4 қараша 2026, сәрсенбі 🌧️ Түркістан +11°C
  • USD 453,26
  • EUR 506,70
  • CNY 67,93
  • RUB 5,58
Жедел
СОТ ӘДІЛДІГІ – ҚҰҚЫҚТЫҚ МЕМЛЕКЕТТІҢ ТІРЕГІ ЕҢБЕКТЕГІ ӘДІЛДІК – ҚОҒАМДЫҚ ДАМУДЫҢ НЕГІЗІ Казахстан занял шестое место в мире по восстановлению пресных водоёмов Казахстан восстанавливает водоёмы от Арала до Каспия Жетісуда Президент Жолдауындағы міндеттер мен өңірдің өзекті мәселелері талқыланды Депутаты Курултая встречаются с жителями Карагандинской области для разъяснения Послания Цифрландыру және ЖИ: AI және білім беру Арман Қырықбаев шығармашыл жастармен Мемлекет басшысының Жолдауы мен жастар саясатының басым бағыттарын талқылады
Білім

Әскери кафедра тек табыс табу үшін ашылады

Қаза тапқан әскери адамның қызметтік баспанасы отбасы мүшесіне берілуі мүмкін. Бұл туралы сенат отырысында Қорғаныс министрінің орынбасары Сұлтан Қамалетдинов мәлімдеді. Бұл ұсыныс тек әскерилерге ғана емес, өзге де құзырлы орган қызметкерлеріне қатысты. Сондай-ақ Баспананы жақындарына беріп қана қоймай, өтеусіз жекешелендіру мәселесі де сөз болды. Одан бөлек ақшалай өтемақы алу да қарастырылды. Алайда осы санаттағы мамандарды қызметтік үймен екі рет қамтамасыз етуге шектеу қойылмақ. Оның орнына модульді тұрғын үй ұғымы енгізіледі.

Сұлтан Қамалетдинов – ҚР Қорғаныс министрінің орынбасары:
«Бұл жабық әскери қалашықта жылдам тұрғызылатын, қажет болса тұрған жерін ауыстыруға болатын тұрғын үй. Мұндай үйді сатып алу қысқа уақытта әскерді тұратын орынмен қамтамасыз етуге, ал геосаяси жағдай өзгергенде, оларды шығынсыз басқа жерге көшіруге мүмкіндік береді».

Ал, сенатор Мұрат Бақтиярұлы әскери кафедрасы бар оқу орындарын сынға алды. Халық қалаулысының сөзінше, соңғы 6 жылда 11 оқу орнында әскери кафедра ашылған. Яғни, білім ошақтары аталмыш кафедраны табыс көзіне айналдырып алған. Ондай бөлімдерде құрам мен құрылымды оңтайландыру керек дейді.

Мұрат Бақтиярұлы – ҚР Парламенті сенатының депутаты:
«Жүргізілген талдау әскери кафедралар бойынша мамандар даярлаудың бірқатар мәселелері бар екенін көрсетіп берді. Жасыратыны жоқ, әскери кафедрасы бар университеттер талапкерлер арасында үлкен сұранысқа ие, өйткені олар армияда қызмет етуден босатылуға заңды негіз береді. Мұны жоғары оқу орындарының басшылары жақсы біледі және қосымша пайда табу үшін әскери кафедра ашуға тырысады».

Пікір қалдыру

Your email address will not be published. Required fields are marked *