Іздеу нәтижесі табылмады
View All Result
Saqnews.kz
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
    • Аймақ
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Экономика
  • Спорт
  • Әлеумет
    • Білім
    • Денсаулық
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
    • Аймақ
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Экономика
  • Спорт
  • Әлеумет
    • Білім
    • Денсаулық
Іздеу нәтижесі табылмады
View All Result
Saqnews.kz
Іздеу нәтижесі табылмады
View All Result
Басты бет Өзекті мәселе

Шығынға батқан шаруалар

Шығынға батқан шаруалар
30 апреля, 2022
in Өзекті мәселе
0
0
SHARES
15
VIEWS

Шымкенттік 160-қа жуық шаруақожалық ағын судың азабын тартып, шығынға батудың алдында тұр. Даурыққан диқандар Еңбекші ауданының аумағында құлпынай, жүгері, жоңышқа, картоп пен басқа да көкөніс түрін еккен. Алайда егістікті сумен қамтып келген «Көк» каналының жөндеу жұмыстары созбалаңға салынып, тіршілік нәрінен тарығып қалдық, — дейді.

Шаруа Камилбай Ергешов талай жылдан бері егіншілікпен айналысады. Биыл өзіне тиесілі 8 гектар алқапқа жоңышқаның тұқымын сеуіп, жеміс көшеттерін де еккен екен. Ол үшін барлығы 2,5 миллион теңгедей қаржы жұмсапты. Шаруа жауаптылардың «Ағын суды жеткізіп береміз» — деген жалған уәдесіне сеніп қалдым дейді. Енді қара жерге себілген дән көктемей жатып, күйіп кетті деп отыр.

Камилбай Ергешов – диқан:
«Осындай ахуалдамыз біз. Күйіп отырмыз. Не айтарымды білмеймін. Адамдарды жинап алдын-ала айтқандарында мұндай шығынға жол бермеген болар едік. Ұрығымыз тұратын еді. Тракторды әкеліп, істетпеген болатын едік. Қаншадан — қанша қаражатқа күйіп отырмыз».

Сондай-ақ шаруа қожалығына тиісілі құлпынай алқабының да табаны кеуіп тұр. Диқандар, көпжылдың көшеттің тамырын сақтап қалу үшін техника жалдап, жаңбырлатып суғаруға көшкен. Жылына екі гектар алқаптан 10 тоннадай өнім жинап келген шаруалар шығынға шаш етектен баттық, — дейді.

Муталхан Сапарбаев – диқан:
«Базарға алып шыққанда шеттен келетін құлпынайларға ұқсап қымбат болмайтын еді біздікі арзан болатын еді. Халқымыз, еліміз біздің құлпынайды жер еді. Өзіміздің табиғи құлпынайды. Қатып қалды. Уже өспейді. Болды. Уақыты өтіп кетті мұның».

Ал қалалық жайлы ортаны дамыту басқармасының мамандары құрылысты мойнына алған мердігер компанияны кінәләйды. Өйткені өткен жылы «Көк» каналының күрделі жөндеу жұмыстарына бюджеттен 317 млн теңге бөлінген екен. Кестеден кешіккендерге бірнеше рет айыппұл салып, жұмысты жеделдетуді тапсырыпты.

Нұрсұлтан Кенжебаев, қалалық жайлы ортаны дамыту басқармасы басшысының орынбасары:
«Көктемдегі жауын-шашынның салдарынан жұмыс жүргізу қиын болуына байланысты тоқтаған. Бірінші мамырдан бастап толық суды жібереміз «Көк» каналы бойынша. Оның ескі русласы бар. Әлі бұзылмаған жері бар. Сонымен шаруаларға суды жеткізуді жоспарлап отырмыз».

Шаруалар бірінші мамырда суды жеткізіп береміз деп уәде еткен басқарманың мәлімдемесіне күмәнмен қарайды. Өйткені тиісті жұмыстың бестен бір бөлігі ғана жүргізіліпті. Осы үшін фермерлер кеткен шығынды өндіріп алу үшін құзырлы органға арызданып, министрлікке ашық хат жолдауға қамданып отыр.

Tags: Turkistanzaman.kzШығынға батқан шаруалар
Алдыңғы жаңалық

БҚО-да тасқыннан келген шығын 1 млрд 600 млн теңгеге бағаланды

Келесі жаңалық

Алма бауы арқылы мемлекетке 52 млн теңге шығын келтірген кәсіпкер ұсталды

Ұқсас жаңалықтар

ЖАЛҒАН АҚПАРАТТАР ЕЛ ІШІНДЕГІ ТҰРАҚТЫЛЫҚ ПЕН ҚОҒАМДЫҚ СЕНІМГЕ ҮЛКЕН ҚАУІП ТӨНДІРУДЕ
Басты жаңалықтар

ЖАЛҒАН АҚПАРАТТАР ЕЛ ІШІНДЕГІ ТҰРАҚТЫЛЫҚ ПЕН ҚОҒАМДЫҚ СЕНІМГЕ ҮЛКЕН ҚАУІП ТӨНДІРУДЕ

4 июня, 2025
ТҮРКІСТАН: МАЛ АЗЫҒЫН ДАЯРЛАУ ЖҰМЫСЫ ЖӘНЕ АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ ЗИЯНКЕСТЕРІНЕ ҚАРСЫ КҮРЕС ЖАЛҒАСУДА
Басты жаңалықтар

ТҮРКІСТАН: МАЛ АЗЫҒЫН ДАЯРЛАУ ЖҰМЫСЫ ЖӘНЕ АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ ЗИЯНКЕСТЕРІНЕ ҚАРСЫ КҮРЕС ЖАЛҒАСУДА

2 июня, 2025
ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА 1 МЫҢ ШАҚЫРЫМНАН АСТАМ ЖОЛ МЕН КӨШЕДЕ ҚҰРЫЛЫС-ЖӨНДЕУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРІП ЖАТЫР
Басты жаңалықтар

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА 1 МЫҢ ШАҚЫРЫМНАН АСТАМ ЖОЛ МЕН КӨШЕДЕ ҚҰРЫЛЫС-ЖӨНДЕУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРІП ЖАТЫР

2 июня, 2025
N16 КОЛЛЕДЖІНДЕ “ТӘРТІП ТӘН ҮШІН, ЫНТЫМАҚ ЖАН ҮШІН КЕРЕК” АТТЫ КЕЗДЕСУ ӨТТІ
Басты жаңалықтар

N16 КОЛЛЕДЖІНДЕ “ТӘРТІП ТӘН ҮШІН, ЫНТЫМАҚ ЖАН ҮШІН КЕРЕК” АТТЫ КЕЗДЕСУ ӨТТІ

2 июня, 2025

ЖАҢАЛЫҚТАР ТІЗБЕГІ

ТҮРКІСТАНДА АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫНА АРНАЛҒАН ДРОНДАР ШЫҒАРЫЛАДЫ

2 июля, 2025

ТҮРКІСТАНДА ИНФРАҚҰРЫЛЫМ ЖӘНЕ КӘРІЗ ЖҮЙЕСІМЕН ҚАМТУ КӨРСЕТКІШТЕРІ ЖОҒАРЫЛАП КЕЛЕДІ

2 июля, 2025

АУЫЛДАРДЫ ДАМЫТУ БОЙЫНША ЖАУАПТЫ МЕКЕМЕЛЕРДІҢ ЖҰМЫСЫН ЖАНДАНДЫРУ ЖОЛДАРЫ ТАЛҚЫЛАНДЫ

2 июля, 2025

АӨК ЖАЛПЫ ӨНІМ ӨНДІРУ ЖӘНЕ ИНВЕСТИЦИЯ ТАРТУ БОЙЫНША 6 АЙДЫҢ ҚОРЫТЫНДЫСЫ САРАЛАНДЫ

2 июля, 2025

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМДІГІ WOOSONG UNIVERSITY KAZAKHSTAN ОҚУ ОРДАСЫНА 100 ГРАНТ БӨЛДІ

2 июля, 2025

ТҮЛКІБАСТЫҚ ШАРУА МАЛ АЗЫҒЫНЫҢ ЖАҢА ТҮРІН ӨСІРУДІ ҚОЛҒА АЛҒАН

2 июля, 2025

ТҮРКІСТАНДА ЖАҢА КӘСІПОРЫНДАР АШУ БОЙЫНША МЕМОРАНДУМ ЖАСАЛДЫ

1 июля, 2025

ТҮРКІСТАНДА «ҮКІЛІ ДОМБЫРА» БАЙҚАУЫ ӨТТІ

1 июля, 2025

ТҮРКІСТАННЫҢ ТУРИСТІК ӘЛЕУЕТІН КӨТЕРЕТІН ЖАҢА НЫСАНДАРДЫҢ ЖОБАСЫ ҚАРАЛДЫ

1 июля, 2025
Келесі жаңалық
Алма бауы арқылы мемлекетке 52 млн теңге  шығын келтірген кәсіпкер ұсталды

Алма бауы арқылы мемлекетке 52 млн теңге шығын келтірген кәсіпкер ұсталды

  • РЕДАКЦИЯНЫҢ МЕКЕНЖАЙЫ:
  • 161200, Түркістан қаласы
  • E-mail: info@saqnews.kz, 
  • www.saqnews.kz
  • Техникалық қолдау: 77025700309

Құпиялылық саясат

Басты жаңалықтар

ТҮРКІСТАНДА ЕЛІМІЗ ҮШІН ИМПОРТТЫ АЗАЙТЫП, ЭКСПОРТ КӨЛЕМІН АРТТЫРУ БАҒЫТЫНДА ЖОБАЛАР ЖҮЗЕГЕ АСЫРЫЛАТЫН БОЛАДЫ

ТҮРКІСТАНДА ЕЛІМІЗ ҮШІН ИМПОРТТЫ АЗАЙТЫП, ЭКСПОРТ КӨЛЕМІН АРТТЫРУ БАҒЫТЫНДА ЖОБАЛАР ЖҮЗЕГЕ АСЫРЫЛАТЫН БОЛАДЫ

saqnews.kz
1 июля, 2025
0

ТҮРКІСТАНДА МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТШІЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛДІ

ТҮРКІСТАНДА МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТШІЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛДІ

saqnews.kz
24 июня, 2025
0

Серіктестер

  • Редакция
  • Бізбен байланыс
  • Жарнама

© 2024 saqnews.kz

Іздеу нәтижесі табылмады
View All Result
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Спорт

© 2024 saqnews.kz