4 қараша 2026, сәрсенбі ⛅ Түркістан +12°C
  • USD 453,26
  • EUR 506,70
  • CNY 67,93
  • RUB 5,58
Жедел
СОТ ӘДІЛДІГІ – ҚҰҚЫҚТЫҚ МЕМЛЕКЕТТІҢ ТІРЕГІ ЕҢБЕКТЕГІ ӘДІЛДІК – ҚОҒАМДЫҚ ДАМУДЫҢ НЕГІЗІ Казахстан занял шестое место в мире по восстановлению пресных водоёмов Казахстан восстанавливает водоёмы от Арала до Каспия Жетісуда Президент Жолдауындағы міндеттер мен өңірдің өзекті мәселелері талқыланды Депутаты Курултая встречаются с жителями Карагандинской области для разъяснения Послания Цифрландыру және ЖИ: AI және білім беру Арман Қырықбаев шығармашыл жастармен Мемлекет басшысының Жолдауы мен жастар саясатының басым бағыттарын талқылады
Басты жаңалықтар

Шағын және орта бизнеске қойылатын талап өзгереді

Еліміздегі кәсіпкерлер саны 5 млнға жетпек. Бұл шағын және орта кәсіпкерлікті дамытудың 2030 жылға арналған стратегиясы. Үкімет отырысында Премьер-министр Әлихан Смайылов осындай дерек келтірді. Кейінгі алты жылда жалпы ішкі өнімдегі шағын және орта бизнестің үлесі шамамен 8 процентке өскен. Өнім өндіру 2 есе ұлғайды. Бизнес нысандарының жалпы саны 1 миллион 400 мыңға жетті. Енді осы кәсіпкерлікті реттейтін жүйе мен шектен тыс әкімшілік жүктеме азайтылмақ.

Әлихан Смайылов – ҚР Премьер-министрі:
«Мемлекет басшысының тапсырмасын іске асыру үшін 2030 жылға дейінгі шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту тұжырымдамасы әзірленді. Бұл құжатқа сәйкес, шағын және орта бизнестің дамуына жаңа серпін беру үшін қажетті институционалдық жағдайлар мен алғышарттар қабылданатын болады. Тұжырымдаманы іске асыру 2030 жылға қарай осы салада жұмыс істейтіндердің санын 5 млн адамға дейін ұлғайтуды қамтамасыз етеді. Сондай-ақ 2030 жылға қарай жалпы ішкі өнімдегі ШОБ үлесін 40%-ке, жалпы ішкі өнімдегі орташа компаниялардың үлесін 20%-ке дейін арттыруға мүмкіндік береді. Азаматтарға кәсіпкерлік қабілеттерін іске асыруға тиісті жағдай жасап, ашық әрі адал бизнес жүргізгенде ғана аталған мақсаттарға қол жеткізу мүмкін болады».

Пікір қалдыру

Your email address will not be published. Required fields are marked *