Іздеу нәтижесі табылмады
View All Result
Saqnews.kz
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
    • Аймақ
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Экономика
  • Спорт
  • Әлеумет
    • Білім
    • Денсаулық
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
    • Аймақ
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Экономика
  • Спорт
  • Әлеумет
    • Білім
    • Денсаулық
Іздеу нәтижесі табылмады
View All Result
Saqnews.kz
Іздеу нәтижесі табылмады
View All Result
Басты бет Өзекті мәселе

Кезекті заңсыз жылжытқан: Шенеуніктер 7-20-25 бағдарламасымен арзан үйлерді алуға тырысқан

Кезекті заңсыз жылжытқан: Шенеуніктер 7-20-25 бағдарламасымен арзан үйлерді алуға тырысқан

New dwelling house view on blue sky

25 апреля, 2022
in Билік, Әлеумет, Өзекті мәселе
0
0
SHARES
29
VIEWS

Шымкентте арзан пәтер алуға өтініш бергендер тізімінде әкімдер мен туыстары жүр. Баспана-кз сайтына жарияланған тізім лезде әлеуметтік желіге тарап, қоғамның ашу ызасын туғызған. Даулы оқиғадан кейін қала әкімінің орынбасары арнайы баспасөз мәслихатын өткізуіне тура келген. Ал Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі істі бақылауына алатынын мәлімдеп, кінәлі лауазымды тұлғалар жауапқа тартылатынын жеткізді.

Нарық бағасынан әлдеқайда төмен бағада ұсынылған пәтерлерге өтінішті Отбасы банк емес, қалалық тұрғын үй басқармасы арқылы қабылданған екен. Былық осы жерден басталған дейді тұрғындар. Бірнеше күннен бері әкімдіктің табалдырығын тоздырған олар онлайн өтінішті небәрі 11 секундта тапсырған шенеуніктерді анықтаған. Жұрттың сөзінше, мұндай уақыт аралығында өтініш беріп үлгеру мүмкін емес.

Белгілі болғандай, шаршы метрі небәрі 180 мың теңге тұратын 900 пәтерді алуға 12 мыңға жуық өтініш қабылданған. Өтінішті санаулы секундта тапсырғандардың ішінде қалалық цифрландыру басқармасының басшысы Әсет Әбдірахманов пен Абай ауданының әкімі Бұқарбай Парманов бар. Сондай-ақ оның ұлы мен конкурсты өткізіп отырған тұрғын үй басқармасы басшысының әйеліде бар көрінеді. Осы шудан кейін брифинг өткізген қала әкімінің орынбасары тұрғын үй басқармасы басшысы Ғалымжан Өтенбаев қызметтен уақытша шеттетілгенін жеткізді.

Ерғали Білісбеков — Шымкент қаласы әкімінің орынбасары:
«3 жыл болды. Басқа санаттарға беріп жатырмыз ғой. Например сусынға 400-500 үй береміз, басқа санаттарға береміз. Например мемелекетте жұмыс істеп жүргендер олар да жұмыс істеп жүр ғой. Оларға үй берілмейді. Біздің мемелекетте Заңда қарастырылмаған. Бүгін ол мәселені көтеріп жатырмыз. Парламентке жаздық, министірлікке де жаздық».

Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Шымкентте 7-20-25 бағдарламасы бойынша санкцияланбанған конкурсқа қатысты істі бақылауына алатынын мәлімдеді. Қайырбек Өскенбаев кінәлі лауазымды тұлғалар жауапқа тартылады, деп уәде берді.

Қайырбек Өскенбаев — ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі:
«Бұл үйлер 7-20-25 бағдарламасы арқылы емес, «Отбасы банк» арқылы үй кезегінде тұрған жандарға беріледі. Осыған байланысты әкімдік тұрғын үйді сату үшін аталған банкпен қажетті келісім жасауы тиіс. Менің тапсырмам бойынша кінәлі лауазымды тұлғаларды жауапкершілікке тарту жөніндегі мәселе құзыретті органдармен қаралады. Нәтижелері туралы қосымша хабарланатын болады».

Айта кетейік, бүгінде аты аталған екі әкім тізімнен өзі өтініштерімен шығып кеткен. Ендігі кезеңде арнайы комиссия барлық өтінімдерді зерделеп, құжаттарды тексеретін болады. Оның құрамында БАҚ өкілдері, қоғамдық кеңес мүшелері бар. Сыбайлас жемқорлыққа жол берілмес үшін олардың аты-жөні жарияланбайды.

Tags: Turkistanzaman.kzКезекті заңсыз жылжытқан: Шенеуніктер 7-20-25 бағдарламасымен арзан үйлерді алуға тырысқан
Алдыңғы жаңалық

Су иесі кім?

Келесі жаңалық

Шымкентте жігітті әскерге күшпен "алып кеткен" полицейлердің видеосы тарады

Ұқсас жаңалықтар

ОТЫРАРДА ШІРКЕЙГЕ ҚАРСЫ ДӘРІЛЕУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛУДЕ
Басты жаңалықтар

ОТЫРАРДА ШІРКЕЙГЕ ҚАРСЫ ДӘРІЛЕУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛУДЕ

23 апреля, 2025
Үкіметтік жұмыс тобы жер сілкінісі болған Жамбыл облысына жіберілді
Аймақ

Үкіметтік жұмыс тобы жер сілкінісі болған Жамбыл облысына жіберілді

28 марта, 2025
Сайрам ауданында жүк көліктерінің салмағын өлшейтін таразылар орнатылады
Аймақ

Сайрам ауданында жүк көліктерінің салмағын өлшейтін таразылар орнатылады

18 марта, 2025
Төлебиде 120 пәтерлі үй пайдалануға берілді
Аймақ

Төлебиде 120 пәтерлі үй пайдалануға берілді

18 марта, 2025

ЖАҢАЛЫҚТАР ТІЗБЕГІ

ТҮРКІСТАН: ПРЕЗИДЕНТТІК ЖАСТАР КАДР РЕЗЕРВІНЕ ҮМІТКЕРЛЕРДІ ҚАБЫЛДАУ БАСТАЛДЫ

20 мая, 2025

ТҮРКІСТАН: АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҚ САЛАСЫНЫҢ ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕРІ САРАЛАНДЫ

20 мая, 2025

ТҮРКІСТАН: ЖАҢА ЖОБАЛАР МАҚҰЛДАНДЫ

20 мая, 2025

ТҮРКІСТАН: ӨРТТІҢ АЛДЫН АЛУ ЖӘНЕ СУҒА ШОМЫЛУ ҚАУІПСІЗДІГІН САҚТАУ БАҒЫТЫНДАҒЫ ЖҰМЫСТАР ТАЛҚЫЛАНДЫ

20 мая, 2025

КОЛЛЕДЖ ТЫНЫСЫ ФИЗИКА ЖӘНЕ МАТЕМАТИКА ПӘНДЕРІ БОЙЫНША ОБЛЫСТЫҚ ОЛИМПИАДА ӨЗ МӘРЕСІНЕ ЖЕТТІ

19 мая, 2025

КОЛЛЕДЖ ТЫНЫСЫ СҮЙІНШІ ЖАҢАЛЫҚ!

19 мая, 2025

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ: ЖАЗҒЫ МАУСЫМДА 41 МЫҢНАН АСТАМ БАЛА ЛАГЕРЬМЕН ҚАМТЫЛАДЫ

19 мая, 2025

ТҮРКІСТАН: СЫРДАРИЯ ӨЗЕНІ АУМАҒЫНА 111 ТОННАДАН АСТАМ БИОПРЕПАРАТ ҚҰЙЫЛДЫ

19 мая, 2025

Аудан әкімі Арман Қарсыбаев өнер майталманы Гүлшат Тутованы қабылдады

19 мая, 2025
Келесі жаңалық
Шымкентте жігітті әскерге күшпен «алып кеткен» полицейлердің видеосы тарады

Шымкентте жігітті әскерге күшпен "алып кеткен" полицейлердің видеосы тарады

  • РЕДАКЦИЯНЫҢ МЕКЕНЖАЙЫ:
  • 161200, Түркістан қаласы
  • E-mail: info@saqnews.kz, 
  • www.saqnews.kz
  • Техникалық қолдау: 77025700309

Құпиялылық саясат

Басты жаңалықтар

Президенттік кадр резервіне іріктеу басталады

16 августа, 2021
0

ТҮРКІСТАН: СОЗАҚТА ҒЫЛЫМИ-ТӘЖІРИБЕЛІК КОНФЕРЕНЦИЯ ӨТТІ

ТҮРКІСТАН: СОЗАҚТА ҒЫЛЫМИ-ТӘЖІРИБЕЛІК КОНФЕРЕНЦИЯ ӨТТІ

saqnews.kz
19 мая, 2025
0

Серіктестер

  • Редакция
  • Бізбен байланыс
  • Жарнама

© 2024 saqnews.kz

Іздеу нәтижесі табылмады
View All Result
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Спорт

© 2024 saqnews.kz