5 қараша 2026, бейсенбі ☀️ Түркістан +9°C
  • USD 452,91
  • EUR 509,43
  • CNY 67,87
  • RUB 5,53
Жедел
СОТ ӘДІЛДІГІ – ҚҰҚЫҚТЫҚ МЕМЛЕКЕТТІҢ ТІРЕГІ ЕҢБЕКТЕГІ ӘДІЛДІК – ҚОҒАМДЫҚ ДАМУДЫҢ НЕГІЗІ Казахстан занял шестое место в мире по восстановлению пресных водоёмов Казахстан восстанавливает водоёмы от Арала до Каспия Жетісуда Президент Жолдауындағы міндеттер мен өңірдің өзекті мәселелері талқыланды Депутаты Курултая встречаются с жителями Карагандинской области для разъяснения Послания Цифрландыру және ЖИ: AI және білім беру Арман Қырықбаев шығармашыл жастармен Мемлекет басшысының Жолдауы мен жастар саясатының басым бағыттарын талқылады
Денсаулық

Пандемия кезінде жұртты алдаған облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы мен сыбайластары сотталды

Коронавирус өршіп тұрған кезде бюджеттің қаржысын талан- таражға салған Көкшетаудың денсаулық сақтау басқармасының басшысы мен сыбайластарына қатысты сот үкімі шықты. Сулен Жеңісұлы мен «Авиценна» медицина орталығының жетекшісі 8 жылға сотталды. Екеуі пандемия күшейген шақта медициналық төсек пен жасанды тыныс алу аппараттарын сатып алған. Кейін белгілі болғандай барлық техника ескі, кепілдігі жоқ және қажетті талаптарға мүлдем сай болмаған. Сондай-ақ, оның бағасын тым қымбаттатып көрсеткен. Осылайша мемлекетке 100 миллион теңгеден астам шығын келтірген. Бұл іс бойынша облыстық Туберкулезге қарсы диспансердің бұрынғы бас дәрігері де айыпталған болатын. Ол амнистияға байланысты қылмыстық жауапкершіліктен босатылды. Ал бұл іс бойынша кінәлілер жазасын орташа режимдегі колонияда өтейді.

Әтімбек Жұмабеков – Сот төрағасы:
«Сот үкімімен: Ильясов Сулен Жеңісұлы ҚК-нің 189-бабының 4-бөлігінің 2-тармағында көзделген қылмысты жасағаны үшін кінәлі деп танылып. Осы бап бойынша сегіз жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалсын. Сотталған Молдантаева мен Ильясовқа қатысты таңдалған бұлтартпау шарасы үйқамақ түрінде өзгертілсін. Оларды сот залында дереу қамауға алыңыз»

Пікір қалдыру

Your email address will not be published. Required fields are marked *