4 қараша 2026, сәрсенбі 🌧️ Түркістан +11°C
  • USD 453,26
  • EUR 506,70
  • CNY 67,93
  • RUB 5,58
Жедел
СОТ ӘДІЛДІГІ – ҚҰҚЫҚТЫҚ МЕМЛЕКЕТТІҢ ТІРЕГІ ЕҢБЕКТЕГІ ӘДІЛДІК – ҚОҒАМДЫҚ ДАМУДЫҢ НЕГІЗІ Казахстан занял шестое место в мире по восстановлению пресных водоёмов Казахстан восстанавливает водоёмы от Арала до Каспия Жетісуда Президент Жолдауындағы міндеттер мен өңірдің өзекті мәселелері талқыланды Депутаты Курултая встречаются с жителями Карагандинской области для разъяснения Послания Цифрландыру және ЖИ: AI және білім беру Арман Қырықбаев шығармашыл жастармен Мемлекет басшысының Жолдауы мен жастар саясатының басым бағыттарын талқылады
Әлеумет

Телекөпір: Түркістан мен Маңғыстау

Бүгін Амал мерекесі. Көрісу күні. Әсіресе еліміздің батысында ерекше тойланады. Соңғы кезде жалпыхалықтың сипат алған мейрам- Наурыздың бастауы саналады. Осыған орай Түркістан телеарнасы Маңғыстаумен телекөпір ұйымдастырды. Қос аймақтың тілшілері тікелей эфирде көрісіп, әдет-ғұрыпты жаңғыртты, ақындар айтысып, мерекенің көрігін қыздырды.

Маңғыстаудың жігіті мен Түркістанның аруының телекөпір арқылы айтысуы- алғаш рет. Тіпті Амал мерекесі де оңтүстік өңірге – таңсық дүние. Тек соңғы жылдары кеңінен дәріптеле бастаған үрдісті насихаттауға бұл телекөпірдің үлесі зор.

Гүлжан Ықыласқызы – Айтыскер ақын:
«Жалпы осы айтыста қазақ дәстүріндегі амалдарды, көрісу күнінің тарихын, қалай келіп шығуын, ұлыстың ұлы күні наурыз келе жатқанын, күнмен түннің теңеліп жатқанын, сонымен қоса қыз жігіт арасындағы тамаша әзіл қалжыңдарды өрбітіп, ол кісі Түркістанға келетін болып, сондай бір тамаша тартымды айтыс болды».

Түркістан телеарнасына таяуда 1 жыл толады. Ұлыстың ұлы күнінде қалың көрерменге жол тартқан арнаның бүгінде көкжиегі кеңейген. Бүкіл республикаға тарайды. Еліміз бен шетелден тікелей қосылыс жасауға техникалық мүмкіндігі жетеді.

Жанна Үмбетова – «Тurkistan» телеарнасының бас продюсері:
«Біздің жобада телекөпірде басқа қалалармен байланыста болғанда тек қана айтыспен шектелмейміз. Неше түрлі көрерменге қызықты ақпараттар болады. екі қаламен байланыстырып, екі қаланың неше түрлі салт-дәстүрін көрсетеміз. Түркиямен, Башқириямен, неше түрлі жобада жоспарымыз бар».

Амал мерекесінде бастау алған қосылыс Маңғыстаумен шектелмейді. Алдағы күндері Жамбыл, Шымкент, Павлодар, Орал жұртшылығымен байланыс орнатылады. Тіпті түркі елдермен телекөпір жасау жоспарда.

Пікір қалдыру

Your email address will not be published. Required fields are marked *