4 қараша 2026, сәрсенбі 🌧️ Түркістан +11°C
  • USD 453,26
  • EUR 506,70
  • CNY 67,93
  • RUB 5,58
Жедел
СОТ ӘДІЛДІГІ – ҚҰҚЫҚТЫҚ МЕМЛЕКЕТТІҢ ТІРЕГІ ЕҢБЕКТЕГІ ӘДІЛДІК – ҚОҒАМДЫҚ ДАМУДЫҢ НЕГІЗІ Казахстан занял шестое место в мире по восстановлению пресных водоёмов Казахстан восстанавливает водоёмы от Арала до Каспия Жетісуда Президент Жолдауындағы міндеттер мен өңірдің өзекті мәселелері талқыланды Депутаты Курултая встречаются с жителями Карагандинской области для разъяснения Послания Цифрландыру және ЖИ: AI және білім беру Арман Қырықбаев шығармашыл жастармен Мемлекет басшысының Жолдауы мен жастар саясатының басым бағыттарын талқылады
Өзекті мәселе

Тозығы жеткен баспана

Жаңбыр жауса пәтердің іші суға толады. Ал жел соқса электр сымдары үзіледі.

Түркістан облысы, Леңгір қаласының тұрғындары үрей құшағында отырғанын айтады. Қос қабатты сегіз үйдің іргесі 90 жыл бұрын салынған.Содан бері бірде бір рет жөндеу көрмепті. Бүгінде баспаналардың әбден тозығы жетіп, құлаудың алдында тұр. Үйлер екі жыл бұрын бұзылуы керек еді. Жергілікті билік оған қаржы жоқ екенін айтады.

Қаланың ортасында орналасқан бұл үйлердің қазір бүтін жері қалмаған. Қабырғасы ағаштан тұрғызылғандықтан іргетасы үгітіліп, шұңқырлар пайда болыпты. Едендері тозып, шіріп жатыр. Пәтерлерде су жоқ. Газ құбырлары тартылмаған. Жылу мен кәріз құбырлары да жоқтың қасы.

Ағаш пен қамыстың арасынан шыққан қандала бесіктегі балаға дейін тыным бермейді екен. Сонда да барар жері болмаған тұрғындар өлместің күнін көріп келеді. Уақыт өткен сайын бұл баспанада өмір сүрудің өзі қауіпті болып бара жатыр, дейді.

бір қызығы 115 пәтерлі үй әлі күнге дейін апатты деп танылмаған. Жауаптылар болса тұрғындардан төрт жыл бұрын құжаттарын жинап алыпты. Бірақ, одан да еш нәтиже болмай отыр.
Аулада балалар ойнайтын алаңша да жоқ. Тұрмыстық қалдықтарды тастайтын жәшік болмаған соң айналасы қоқысқа толып кеткен. Ал жергілікті билік өкілдері осы маңнан жаңадан бес қабатты 4 үйді салу үшін жоба жасаттық дейді. Бірақ оны салуға келгенде қаржы жоқ.

Шенеунік қаржының қашан бөлінетінін нақты айта алмады. Дегенмен ойын алаңшаларын салып, қоқыс жәшіктерді де жеткіземіз деп уәде етті. Бірақ, бұл жауапқа тұрғындар көңілі толмай отыр.

Пікір қалдыру

Your email address will not be published. Required fields are marked *