4 қараша 2026, сәрсенбі 🌧️ Түркістан +11°C
  • USD 453,26
  • EUR 506,70
  • CNY 67,93
  • RUB 5,58
Жедел
СОТ ӘДІЛДІГІ – ҚҰҚЫҚТЫҚ МЕМЛЕКЕТТІҢ ТІРЕГІ ЕҢБЕКТЕГІ ӘДІЛДІК – ҚОҒАМДЫҚ ДАМУДЫҢ НЕГІЗІ Казахстан занял шестое место в мире по восстановлению пресных водоёмов Казахстан восстанавливает водоёмы от Арала до Каспия Жетісуда Президент Жолдауындағы міндеттер мен өңірдің өзекті мәселелері талқыланды Депутаты Курултая встречаются с жителями Карагандинской области для разъяснения Послания Цифрландыру және ЖИ: AI және білім беру Арман Қырықбаев шығармашыл жастармен Мемлекет басшысының Жолдауы мен жастар саясатының басым бағыттарын талқылады
Cаясат

Нұрлан Мәсімовке іздеу жарияланды

Кәрім Мәсімовтың інісі Нұрлан Мәсімовке іздеу жарияланды. Бұл туралы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігі хабарлады. Павлодар полиция департаментінің экс-бастығы болған ол аса ірі мөлшерде пара алды деген күдікке ілінген. Еске салсақ, 2022 жылдың қаңтарында 48 жастағы Нұрлан Мәсімов Павлодар облысы Полиция департаментінің бастығы қызметінен босатылған еді. Ол департаментті 2019 жылдың қарашасынан бері басқарған. Ал Нұрлан Мәсімовтің орнына Қазақстан премьер-министрінің бірінші орынбасары Роман Склярдың інісі Василий Скляр тағайындалған болатын.

Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі:
«Қазіргі уақытта Нұрлан Мәсімовке іздеу жарияланды, іс бойынша оның орналасқан жерін анықтау бойынша қажетті жедел-іздестіру іс-шаралары және істің барлық мән-жайларын анықтауға бағытталған басқа да тергеу іс-әрекеттері жүргізілуде. Тергеу нәтижелері бойынша тиісті іс жүргізу шешімі қабылданатын болады».

Пікір қалдыру

Your email address will not be published. Required fields are marked *