4 қараша 2026, сәрсенбі ⛅ Түркістан +12°C
  • USD 453,26
  • EUR 506,70
  • CNY 67,93
  • RUB 5,58
Жедел
СОТ ӘДІЛДІГІ – ҚҰҚЫҚТЫҚ МЕМЛЕКЕТТІҢ ТІРЕГІ ЕҢБЕКТЕГІ ӘДІЛДІК – ҚОҒАМДЫҚ ДАМУДЫҢ НЕГІЗІ Казахстан занял шестое место в мире по восстановлению пресных водоёмов Казахстан восстанавливает водоёмы от Арала до Каспия Жетісуда Президент Жолдауындағы міндеттер мен өңірдің өзекті мәселелері талқыланды Депутаты Курултая встречаются с жителями Карагандинской области для разъяснения Послания Цифрландыру және ЖИ: AI және білім беру Арман Қырықбаев шығармашыл жастармен Мемлекет басшысының Жолдауы мен жастар саясатының басым бағыттарын талқылады
Әлем

Лавров сес көрсетті

Әлем үшінші дүниежүзілік, яғни, ядролық соғыстың алдында тұр. Осылай деген Ресей Сыртқы Істер Министрі Сергей Лавров Украина және Батыс елдеріне кінә артып, сес көрсетті. Лавровтың айтуынша, Украина және оның артында тұрған Батыс елдері бейбіт келіссөздердің жүруіне кедергі келтіріп жатыр. Ал, АҚШ өзінің ықпалын пайдаланып, диалог жүргізуге септігін тигізудің орнына Украинаға сансыз қару-жарақ пен әскери техника жіберуде. Бұл соғыстың ұзаққа созылуына әкеліп соғады дейді Ресей сыртқы саяси ведомствоның басшысы. Ресми Киев болса, Лавров мәлімдемесіне жауап беріп үлгерді. Украина билігі Одесса және өзге қалалардағы тұрғын үйлерге жасалған шабуыл Ресейдің екіжүзділігін көрсетеді дейді.

Сергей Лавров – Ресей Сыртқы істер министрі:
«Біз барлығымыз Украинаның позициясы Вашингтон немесе Лондонда анықталатынын көріп отырмыз. Сондықтан, біздің саясаттанушыларымыз Зеленскийдің тобын қайтеміз, америкалықтармен сөйлесу керек дейді. Бірақ, біз Зеленский өкілдерімен әлі де сөйлесіп келеміз. Дегенмен, ілгері жылжу жоқ. Тіпті, жағдай ушығып, ядролық соғысқа әкелуі ғажап емес».

Пікір қалдыру

Your email address will not be published. Required fields are marked *