4 қараша 2026, сәрсенбі ⛅ Түркістан +12°C
  • USD 453,26
  • EUR 506,70
  • CNY 67,93
  • RUB 5,58
Жедел
Цифрландыру және ЖИ: AI және білім беру Арман Қырықбаев шығармашыл жастармен Мемлекет басшысының Жолдауы мен жастар саясатының басым бағыттарын талқылады АЭС “Балхаш“: когда начнётся строительство и что нужно знать о будущем проекте «ХАЛЫҚТЫҚ ҚҰРЫЛЫС» – ӘРБІР ӨҢІРДІҢ ДАМУЫНА ЖАҢА СЕРПІН СУ ҮНЕМДЕУ МӘДЕНИЕТІН ҚАЛЫПТАСТЫРУ – ОРТАҚ ЖАУАПКЕРШІЛІК ИНВЕСТИЦИЯ – ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ӘЛЕУЕТІН АРТТЫРАТЫН ҚОЗҒАУШЫ КҮШ Глава государства принял основателя Network School Баладжи Шринивасана Юлия Кучинская: Рост городов должен сопровождаться развитием инфраструктуры
Экономика

Ресей банктерінің “Свифттен” ажырауы елімізге қауіпті емес

Ресей банктерінің SWIFT-ке кіру рұқсатын бұғаттау Қазақстанға әсер етпейді. Бұл туралы Үкімет отырысында Ұлттық банк төрағасы мәлімдеді. Ғалымжан Пірматовтың айтуынша, аталмыш өзгеріс елдің төлем нарығына тікелей қауіп төндірмейді. Қазір ақша аударымдарын жүргізу жөніндегі барлық операциялары штаттық режимде жүзеге асырылып жатыр. SWIFT жүйесінен ажыратылған Ресей банктерінің клиенттерімен трансшекаралық операцияларды қамтамасыз ету үшін өзара есеп айырысуларды жүргізудің балама тетіктері дайындалған. Осыған орай Ұлттық Банк нарықтарды қадағалап, жағдай бұдан әрі нашарлаған кезде қаржылық тұрақтылықты қамтамасыз ету үшін пәрменді шаралар қабылдауын жалғастыратынын айтты.

Ғалымжан Пірматов – Ұлттық банк төрағасы:

«Ұлттық Банк нарықтық бағам белгілеуге кедергі келтірмей және белгілі бір бағам деңгейінің таргеттелуін болдырмастан, еркін өзгермелі бағам кезінде инфляциялық таргеттеу режимін ұстануды жалғастырады. Бұл ретте, біз қаржылық тұрақтылық үшін тәуекелдер күшейген жағдайда валюталық интервенцияларды жүргізуді жалғастырамыз».

Пікір қалдыру

Your email address will not be published. Required fields are marked *