Іздеу нәтижесі табылмады
View All Result
Saqnews.kz
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
    • Аймақ
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Экономика
  • Спорт
  • Әлеумет
    • Білім
    • Денсаулық
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
    • Аймақ
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Экономика
  • Спорт
  • Әлеумет
    • Білім
    • Денсаулық
Іздеу нәтижесі табылмады
View All Result
Saqnews.kz
Іздеу нәтижесі табылмады
View All Result
Басты бет Билік

«Nur Otan» партиясының атауы «Аманат» деп өзгертілді

«Nur Otan»  партиясының атауы «Аманат» деп өзгертілді
1 марта, 2022
in Cаясат, Билік
0
0
SHARES
13
VIEWS

Нұр-Отан партиясы бұдан былай жоқ. Нақтырақ айтсақ, бүгіннен бастап партия атауы «Аманат» деп өзгертілді. Бұл ұсынысты Мәжіліс спикері Ерлан Қошанов ұйымның кезектен тыс сьезінде мәлімдеді. Сондай ақ, партияның атқарушы хатшысы әлеуметтік желіде жаңа логотипті таныстырды. Бұрын Нұр Отан көк түсті пайдаланса, Аманат жасыл түсті құп көрді. Логотипте Қазақстанның картасы да бейнеленген.

Қаңтар оқиғасынан кейін кейін елде басқарушы «Нұр Отан» партиясына сын күшейді. Митингтерде кейбір белсенділер билік екі ай ішінде саяси реформаны бастамаса, қаңтар оқиғасы қайталануы мүмкін екенін ескерткен. Ал 28 қаңтарда президент Қасым-Жомарт Тоқаев партия төрағасы болып сайланып, оның жұмысын түбегейлі өзгерту қажеттігін айтқан еді. Өзгеріс партияның атауынан басталды. Аманат сөзі айрықша мәнге ие деген мемлекет басшысы бұл атауды бірден қолдады. Сондай ақ, ол партиядағы қағазбастылықты, бюрократияны сынап, одан бас тарту керек деді.

Қасым-Жомарт Тоқаев – ҚР президенті:
«Партия популизмге берілмеуі керек және қолдан келмейтінді уәде етіп, сосын қажетті сандарды талап етіп премьер-министр мен оның кабинеті мүшелерін айыптамауы керек. Осылайша, күмән мен халықтың партяға деген сенімсіздігі туады. Мұның бәрі – көзбояушылық».

7 бағытқа басымдық берген партия халықпен кері байланыс орнатуды алғашқылардың бірі ретінде қабылдаған. Одан өзге, ауыл жастарына арналған «Өрлеу» жобасы да іске қосылады. Ал партияның Түркістан облыстық филиалы жаңа бағыттағы жаңа ұстанымдарға оң көзқараста.

Бейсен Тәжібаев – «Аманат» партиясы түркістан облыстық филиалының төрағасы:
«Өзгерістер енгізіліп отыр, оның бірі партияда кадрлар дайындау мәселесіне жіті назар аударады. Және халықтың ой пікір ұстанымдарын жинастырып, тиісті мемлекеттік органдар арқылы нақты іске асыру тетіктерін жүзеге асыруға жұмыс істейтін болады. ең бастысы халықпен кері байланыс еселеп арту керек».
Сондай-ақ кезектен тыс 22-съездің дәл бүгін өтуі бекер емес. Мұның символдық мәні бар. 23 жыл бұрын дәл осы күні «Nur Otan» партиясы құрылған еді. Енді 1 наурыз Аманат болып, қайтадан түлеп отыр деді Төраға.

Президент партия жұмысын жаңғыртуды жеделдетуді тапсырды. Оның айтуынша, ел азаматтарының талап-тілектеріне толық жауап беруі үшін партияны жүйелі түрде қайта құру қажет. Сондай-ақ, партия заманауи сын-қатерлерге төтеп беруге және жедел әрекет етуге тиіс.

Tags: "Nur Otan" партиясының атауы "Аманат" деп өзгертілдіTurkistanzaman.kz
Алдыңғы жаңалық

Ресейге салынған сакциялар

Келесі жаңалық

Ресей банктерінің "Свифттен" ажырауы елімізге қауіпті емес

Ұқсас жаңалықтар

Мемлекет басшысы CITIC Group компаниясы директорлар кеңесінің төрағасы Си Гохуаны қабылдады
Cаясат

Мемлекет басшысы CITIC Group компаниясы директорлар кеңесінің төрағасы Си Гохуаны қабылдады

28 мая, 2025
Президент бірқатар елдің елшісін тағайындады
Cаясат

Президент бірқатар елдің елшісін тағайындады

23 мая, 2025
Президент Түркі мемлекеттері ұйымының бейресми саммитіне қатысты
Басты жаңалықтар

Президент Түркі мемлекеттері ұйымының бейресми саммитіне қатысты

21 мая, 2025
Түркістанда жаңа перзентхана салынады
Cаясат

Түркістанда жаңа перзентхана салынады

13 мая, 2025

ЖАҢАЛЫҚТАР ТІЗБЕГІ

Бірлігі ажырамаған Қазақстан – Бүкіл ұлт өкілдері бақытты күн кешетін Қазақстан

20 августа, 2025

Бірлік пен ынтымақтастық – Қазақстанның Тірегі

19 августа, 2025

Түркістан облысында халықтар достығы мен бірлігін нығайтуға басымдық берілуде

18 августа, 2025

КЕЛЕС АУДАНЫ АБАЙ АУЫЛЫ АҚСАҚАЛДАР КЕҢЕСІНІҢ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ

16 августа, 2025

Елдесу және татуласу – бейбіт өмірдің кепілі 🤝

16 августа, 2025

ТҮРКІСТАН: ҚХА-НЫҢ «САЛАУАТТЫ САНА» ЖОБАСЫ АЯСЫНДА «БЕС НӘРСЕДЕН ҚАШЫҚ БОЛ» ТАҚЫРЫБЫНДА ІС-ШАРА ӨТТІ

15 августа, 2025

«ДОСТЫҚ КЕРУЕНІ» ЖОБАСЫ АЯСЫНДА ТҮРКІСТАНДА АҚПАРАТТЫҚ-НАСИХАТТЫҚ КЕЗДЕСУ ӨТТІ

15 августа, 2025

Түркістан облысында халықтар достығы мен ынтымақтастығы нығаюда

14 августа, 2025

ТҮРКІСТАНДА ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЖАСТАР КҮНІНЕ ОРАЙ МЕРЕКЕЛІК КОНЦЕРТ ӨТТІ

13 августа, 2025
Келесі жаңалық
Ресей банктерінің «Свифттен» ажырауы елімізге қауіпті емес

Ресей банктерінің "Свифттен" ажырауы елімізге қауіпті емес

  • РЕДАКЦИЯНЫҢ МЕКЕНЖАЙЫ:
  • 161200, Түркістан қаласы
  • E-mail: info@saqnews.kz, 
  • www.saqnews.kz
  • Техникалық қолдау: 77025700309

Құпиялылық саясат

Басты жаңалықтар

КЕЛЕС АУДАНЫ АБАЙ АУЫЛЫ АҚСАҚАЛДАР КЕҢЕСІНІҢ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ

КЕЛЕС АУДАНЫ АБАЙ АУЫЛЫ АҚСАҚАЛДАР КЕҢЕСІНІҢ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ

saqnews.kz
16 августа, 2025
0

Түркістан облысында халықтар достығы мен бірлігін нығайтуға басымдық берілуде

Түркістан облысында халықтар достығы мен бірлігін нығайтуға басымдық берілуде

saqnews.kz
18 августа, 2025
0

Серіктестер

  • Редакция
  • Бізбен байланыс
  • Жарнама

© 2024 saqnews.kz

Іздеу нәтижесі табылмады
View All Result
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Спорт

© 2024 saqnews.kz