4 қараша 2026, сәрсенбі ⛅ Түркістан +11°C
  • USD 452,91
  • EUR 509,43
  • CNY 67,87
  • RUB 5,53
Жедел
СОТ ӘДІЛДІГІ – ҚҰҚЫҚТЫҚ МЕМЛЕКЕТТІҢ ТІРЕГІ ЕҢБЕКТЕГІ ӘДІЛДІК – ҚОҒАМДЫҚ ДАМУДЫҢ НЕГІЗІ Казахстан занял шестое место в мире по восстановлению пресных водоёмов Казахстан восстанавливает водоёмы от Арала до Каспия Жетісуда Президент Жолдауындағы міндеттер мен өңірдің өзекті мәселелері талқыланды Депутаты Курултая встречаются с жителями Карагандинской области для разъяснения Послания Цифрландыру және ЖИ: AI және білім беру Арман Қырықбаев шығармашыл жастармен Мемлекет басшысының Жолдауы мен жастар саясатының басым бағыттарын талқылады
Денсаулық

Қазақстандағы биологиялық зертханалар немен айналысатыны белгілі болды

Елімізде аса қауіпті инфекциялардың ошақтары таралған. Оба 10 облыстың аумағында, туляремия 12, геморрагиялық қызбалар 4 облыстың және Шымкент қаласының аумағында бар екен. Осы бір қауіпті індеттердің алдын алу үшін биологиялық қауіпсіздік туралы заң қабылданбақ. Tліміздің бас дәрігері Ажар Ғинияттың айтуынша, заң жобасы бойынша биологиялық қатерге қарсы іс-қимылдың тиімді жүйесін бірқатар бағыт аясында құру жоспарлануда. Осы бойынша білікті кадрлар әзірленбек. Қауіпті індет ошақтарында жұмыс істейтін мамандардың еңбекақы артып, арнайы жәрдемақылар белгіленеді.

Ажар Ғиният – ҚР Денсаулық сақтау министрі:
«Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша Қазақстанда алғаш рет «ҚР биологиялық қауіпсіздігі туралы» заң жобасы мен «ҚР кейбір заңнамалық актілеріне биологиялық қауіпсіздік мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» ілеспе Заң жобасы әзірленді. Заң жобаларын әзірлеуді Денсаулық сақтау министрлігі, 13 мүдделі мемлекеттік орган, жергілікті атқарушы органдар мен ғылыми-практикалық ұйымдарының, сондай-ақ кәсіпкерлік өкілдерінің белсенді қатысуымен жүзеге асырылды»

Пікір қалдыру

Your email address will not be published. Required fields are marked *