4 қараша 2026, сәрсенбі 🌧️ Түркістан +11°C
  • USD 453,26
  • EUR 506,70
  • CNY 67,93
  • RUB 5,58
Жедел
СОТ ӘДІЛДІГІ – ҚҰҚЫҚТЫҚ МЕМЛЕКЕТТІҢ ТІРЕГІ ЕҢБЕКТЕГІ ӘДІЛДІК – ҚОҒАМДЫҚ ДАМУДЫҢ НЕГІЗІ Казахстан занял шестое место в мире по восстановлению пресных водоёмов Казахстан восстанавливает водоёмы от Арала до Каспия Жетісуда Президент Жолдауындағы міндеттер мен өңірдің өзекті мәселелері талқыланды Депутаты Курултая встречаются с жителями Карагандинской области для разъяснения Послания Цифрландыру және ЖИ: AI және білім беру Арман Қырықбаев шығармашыл жастармен Мемлекет басшысының Жолдауы мен жастар саясатының басым бағыттарын талқылады
Cаясат

Максим Рожин: Қазақстанда орыс тіліне қысым көрсетіп жатыр деген пікір ақылға қонымсыз

Қазақстанда әр ұлттың өз тілін үйренуіне барлық жағдай жасалған. Бұл туралы Қазақстан халқы Ассамблеясының сессиясында Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамының вице-президенті Максим Рожин айтты. Айтуынша «Қазақстанда орыс тіліне қысым көрсетіліп жатыр» деген пікір ақылға қонымсыз. Ол өз сөзінде «Мен шетелдік саясаткерлердің Қазақстанда орыс тіліне және өзге де тілдерге қатысты үрей бар деген уәждерін наразылықпен қабылдаймын. Тегі орыс қазақстандық ретінде ондай репликаларға жол жоқ деп есептеймін. Бұл еліміздегі шынайы көріністі бұрмалап көрсету екеніне сенімдімін»,- деді. Сондай-ақ, ол халықтың мемлекеттік тілге бет бұрғанын, осы тенденциядан мемлекеттік қызметшілер де қалыспауы керектігін атап өтті.

Максим Рожин – Халықаралық «қазақ тілі» қоғамының вице-президенті:
«Бүгінде елімізде мемлекет тарапынан кез келген этносқа өзінің тілін, өзінің мәдениетін білуге барлық жағдайлар жасалған. Оның бір дәлелі, елімізде орыс, өзбек, ағылшын, неміс тілінде жұмыс істейтін орта мектептер бар. Әлемде мемлекеттік бюджет қаржысынан балаларды туған тілінде оқытуға ақша бөлетін елдер саусақпен санарлық шығар. Менің ойымша, Қазақстан – сондай мемлекеттердің бірі. Оған біздегі орыс тілінде, ағылшын тілінде, неміс, өзбек тілдерінде білім беретін мектептер мысал бола алады».

Пікір қалдыру

Your email address will not be published. Required fields are marked *