4 қараша 2026, сәрсенбі 🌧️ Түркістан +11°C
  • USD 453,26
  • EUR 506,70
  • CNY 67,93
  • RUB 5,58
Жедел
СОТ ӘДІЛДІГІ – ҚҰҚЫҚТЫҚ МЕМЛЕКЕТТІҢ ТІРЕГІ ЕҢБЕКТЕГІ ӘДІЛДІК – ҚОҒАМДЫҚ ДАМУДЫҢ НЕГІЗІ Казахстан занял шестое место в мире по восстановлению пресных водоёмов Казахстан восстанавливает водоёмы от Арала до Каспия Жетісуда Президент Жолдауындағы міндеттер мен өңірдің өзекті мәселелері талқыланды Депутаты Курултая встречаются с жителями Карагандинской области для разъяснения Послания Цифрландыру және ЖИ: AI және білім беру Арман Қырықбаев шығармашыл жастармен Мемлекет басшысының Жолдауы мен жастар саясатының басым бағыттарын талқылады
Билік

Жамбыл, Қызылорда және Атырау облысының әкімдері ауысты

Жамбыл облысының әкімі ауысты. Лауазымды қызметке Нұржан Нұржігітов тағайындалды. Ол 1967 жылы туған, білімі жоғары. Еңбек жолын 1991 жылы Жуалы ауданы Максим Горький атындағы колхозда механик болып бастаған. Кейіннен әкім апаратында түрлі жауапты қызмет атқарған ол, 2021 жылдың сәуірінен бастап облыс әкімі орынбасары болған. Ал жылы орнын босатқан облыстың экс-басшысы Бердібек Сапарбаевтың қандай қызметке ауысқаны әлі белгісіз. Ал жаңа әкімді премьер министр Әлихан Смайловтың өзі келіп таныстырды.

Сондай-ақ, Қызылордалықтарға да жаңа басшы келді. 2 жыл қатарынан облыс әкімі болған Гүлшара Әбдіқалықованың орнына Нұрлыбек Нәлібаев тағайындалды. Айта кетейік, Нұрлыбек Мәшбекұлы 1976 жылы Қызылорда облысында туған. 1998 жылдан бастап ол мұнай газ саласында бірнеше жыл басшылық қызметтер атқарған. Ал Атырау облысының әкімі болып Серік Шәпкенов тағайындалды. Ол Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі лауазымынан босатылды.

Пікір қалдыру

Your email address will not be published. Required fields are marked *