4 қараша 2026, сәрсенбі 🌧️ Түркістан +11°C
  • USD 453,26
  • EUR 506,70
  • CNY 67,93
  • RUB 5,58
Жедел
СОТ ӘДІЛДІГІ – ҚҰҚЫҚТЫҚ МЕМЛЕКЕТТІҢ ТІРЕГІ ЕҢБЕКТЕГІ ӘДІЛДІК – ҚОҒАМДЫҚ ДАМУДЫҢ НЕГІЗІ Казахстан занял шестое место в мире по восстановлению пресных водоёмов Казахстан восстанавливает водоёмы от Арала до Каспия Жетісуда Президент Жолдауындағы міндеттер мен өңірдің өзекті мәселелері талқыланды Депутаты Курултая встречаются с жителями Карагандинской области для разъяснения Послания Цифрландыру және ЖИ: AI және білім беру Арман Қырықбаев шығармашыл жастармен Мемлекет басшысының Жолдауы мен жастар саясатының басым бағыттарын талқылады
Cаясат

Елбасы мәртебесі алынбақ

Елбасының құқықтары туралы заң күшін жоюы мүмкін. Бұл туралы Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов мәлімдеді. Оның айтуынша, Тұңғыш Президенттің мемлекет негізін қалаушы деген тарихи рөлі ғана сақталады. Ал, жаңа Конституция қашан қабылданатыны әзірге белгісіз. Референдум бола ма әлде Парламент арқылы өте ме, алдағы күндердің еншісінде.

Ерлан Қошанов – ҚР Парламенті мәжілісінің төрағасы:
«Мемлекеттің негізін қалаушы деген ол Конституцияда ол бар бүгінде. Ол норма сақталып қалды шамалы нақтыланды. Ол жерден Елбасы деген сөз алынып тасталды. Одан кейін Конституциялық заң бірінші Президент туралы. Ол да күшін жояды деп күтілуде».

Сондай ақ, Қошанов қаржылық пирамидаға қатысты пікір білдірді. Нақтыласақ, алаяқтық ұйымдарды жарнамалайтын, вайнерлер мен әртістерді қылмыстық жауапкершілікке тарту қарастырылуда. Мұндай оқиғалар әсіресе аймақтарда жиі орын алады деген мәжіліс төрағасы аталған заң жақын арада жүзеге асатынын мәлімдеді. Еске салсақ, 10 ақпанда белгілі вайнерлер Мейіржан Төребаев, Әзімхан Саидбаев пен Мейірхан Шерниязовты қаржылық пирамидаға қатысы бар деп айыпталған еді.

Пікір қалдыру

Your email address will not be published. Required fields are marked *