекке айналдыру

Ұқсас жаңалықтар

Ынтымақ пен Бірлік – Қоғамның Берік Тұғыры
Басты жаңалықтар

Ынтымақ пен Бірлік – Қоғамның Берік Тұғыры

5 сентября, 2025
Бірлік – Қазақстанның басты байлығы
Басты жаңалықтар

Бірлік – Қазақстанның басты байлығы

4 сентября, 2025
САРЫАҒАШ АУДАНЫНДА «КЕЛЕШЕК МЕКТЕПТЕРІ» ҰЛТТЫҚ ЖОБАСЫ АЯСЫНДА ЕКІ ЖАҢА МЕКТЕП АШЫЛДЫ
Басты жаңалықтар

САРЫАҒАШ АУДАНЫНДА «КЕЛЕШЕК МЕКТЕПТЕРІ» ҰЛТТЫҚ ЖОБАСЫ АЯСЫНДА ЕКІ ЖАҢА МЕКТЕП АШЫЛДЫ

1 сентября, 2025
Бірлік пен келісім – тұрақты дамудың негізі
Басты жаңалықтар

Бірлік пен келісім – тұрақты дамудың негізі

29 августа, 2025

ЖАҢАЛЫҚТАР ТІЗБЕГІ

11 октября, 2025

11 октября, 2025

11 октября, 2025

11 октября, 2025

ТҮЛКІБАСТА ҚҰС ЕТІ ӨНДІРЕТІН ФАБРИКАНЫҢ ІРГЕТАСЫ ҚАЛАНДЫ

10 октября, 2025

ТҮРКІСТАНДА «АҚ БИДАЙ» АУЫЛ СПОРТЫ ОЙЫНДАРЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗДАРЫ МАРАПАТТАЛДЫ

10 октября, 2025

ТҮЛКІБАСТА RC COLA БРЕНДІМЕН «BEIBARS BOTTLERS» СУСЫН ӨНДІРЕТІН ЗАМАНАУИ ЗАУЫТ ІСКЕ ҚОСЫЛДЫ

10 октября, 2025

ДЕПУТАТТАР АРАСЫНДАҒЫ ОБЛЫС БІРІНШІЛІГІ ӨТТІ

10 октября, 2025

ТҮРКІСТАН МУЗЫКАЛЫҚ-ДРАМА ТЕАТРЫНЫҢ V МАУСЫМЫ «БЕКЗАТ» ҚОЙЫЛЫМЫМЕН АШЫЛДЫ

10 октября, 2025
Келесі жаңалық
«Жасыл Түркістан» мақсаты – қаланы жасыл желекке айналдыру

«Жасыл Түркістан» мақсаты – қаланы жасыл желекке айналдыру

  • РЕДАКЦИЯНЫҢ МЕКЕНЖАЙЫ:
  • 161200, Түркістан қаласы
  • E-mail: info@saqnews.kz, 
  • www.saqnews.kz
  • Техникалық қолдау: 77025700309

Құпиялылық саясат

Басты жаңалықтар

ТҮЛКІБАСТА RC COLA БРЕНДІМЕН «BEIBARS BOTTLERS» СУСЫН ӨНДІРЕТІН ЗАМАНАУИ ЗАУЫТ ІСКЕ ҚОСЫЛДЫ

ТҮЛКІБАСТА RC COLA БРЕНДІМЕН «BEIBARS BOTTLERS» СУСЫН ӨНДІРЕТІН ЗАМАНАУИ ЗАУЫТ ІСКЕ ҚОСЫЛДЫ

saqnews.kz
10 октября, 2025
0

saqnews.kz
11 октября, 2025
0

Серіктестер

  • Редакция
  • Бізбен байланыс
  • Жарнама

© 2024 saqnews.kz

Іздеу нәтижесі табылмады
View All Result
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Спорт

© 2024 saqnews.kz