Қазақстандағы алғашқы крематорий мамыр айында іске қосылады

Қазақстандағы алғашқы крематорий мамыр айында іске қосылуы мүмкін. Нысан Алматы қаласының Алатау ауданында орналасқан. 2021 жылдың желтоқсанында құрылысы аяқталыпты. Оған мемлекеттік бюджеттен 1 жарым миллиард теңге бөлінген. Алматы әкімшілігі бүгінде жұмыс істеу тәртібі мен қайтыс болғандарды кремацияға қабылдау ережелері әзірленіп жатқанын жеткізді. Сондай-ақ, орнатылған пештерді пайдалану үшін газбен жабдықтау желісі тартылып жатыр.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *