Іздеу нәтижесі табылмады
View All Result
Saqnews.kz
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
    • Аймақ
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Экономика
  • Спорт
  • Әлеумет
    • Білім
    • Денсаулық
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
    • Аймақ
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Экономика
  • Спорт
  • Әлеумет
    • Білім
    • Денсаулық
Іздеу нәтижесі табылмады
View All Result
Saqnews.kz
Іздеу нәтижесі табылмады
View All Result
Басты бет Билік

Парламенттің пәрмені күшейді

Парламенттің пәрмені күшейді
16 марта, 2022
in Cаясат, Билік
0
0
SHARES
10
VIEWS

«30 жыл бойы қалыптасқан президенттік басқару жүйесі енді болмайды. Президент Парламенті пәрменді республикаға айналу керек деді. Яғни, мемлекет басшысының өкілеттілігін азайтып, Парламенттің ықпалын арттыруды ұсынды. Бүгін Жолдауда алдағы әлеуметтік-экономикалық даму бағыттары айқындалды

Президент ешқандай партияның мүшесі болмай, бейтарап болуы керек. Өңір басшылары мен олардың орынбасарлары да партия филиалдарында қызмет атқаруға заң жүзінде тыйым салған жөн. Сонда ғана барлық саяси ұйымдардың теңдей дамуына ықпал ете аламыз деді мемлекет басшысы.

Қасым-Жомарт Тоқаев – ҚР президенті:
«Мен Президенттің өкілеттік кезеңінде партияға мүшелігін тоқтату міндетін заңнамалық түрде ресімдеуді ұсынамын. Бұл норма саяси бәсекелестікті арттырады, барлық партиялардың дамуы үшін тең жағдайды қамтамасыз етеді».

Күшті Президент, ықпалды Парламент, есеп беретін Үкімет. Енді осы қағидатты басшылыққа аламыз дейді мемлекет басшысы. Енді Парламенттің рөлі күшейеді. Бұл Жаңа Қазақстанды тиімді мемлекетке айналдыруға ықпал етеді. Стратегиялық мақсатқа қол жеткізуге әртүрлі 10 бастаманы ел назарына ұсынды.

Қасым-Жомарт Тоқаев – ҚР президенті:
«Біз кез келген мәселені ашық айтып, оны шешудің оңтайлы жолдарын бірге іздеуіміз қажет. Экономикадағы, саясаттағы жасанды монополияларды түбірімен жоюға тиіспіз. Оның орнына ашық әрі әділ бәсеке орнату өте маңызды. Себебі нағыз бәсеке болғанда ғана халықтың әл-ауқаты артып, жағдайы жақсарады. Бүкіл құзырет бір қолда болуына негізделген басқару жүйесі қазір өзінің тиімділігін жоғалтты. Бұл жүйе көзқарасы мен ұстанымы әрқилы азаматтық қоғамды ұйыстыра алмайды. Сондықтан біз Қазақстанды дамытудың саяси моделін өзгерту үшін әр қадамды мұқият ойластыра отырып жасауымыз керек».

Сенат, мәжіліс депутаттарының саны қысқарады. Осы уақытқа дейін мәжіліс депутаттарының бесеуін Қазақстан халқы ассамблеясынан сайланып келсе, енді олар сенат мінберінде сөйлейді. Осылайша, Сенаттағы президенттік квотаны 15-тен 10 депутатқа дейін азайтпақ. Парламент мәртебесін арттыратын өзгерісті Сенатор Айгүл Қаппарова қос қолдап қолдап отыр.

Айгүл Қаппарова – ҚР Парламенті сенатының депутаты:
«Саяси жаңғыруға байланысты бірқатар заңдарға өзгерістер енгізілмек. Конституцияның 30 бабына өзгерістер еніп, жыл соңына дейін 15 жаңа заң шығарылады. Яғни бұл дегеніміз суперпрезиденттік басқару тәсілінен парламенті мықты президенттік басқару тәсіліне көшу. Сондықтан да бұл жолдауға байланысты парламент депуттарына да көптеген міндеттер жүктеледі.Мұның барлығы түптен келгенде елді сапалы заңмен қамьтамасыз ету».

80 минутқа созылған халыққа жолдаудағы басты көзделгені- елдің тұтастығы мен Тәуелсіздігіміздің сақтау. Болашақ алдындағы борышта елімізді жаңғырту жолында ұйысайық! Жиынды Қасым-Жомарт Кемелұлы «Қастерлі Отанымыздың тұғыры мығым, абыройы биік болсын!» деген мәнде аяқтады. Бастысы, айтылған тапсырмалардың бәрі биыл орындалуы керегін шегелеп айтты

Tags: #CCS#NewKazakhstanTurkistanzaman.kzПарламенттің пәрменін күшейту
Алдыңғы жаңалық

"Бағаны тежеу керек"

Келесі жаңалық

Үш облыс құрылады

Ұқсас жаңалықтар

Түркістанда жаңа перзентхана салынады
Cаясат

Түркістанда жаңа перзентхана салынады

13 мая, 2025
ШАРДАРА АУДАНЫНДА АППАРАТТЫҚ МӘЖІЛІС ӨТТІ
Cаясат

ШАРДАРА АУДАНЫНДА АППАРАТТЫҚ МӘЖІЛІС ӨТТІ

13 мая, 2025
Қазақстан халқы Ассамблеясының ХХХІV сессиясы
Cаясат

Қазақстан халқы Ассамблеясының ХХХІV сессиясы

24 апреля, 2025
Қазақстан халқы Ассамблеясының ХХХІV сессиясы басталды Қасым-Жомарт Тоқаев:
Cаясат

Қазақстан халқы Ассамблеясының ХХХІV сессиясы басталды Қасым-Жомарт Тоқаев:

24 апреля, 2025

ЖАҢАЛЫҚТАР ТІЗБЕГІ

ТҮРКІСТАН: ПРЕЗИДЕНТТІК ЖАСТАР КАДР РЕЗЕРВІНЕ ҮМІТКЕРЛЕРДІ ҚАБЫЛДАУ БАСТАЛДЫ

20 мая, 2025

ТҮРКІСТАН: АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҚ САЛАСЫНЫҢ ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕРІ САРАЛАНДЫ

20 мая, 2025

ТҮРКІСТАН: ЖАҢА ЖОБАЛАР МАҚҰЛДАНДЫ

20 мая, 2025

ТҮРКІСТАН: ӨРТТІҢ АЛДЫН АЛУ ЖӘНЕ СУҒА ШОМЫЛУ ҚАУІПСІЗДІГІН САҚТАУ БАҒЫТЫНДАҒЫ ЖҰМЫСТАР ТАЛҚЫЛАНДЫ

20 мая, 2025

КОЛЛЕДЖ ТЫНЫСЫ ФИЗИКА ЖӘНЕ МАТЕМАТИКА ПӘНДЕРІ БОЙЫНША ОБЛЫСТЫҚ ОЛИМПИАДА ӨЗ МӘРЕСІНЕ ЖЕТТІ

19 мая, 2025

КОЛЛЕДЖ ТЫНЫСЫ СҮЙІНШІ ЖАҢАЛЫҚ!

19 мая, 2025

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ: ЖАЗҒЫ МАУСЫМДА 41 МЫҢНАН АСТАМ БАЛА ЛАГЕРЬМЕН ҚАМТЫЛАДЫ

19 мая, 2025

ТҮРКІСТАН: СЫРДАРИЯ ӨЗЕНІ АУМАҒЫНА 111 ТОННАДАН АСТАМ БИОПРЕПАРАТ ҚҰЙЫЛДЫ

19 мая, 2025

Аудан әкімі Арман Қарсыбаев өнер майталманы Гүлшат Тутованы қабылдады

19 мая, 2025
Келесі жаңалық
Үш облыс құрылады

Үш облыс құрылады

  • РЕДАКЦИЯНЫҢ МЕКЕНЖАЙЫ:
  • 161200, Түркістан қаласы
  • E-mail: info@saqnews.kz, 
  • www.saqnews.kz
  • Техникалық қолдау: 77025700309

Құпиялылық саясат

Басты жаңалықтар

Президенттік кадр резервіне іріктеу басталады

16 августа, 2021
0

ТҮРКІСТАН: СОЗАҚТА ҒЫЛЫМИ-ТӘЖІРИБЕЛІК КОНФЕРЕНЦИЯ ӨТТІ

ТҮРКІСТАН: СОЗАҚТА ҒЫЛЫМИ-ТӘЖІРИБЕЛІК КОНФЕРЕНЦИЯ ӨТТІ

saqnews.kz
19 мая, 2025
0

Серіктестер

  • Редакция
  • Бізбен байланыс
  • Жарнама

© 2024 saqnews.kz

Іздеу нәтижесі табылмады
View All Result
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Спорт

© 2024 saqnews.kz