Іздеу нәтижесі табылмады
View All Result
Saqnews.kz
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
    • Аймақ
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Экономика
  • Спорт
  • Әлеумет
    • Білім
    • Денсаулық
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
    • Аймақ
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Экономика
  • Спорт
  • Әлеумет
    • Білім
    • Денсаулық
Іздеу нәтижесі табылмады
View All Result
Saqnews.kz
Іздеу нәтижесі табылмады
View All Result
Басты бет Билік

Қайрат Сатыбалды ұсталды

Қайрат Сатыбалды ұсталды
14 марта, 2022
in Билік
0
0
SHARES
11
VIEWS

Бүгін «Қазақтелеком» ғимараттарында тінту жүріп жатыр. Бұл туралы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы Олжас Бектенов айтты. Еске салсақ, «Қазақтелеком» АҚ-ның 24% акциясы Қайрат Сатыбалдыұлына тиесілі. Ал ол қомақты қаржыны жымқырды және қызметтік өкілетін асыра пайдаланды деген күдікпен ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалған. Айта кетсек, Қайрат Сатыбалдыұлы Қазақстандағы ең ықпалды 50 бизнесмен қатарында. Forbes Kazakhstan журналының есебі бойынша, оның дәулеті 163 миллион долларға бағаланады.

Қайрат Сатыбалды-Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың немере інісі. Саяси мансабында мемлекеттік қызметкерден ірі кәсіпкерге дейін өскен ол -қаңтар оқиғаларынан кейін қызметінен босатылған ҰҚК басшысының бұрынғы бірінші орынбасары Самат Әбіштің туған ағасы. Бұған дейін оның есімі офшор құжаттарында да әшкереленген болатын. Бір қызығы, «Қазақтелеком» үлескері салық ретінде бюджетке 2019 жылы — 172 мың теңге, 2020 жылы 11 теңге төлеген.

Олжас Бектенов — ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы:
«Қазіргі таңда «Қазақтелекомға» байланысты бірнеше іс қозғалды. Яғни АҚ-ның ақшасын жымқыру фактісі бойынша. Осының аясында тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Сома белгіленді, бірқатар эпизод бар. Тиісті сараптамалар жүргізілгеннен кейін соманы атаймыз деп ойлаймын. Бірақ сомалар миллиардтаған екенін айта аламын».

Сондай-ақ Қайрат Сатыбалдыға «Kaspi.kz» АҚ акцияларының 30%-ы тиесілі. Сондықтан аталған банктың ақшасын түгел алып қашпақшы болған деген қауесет тарап жатыр. Алайда компанияның іргесін қалаушы әрі төрағасы Михаил Ломтадзе банк клиенттерін мұндай негізсіз ақпараттарға сенбеуге шақырды.

Михаил Ломтадзе — «Kaspi bank» АҚ басқарма төрағасы:
«Қайрат Сатыбалды 4 жылдан бері ы Kaspi-ге қатысы жоқ. Ол 2015 жылдан 2018 жылға дейін ғана Kaspi акционерлерінің бірі болды».

Сатыбалды Ислам дінін берік ұстанады. 2005 жылға дейін ол жеті рет Меккеге, екі рет қажылыққа барған. 2011 жылдың сәуірінде ол 50 айтыскер, 10-ға жуық ақын-жазушыны кіші қажылыққа жіберген. Әрі өзінің қайырымдылық қоры 17 кесене мен 25 мешіттің құрылысына көмектескенін айтқан. Мәселен Сарыағаш ауданындағы мешіттік құрылысына өз қалтасынан млрдтаған теңге шығарған.

«Антикор» орталық аппаратының қызметкерлері Сатыбалдыны жеке ұшағымен Дубайға ұшпақшы болған кезде қолға түсірді. Бейресми деректерге сүйенсек, ол қызының сол жақта өткен үйлену тойына бармақшы болған. Қазір оның басқа да қылмыстарға қатысы бар-жоғы, соның ішінде мемлекет қауіпсіздігіне нұқсан келтіру ісіне қатысы тексерілуде.

Tags: Turkistanzaman.kzҚайрат Сатыбалды ұсталды
Алдыңғы жаңалық

«Төңкеріске 2 жыл дайындалған»

Келесі жаңалық

Телекөпір: Түркістан мен Маңғыстау

Ұқсас жаңалықтар

Мемлекет басшысы CITIC Group компаниясы директорлар кеңесінің төрағасы Си Гохуаны қабылдады
Cаясат

Мемлекет басшысы CITIC Group компаниясы директорлар кеңесінің төрағасы Си Гохуаны қабылдады

28 мая, 2025
Президент бірқатар елдің елшісін тағайындады
Cаясат

Президент бірқатар елдің елшісін тағайындады

23 мая, 2025
Президент Түркі мемлекеттері ұйымының бейресми саммитіне қатысты
Басты жаңалықтар

Президент Түркі мемлекеттері ұйымының бейресми саммитіне қатысты

21 мая, 2025
Үкіметтік жұмыс тобы жер сілкінісі болған Жамбыл облысына жіберілді
Аймақ

Үкіметтік жұмыс тобы жер сілкінісі болған Жамбыл облысына жіберілді

28 марта, 2025

ЖАҢАЛЫҚТАР ТІЗБЕГІ

ТҮРКІСТАНДА АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫНА АРНАЛҒАН ДРОНДАР ШЫҒАРЫЛАДЫ

2 июля, 2025

ТҮРКІСТАНДА ИНФРАҚҰРЫЛЫМ ЖӘНЕ КӘРІЗ ЖҮЙЕСІМЕН ҚАМТУ КӨРСЕТКІШТЕРІ ЖОҒАРЫЛАП КЕЛЕДІ

2 июля, 2025

АУЫЛДАРДЫ ДАМЫТУ БОЙЫНША ЖАУАПТЫ МЕКЕМЕЛЕРДІҢ ЖҰМЫСЫН ЖАНДАНДЫРУ ЖОЛДАРЫ ТАЛҚЫЛАНДЫ

2 июля, 2025

АӨК ЖАЛПЫ ӨНІМ ӨНДІРУ ЖӘНЕ ИНВЕСТИЦИЯ ТАРТУ БОЙЫНША 6 АЙДЫҢ ҚОРЫТЫНДЫСЫ САРАЛАНДЫ

2 июля, 2025

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМДІГІ WOOSONG UNIVERSITY KAZAKHSTAN ОҚУ ОРДАСЫНА 100 ГРАНТ БӨЛДІ

2 июля, 2025

ТҮЛКІБАСТЫҚ ШАРУА МАЛ АЗЫҒЫНЫҢ ЖАҢА ТҮРІН ӨСІРУДІ ҚОЛҒА АЛҒАН

2 июля, 2025

ТҮРКІСТАНДА ЖАҢА КӘСІПОРЫНДАР АШУ БОЙЫНША МЕМОРАНДУМ ЖАСАЛДЫ

1 июля, 2025

ТҮРКІСТАНДА «ҮКІЛІ ДОМБЫРА» БАЙҚАУЫ ӨТТІ

1 июля, 2025

ТҮРКІСТАННЫҢ ТУРИСТІК ӘЛЕУЕТІН КӨТЕРЕТІН ЖАҢА НЫСАНДАРДЫҢ ЖОБАСЫ ҚАРАЛДЫ

1 июля, 2025
Келесі жаңалық
Телекөпір: Түркістан мен Маңғыстау

Телекөпір: Түркістан мен Маңғыстау

  • РЕДАКЦИЯНЫҢ МЕКЕНЖАЙЫ:
  • 161200, Түркістан қаласы
  • E-mail: info@saqnews.kz, 
  • www.saqnews.kz
  • Техникалық қолдау: 77025700309

Құпиялылық саясат

Басты жаңалықтар

ТҮРКІСТАНДА ЕЛІМІЗ ҮШІН ИМПОРТТЫ АЗАЙТЫП, ЭКСПОРТ КӨЛЕМІН АРТТЫРУ БАҒЫТЫНДА ЖОБАЛАР ЖҮЗЕГЕ АСЫРЫЛАТЫН БОЛАДЫ

ТҮРКІСТАНДА ЕЛІМІЗ ҮШІН ИМПОРТТЫ АЗАЙТЫП, ЭКСПОРТ КӨЛЕМІН АРТТЫРУ БАҒЫТЫНДА ЖОБАЛАР ЖҮЗЕГЕ АСЫРЫЛАТЫН БОЛАДЫ

saqnews.kz
1 июля, 2025
0

ТҮРКІСТАНДА МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТШІЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛДІ

ТҮРКІСТАНДА МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТШІЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛДІ

saqnews.kz
24 июня, 2025
0

Серіктестер

  • Редакция
  • Бізбен байланыс
  • Жарнама

© 2024 saqnews.kz

Іздеу нәтижесі табылмады
View All Result
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Спорт

© 2024 saqnews.kz