5 қараша 2026, бейсенбі ☀️ Түркістан +6°C
  • USD 452,91
  • EUR 509,43
  • CNY 67,87
  • RUB 5,53
Жедел
СОТ ӘДІЛДІГІ – ҚҰҚЫҚТЫҚ МЕМЛЕКЕТТІҢ ТІРЕГІ ЕҢБЕКТЕГІ ӘДІЛДІК – ҚОҒАМДЫҚ ДАМУДЫҢ НЕГІЗІ Казахстан занял шестое место в мире по восстановлению пресных водоёмов Казахстан восстанавливает водоёмы от Арала до Каспия Жетісуда Президент Жолдауындағы міндеттер мен өңірдің өзекті мәселелері талқыланды Депутаты Курултая встречаются с жителями Карагандинской области для разъяснения Послания Цифрландыру және ЖИ: AI және білім беру Арман Қырықбаев шығармашыл жастармен Мемлекет басшысының Жолдауы мен жастар саясатының басым бағыттарын талқылады
Әлем

Киевте телемұнара жарылды

Тек әскери нысандарға оқ жаудырамыз деген Ресей әскері Украина телемұнарасын жарды. Мақсаты да анық. Украиналық барлық орталық арналар сол ғимарат арқылы хабар таратады. Салдарынан телеарналар бірнеше сағат бойы жұыммысын тоқтатуға мәжбүр болды. Алайда, кейіннен Перший, Ай-Си-Тиви секілді арналар жұмысын жандандырды.

Владимир Зеленский болса, Батыс елдерінің басты телеарналарына сұхбат берді. Онда АҚШ және Еуропалық Одақ елдеріне алғыс білдірді. Украина басшысының айтуынша, қарулы күштер агрессорға тойтарыс беруде. Ал, жаңа лек әскерилердің жіберілуі Ресейдің абдырап қалғанын білдіреді.

Владимир Зеленский – Украина президенті:
«Мен жақында АҚШ Президенті Джо байденмен сөйлестім. Оған жағдайымызды түсіндірдім. Украина әскері ерлікпен шайқасса да, Ресейге қарсы тұру өте қиын. Сондықтан көмек керек. Агрессор жалпы славяндардың астанасы Киевті атқылап жатыр. Бұл олардың тасжүректігінің белгісі. Келіссөздерде нәтиже болуы үшін әскерін кері шегіндірсін. Ал, Ресей біздің НАТО құрамына қабылданғанымызды қаламаса, Альянспен бірлесіп, қауіпсіздігімізге кепілдік беруі тиіс».

Қазір ұрыс даласынан келген ақпараттарға сенер болсақ, сепаратистерге қарсы соғысып жатқан Украина әскері қоршауда қалған. Сонымен қатар, тағы бір Ресей колоннасы Кривой Рог қаласын қоршауға дайындалып жатқаны да айтылуда.

Пікір қалдыру

Your email address will not be published. Required fields are marked *