4 қараша 2026, сәрсенбі 🌧️ Түркістан +11°C
  • USD 453,26
  • EUR 506,70
  • CNY 67,93
  • RUB 5,58
Жедел
СОТ ӘДІЛДІГІ – ҚҰҚЫҚТЫҚ МЕМЛЕКЕТТІҢ ТІРЕГІ ЕҢБЕКТЕГІ ӘДІЛДІК – ҚОҒАМДЫҚ ДАМУДЫҢ НЕГІЗІ Казахстан занял шестое место в мире по восстановлению пресных водоёмов Казахстан восстанавливает водоёмы от Арала до Каспия Жетісуда Президент Жолдауындағы міндеттер мен өңірдің өзекті мәселелері талқыланды Депутаты Курултая встречаются с жителями Карагандинской области для разъяснения Послания Цифрландыру және ЖИ: AI және білім беру Арман Қырықбаев шығармашыл жастармен Мемлекет басшысының Жолдауы мен жастар саясатының басым бағыттарын талқылады
Әлеумет

Қазығұрттағы кесене дауы – экс-судья көптің сынына жауап берді

Шымкенттің бұрынғы соты әйелі екеуіне арнап кесене салдырған. Көзі тірі адамға мазар тұрғызған судья туралы ақпарат әлеуметтік желіде кең тарады. Шенеунік хан сарайындай бейітті елден жымқырған ақшаға тұрғызған болар деп топшылайды жұрт. Қоғамда қызу талқыланған мәселеге Бекет Тұрғараевтің өзі не дейді? Бұл зәулім кесене ма әлде адамның моласы ма?

Қазығұрттың ең көрнекті жеріндегі көк күмбезді кесенені Бекет Тұрғараев өзіне арнап салыпты деген ақпарат елді елең еткізді.

Расында бұл кесенені экс судья, заң ғылымдарының докторы Бекет Тұрғараев салдырған. “Бабалар рухына тағзым” деп аталатын кешен құрамындағы, Пір Бекет Мырзағұлұлының 270 жылдығына орай тұрғызылған екен. Ал, діни басқармадағылар мұндай әрекетті құптамай отыр.

СНХ: Еркебұлан Қарақұлов – Түркістан облысының бас имамы:
«Негізі руханиятқа еңбегі сіңген, әулие тұлғалардың ұмыт қалмауы үшін кесене салуға рұқсат етілген. Олардың бейітінен топырағын әкеліп, кесенеге қою тарихи ракурстан қарағанда құптарлық іс. Бірақ ол жерге өзін араластыру, ескерткіш қою артық. Бақуатты, дәулетті адам кесене салып, өзінің ескерткішін қоя берсе ондай орындардың құндылығы жоғалып кетеді. Шариғатта кішіпейілділік пен ұлылық Аллаға ғана жарасады делінген».

Ал Бекет Тұрғараев өзімен аттас әулиеге арнап салынған деп ақталғанымен, кесененің тіпкі мақсатынан жасыра алмады. «Әйтеуір бір күні өлімнің болары хақ» деген экс судья кесене ішіне әке-шешесімен қоса, жарына да ескерткіш бюст орнатқан.

Бекет Тұрғараев- зейнеткер:
«Мені бұрынғы судья, пара жеп, сол ақшаға кесене салды дегісі кеп отыр екен. Бұл тырнақ астынан кір іздеген арам пиғылдағы адамның тірлігі деп ойлаймын. Келсін ауданға, халықтан сұрасын. Бұны бүкіл халықтан ақша жинап, істегенбіз. Өзім де біраз жұмысты атқардым. Мен тек бұл кешен емес, еліміздің өзге де аймақтарында әулиелердің қайта “тірілеуіне” себепші болдым. Желіде тарап кеткен видеоны түсірген адамды сотқа бермейсің бе деп сұрап жатқандар бар. Мен еңбек жолымды сот саласына арнаған жанмын, сондықтан сот дегеннен шекем қызған адаммын, ешкімді сотқа бермеймін. Тіпті оны кімнің түсіргенін де білмеймін».

Өңірдің бұрынғы судьясы Экспресс К ақпараттық порталына берген сұхбатында өзіне арнап ескерткіш қоюды жоспарлап отырғанын жасырмады. Айта кетерлігі, Қазығұрт ауданындағы Бекет ата атындағы киелілер кесенесі өткен жылы пайдалануға берілді.

Пікір қалдыру

Your email address will not be published. Required fields are marked *