Іздеу нәтижесі табылмады
View All Result
Saqnews.kz
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
    • Аймақ
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Экономика
  • Спорт
  • Әлеумет
    • Білім
    • Денсаулық
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
    • Аймақ
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Экономика
  • Спорт
  • Әлеумет
    • Білім
    • Денсаулық
Іздеу нәтижесі табылмады
View All Result
Saqnews.kz
Іздеу нәтижесі табылмады
View All Result
Басты бет Өзекті мәселе

Саурандық тұрғындар ағын суды бөгеп тастаған әкімдіктегілерді сынға алды

Саурандық тұрғындар ағын суды бөгеп тастаған әкімдіктегілерді сынға алды
1 апреля, 2022
in Өзекті мәселе
0
0
SHARES
11
VIEWS

Түркістан облысындағы 3 мыңға жуық тұрғыны бар Нұртас пен Жалаңтөс ауылының шаруалары тығырыққа тіреліп отыр. Себебі елді мекенге баратын каналдың үстінен жүргізілген жол ағын судың өтуіне бөгет келтіруде. Онсызда құрғақшылықтан титықтап жүрген жұрт, тіршілік нәрінен мүлдем қағылып аралға айналмасақ игі еді деп налиды.

Сырдарияның суынан бастау алатын бұл канал ауылға кірер тұста екіге бөлінеді. Екеуінің де үстінен өтетін жол бірнеше жыл бұрын күрделі жөндеуден өткен. Құрылысты жүргізген мердігер тіршілік көзін бөгемеу үшін арна қалдырған. Алайда онысы тым биік дейді ауыл тұрғындары. Тиісінше су да жолдың екінші бетіне өте алмайды.

Қалыбай Бейсенбайұлы – ауыл тұрғыны:
«Көпірлерлдің барлығын биік қойып жіберген. 2 жылдан бері айтып жатырмыз. Былтыр жабылып жүріп бұрынғы арнаны аштырдық. Оны да жолды орып тастады деп жауып тастауда. Біздің малымыз ішетін су жоқ. Үйге айдап кеп шығарамыз, қайтадан айдап шығамыз».

Ауылға келетін екінші канал суын пайдалану тағы мүмкін емес. Өйткені ол бекітулі тұр. Ашайын десе жолшы мамандар 4,5 милиард теңгеге салынған тас жолды быт-шытын шығарасыңдар деп дес бермейді екен. Онсыз да құмы тұзды ауыл тұрғындары су болмаса Арал апатын бастан кешеміз бе қорқады.

Ауыл тұрғыны:
«Компанияның басшылары бұны жабам дейді. Қалай жабады бұны? Анадан 1 жарым метр бөгет болса. 67 жылы қойылған труба бұл. Бұны олар қоймаған. Мынаның өзі бізге жететін еді. Бізге малымызғы жанымызға керек қой мынау. Біз қайтеміз?».

Тұрғындардың жанайқайын тыңдап ауылға ат басын да бұрмаған мамандар біз келген соң жинала бастады. Олар тығырықтан шығар бір ақ жол бар дейді. Ол – жол астынан өтетін канал бөлігінің асты мен жанын бетондау. Сонда ғана тасжолға да зиян келмейді, ағын су да ауылға жетеді екен.

Мейрамбек Тәжіханов – Облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының бас маманы:
«Мына жерде откос жоқ. Ол деген сөз су үңгіп жолды құртып жатыр. Мына жақты бұрын су алған. Су деңгейі 1 жарым метрге көтерілген соң трубаны да көтеріп қойғанбыз. Енді біз айтып жатырмыз. Рұқсат берсе 1 аптаның ішінде суды жауып, бетондап беріміз».

Десе де бұл жұмысқа 1 апта уақыт кетеді екен. Оған дейін ағын суды тоқтап тұрады. Ал тұрғындардың көктемгі жауын шашын суын жинап алып қаламыз дегені арман болып қалатын секілді. Себебі, су көлемі дәл осындай қарқынмен 10 күндей ғана ағатын көрінеді.

Tags: Turkistanzaman.kzСаурандық тұрғындар ағын суды бөгеп тастаған әкімдіктегілерді сынға алды
Алдыңғы жаңалық

Құжатты өзіңмен бірге алып жүрудің қажеті жоқ

Келесі жаңалық

«Су басу қаупі жоғары»

Ұқсас жаңалықтар

ЖАЛҒАН АҚПАРАТТАР ЕЛ ІШІНДЕГІ ТҰРАҚТЫЛЫҚ ПЕН ҚОҒАМДЫҚ СЕНІМГЕ ҮЛКЕН ҚАУІП ТӨНДІРУДЕ
Басты жаңалықтар

ЖАЛҒАН АҚПАРАТТАР ЕЛ ІШІНДЕГІ ТҰРАҚТЫЛЫҚ ПЕН ҚОҒАМДЫҚ СЕНІМГЕ ҮЛКЕН ҚАУІП ТӨНДІРУДЕ

4 июня, 2025
ТҮРКІСТАН: МАЛ АЗЫҒЫН ДАЯРЛАУ ЖҰМЫСЫ ЖӘНЕ АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ ЗИЯНКЕСТЕРІНЕ ҚАРСЫ КҮРЕС ЖАЛҒАСУДА
Басты жаңалықтар

ТҮРКІСТАН: МАЛ АЗЫҒЫН ДАЯРЛАУ ЖҰМЫСЫ ЖӘНЕ АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ ЗИЯНКЕСТЕРІНЕ ҚАРСЫ КҮРЕС ЖАЛҒАСУДА

2 июня, 2025
ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА 1 МЫҢ ШАҚЫРЫМНАН АСТАМ ЖОЛ МЕН КӨШЕДЕ ҚҰРЫЛЫС-ЖӨНДЕУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРІП ЖАТЫР
Басты жаңалықтар

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА 1 МЫҢ ШАҚЫРЫМНАН АСТАМ ЖОЛ МЕН КӨШЕДЕ ҚҰРЫЛЫС-ЖӨНДЕУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРІП ЖАТЫР

2 июня, 2025
N16 КОЛЛЕДЖІНДЕ “ТӘРТІП ТӘН ҮШІН, ЫНТЫМАҚ ЖАН ҮШІН КЕРЕК” АТТЫ КЕЗДЕСУ ӨТТІ
Басты жаңалықтар

N16 КОЛЛЕДЖІНДЕ “ТӘРТІП ТӘН ҮШІН, ЫНТЫМАҚ ЖАН ҮШІН КЕРЕК” АТТЫ КЕЗДЕСУ ӨТТІ

2 июня, 2025

ЖАҢАЛЫҚТАР ТІЗБЕГІ

ТҮРКІСТАНДА АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫНА АРНАЛҒАН ДРОНДАР ШЫҒАРЫЛАДЫ

2 июля, 2025

ТҮРКІСТАНДА ИНФРАҚҰРЫЛЫМ ЖӘНЕ КӘРІЗ ЖҮЙЕСІМЕН ҚАМТУ КӨРСЕТКІШТЕРІ ЖОҒАРЫЛАП КЕЛЕДІ

2 июля, 2025

АУЫЛДАРДЫ ДАМЫТУ БОЙЫНША ЖАУАПТЫ МЕКЕМЕЛЕРДІҢ ЖҰМЫСЫН ЖАНДАНДЫРУ ЖОЛДАРЫ ТАЛҚЫЛАНДЫ

2 июля, 2025

АӨК ЖАЛПЫ ӨНІМ ӨНДІРУ ЖӘНЕ ИНВЕСТИЦИЯ ТАРТУ БОЙЫНША 6 АЙДЫҢ ҚОРЫТЫНДЫСЫ САРАЛАНДЫ

2 июля, 2025

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМДІГІ WOOSONG UNIVERSITY KAZAKHSTAN ОҚУ ОРДАСЫНА 100 ГРАНТ БӨЛДІ

2 июля, 2025

ТҮЛКІБАСТЫҚ ШАРУА МАЛ АЗЫҒЫНЫҢ ЖАҢА ТҮРІН ӨСІРУДІ ҚОЛҒА АЛҒАН

2 июля, 2025

ТҮРКІСТАНДА ЖАҢА КӘСІПОРЫНДАР АШУ БОЙЫНША МЕМОРАНДУМ ЖАСАЛДЫ

1 июля, 2025

ТҮРКІСТАНДА «ҮКІЛІ ДОМБЫРА» БАЙҚАУЫ ӨТТІ

1 июля, 2025

ТҮРКІСТАННЫҢ ТУРИСТІК ӘЛЕУЕТІН КӨТЕРЕТІН ЖАҢА НЫСАНДАРДЫҢ ЖОБАСЫ ҚАРАЛДЫ

1 июля, 2025
Келесі жаңалық
«Су басу қаупі жоғары»

«Су басу қаупі жоғары»

  • РЕДАКЦИЯНЫҢ МЕКЕНЖАЙЫ:
  • 161200, Түркістан қаласы
  • E-mail: info@saqnews.kz, 
  • www.saqnews.kz
  • Техникалық қолдау: 77025700309

Құпиялылық саясат

Басты жаңалықтар

ТҮРКІСТАНДА ЕЛІМІЗ ҮШІН ИМПОРТТЫ АЗАЙТЫП, ЭКСПОРТ КӨЛЕМІН АРТТЫРУ БАҒЫТЫНДА ЖОБАЛАР ЖҮЗЕГЕ АСЫРЫЛАТЫН БОЛАДЫ

ТҮРКІСТАНДА ЕЛІМІЗ ҮШІН ИМПОРТТЫ АЗАЙТЫП, ЭКСПОРТ КӨЛЕМІН АРТТЫРУ БАҒЫТЫНДА ЖОБАЛАР ЖҮЗЕГЕ АСЫРЫЛАТЫН БОЛАДЫ

saqnews.kz
1 июля, 2025
0

ТҮРКІСТАНДА МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТШІЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛДІ

ТҮРКІСТАНДА МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТШІЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛДІ

saqnews.kz
24 июня, 2025
0

Серіктестер

  • Редакция
  • Бізбен байланыс
  • Жарнама

© 2024 saqnews.kz

Іздеу нәтижесі табылмады
View All Result
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Спорт

© 2024 saqnews.kz