Іздеу нәтижесі табылмады
View All Result
Saqnews.kz
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
    • Аймақ
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Экономика
  • Спорт
  • Әлеумет
    • Білім
    • Денсаулық
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
    • Аймақ
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Экономика
  • Спорт
  • Әлеумет
    • Білім
    • Денсаулық
Іздеу нәтижесі табылмады
View All Result
Saqnews.kz
Іздеу нәтижесі табылмады
View All Result
Басты бет Өзекті мәселе

Мүгедектер мұңы

Мүгедектер  мұңы
31 марта, 2022
in Өзекті мәселе
0
0
SHARES
10
VIEWS

100 мыңға жуық мүмкіндігі шектеулі азамат тұратын Түркістан облысында бірде-бір сауықтыру орталығы жоқ. Ақылы ем де қабылдай алмайды. Себебі, кембағал жандарға төленетін жәрдемақының көлемі бар болғаны 36 мың мен 70 мың теңгенің аралығында. Көмекке мұқтаж жандардың шешілмеген мәселесі мұнымен бітпейді.

Кентаулық Зухра Нұрмұхамедова он жылдан бері мүгедек бағып отыр. Дәрі-дәрмегі мен қажетті заттарды айтпағанда, сал адамды далаға серуендетудің өзі ауыр, азап.

Зухра Нұрмұхамедова — жеке көмекші:
«Беретіні екі памперс, оны неге жеткіземін. Мысалы бір күнде үш төртеуін қолданамыз. Далаға шығарайын десек детский коляска беріп тұр да. По размеру ол коляскаға сыймайды да, далаға шыға алмай отыр».

Кентауда он мыңға тарта мүгедек бар. Тиісінше түйткілдері де шаш етектен. Мәселен оларға бар болғаны үш ақ инватакси қызмет көрсетеді. Оның өзін сағаттап күтуге тура келеді. Ал, бағдаршамдар зағиптарға арналмаған. Жанарынан айырылғандарға ойдым-ойдым жолда жүру тіпті қиын. Ғимараттарда пандус жоқ. Барының өзі талапқа сай емес.

Кембағал жандар оңалту мекемелеріне бір ретте барып көрмеген. Өйткені жүз мыңға тарта мүгедек тұратын облыста арнайы орталық деген атымен жоқ. Ал, ақылы ем алуға жәрдемақысы жетпейді.

Дүйсенәлі Жүсіпов- «Мүгедектер қоғамы» қоғамдық бірлестігінің төрағасы:
«Бірінші топтың мүгедегі алатыны 69 мың теңге. Екінші топ мүгедегі 63 мың алады. Ештеңеге бара алмайды ондай ақшамен. Шынын айтса өз семьясын да асырай алмайды».

Нұрлан Болғаныс — 1-ші топтағы мүгедек:
«Мысалы бізге қолдануға берілетін телефондар сөйлейтін программасы көтере алмағандықтан, ол затты пайдалана алмаймыз. Флеш плеер дейді, ол заттар сөйлемейді. Олардың дауысы жоқ та негізі. Дауыссыз алғаннан кейін қолдануға келмейді ол заттар».

Ал,мүгедектердің жеке көмекшілері айына 50 мың теңге алады. Тіпті, еңбек өтілі де есептелмейді.

Жазира Жанасбаев — жеке көмекші:
«Ешқандай ештеңеге жетпейді базарға барсаң елу мыңға. Не медстрахование жүрмейді. Не пенсионный жүрмейді».

Жауаптылар жәрдемақыны көбейтуге жергілікті бюджетте қаржы жоқ екенін айтады.

Нұржан Нұрашев — Түркістан облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы басшысының орынбасары:
«Республика көлемінде атқарылатын жеке көмекшілердің айлығын көтеру жөнінде де ұсыныс түскен. Мына памперстердің санын көбейту жөнінде ол мәселе де республика бойынша бүгінгі таңда қаралу үстінде».

Басқармадағылар болса оңалту орталығын келер жылы ашамыз дейді. Қаражат бөлінсе, екі жүз орынды кешен құрылысы биыл басталмақ.

Tags: Turkistanzaman.kzМүгедектер мұңы
Алдыңғы жаңалық

ҚТЖ-Жүк тасымалына қатысты тергеу басталды

Келесі жаңалық

Қазақстандағы алғашқы крематорий мамыр айында іске қосылады

Ұқсас жаңалықтар

ЖАЛҒАН АҚПАРАТТАР ЕЛ ІШІНДЕГІ ТҰРАҚТЫЛЫҚ ПЕН ҚОҒАМДЫҚ СЕНІМГЕ ҮЛКЕН ҚАУІП ТӨНДІРУДЕ
Басты жаңалықтар

ЖАЛҒАН АҚПАРАТТАР ЕЛ ІШІНДЕГІ ТҰРАҚТЫЛЫҚ ПЕН ҚОҒАМДЫҚ СЕНІМГЕ ҮЛКЕН ҚАУІП ТӨНДІРУДЕ

4 июня, 2025
ТҮРКІСТАН: МАЛ АЗЫҒЫН ДАЯРЛАУ ЖҰМЫСЫ ЖӘНЕ АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ ЗИЯНКЕСТЕРІНЕ ҚАРСЫ КҮРЕС ЖАЛҒАСУДА
Басты жаңалықтар

ТҮРКІСТАН: МАЛ АЗЫҒЫН ДАЯРЛАУ ЖҰМЫСЫ ЖӘНЕ АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ ЗИЯНКЕСТЕРІНЕ ҚАРСЫ КҮРЕС ЖАЛҒАСУДА

2 июня, 2025
ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА 1 МЫҢ ШАҚЫРЫМНАН АСТАМ ЖОЛ МЕН КӨШЕДЕ ҚҰРЫЛЫС-ЖӨНДЕУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРІП ЖАТЫР
Басты жаңалықтар

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА 1 МЫҢ ШАҚЫРЫМНАН АСТАМ ЖОЛ МЕН КӨШЕДЕ ҚҰРЫЛЫС-ЖӨНДЕУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРІП ЖАТЫР

2 июня, 2025
N16 КОЛЛЕДЖІНДЕ “ТӘРТІП ТӘН ҮШІН, ЫНТЫМАҚ ЖАН ҮШІН КЕРЕК” АТТЫ КЕЗДЕСУ ӨТТІ
Басты жаңалықтар

N16 КОЛЛЕДЖІНДЕ “ТӘРТІП ТӘН ҮШІН, ЫНТЫМАҚ ЖАН ҮШІН КЕРЕК” АТТЫ КЕЗДЕСУ ӨТТІ

2 июня, 2025

ЖАҢАЛЫҚТАР ТІЗБЕГІ

11 октября, 2025

11 октября, 2025

11 октября, 2025

11 октября, 2025

ТҮЛКІБАСТА ҚҰС ЕТІ ӨНДІРЕТІН ФАБРИКАНЫҢ ІРГЕТАСЫ ҚАЛАНДЫ

10 октября, 2025

ТҮРКІСТАНДА «АҚ БИДАЙ» АУЫЛ СПОРТЫ ОЙЫНДАРЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗДАРЫ МАРАПАТТАЛДЫ

10 октября, 2025

ТҮЛКІБАСТА RC COLA БРЕНДІМЕН «BEIBARS BOTTLERS» СУСЫН ӨНДІРЕТІН ЗАМАНАУИ ЗАУЫТ ІСКЕ ҚОСЫЛДЫ

10 октября, 2025

ДЕПУТАТТАР АРАСЫНДАҒЫ ОБЛЫС БІРІНШІЛІГІ ӨТТІ

10 октября, 2025

ТҮРКІСТАН МУЗЫКАЛЫҚ-ДРАМА ТЕАТРЫНЫҢ V МАУСЫМЫ «БЕКЗАТ» ҚОЙЫЛЫМЫМЕН АШЫЛДЫ

10 октября, 2025
Келесі жаңалық
Қазақстандағы алғашқы крематорий мамыр айында іске қосылады

Қазақстандағы алғашқы крематорий мамыр айында іске қосылады

  • РЕДАКЦИЯНЫҢ МЕКЕНЖАЙЫ:
  • 161200, Түркістан қаласы
  • E-mail: info@saqnews.kz, 
  • www.saqnews.kz
  • Техникалық қолдау: 77025700309

Құпиялылық саясат

Басты жаңалықтар

ТҮЛКІБАСТА RC COLA БРЕНДІМЕН «BEIBARS BOTTLERS» СУСЫН ӨНДІРЕТІН ЗАМАНАУИ ЗАУЫТ ІСКЕ ҚОСЫЛДЫ

ТҮЛКІБАСТА RC COLA БРЕНДІМЕН «BEIBARS BOTTLERS» СУСЫН ӨНДІРЕТІН ЗАМАНАУИ ЗАУЫТ ІСКЕ ҚОСЫЛДЫ

saqnews.kz
10 октября, 2025
0

saqnews.kz
11 октября, 2025
0

Серіктестер

  • Редакция
  • Бізбен байланыс
  • Жарнама

© 2024 saqnews.kz

Іздеу нәтижесі табылмады
View All Result
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Спорт

© 2024 saqnews.kz