5 қараша 2026, бейсенбі ☀️ Түркістан +6°C
  • USD 452,91
  • EUR 509,43
  • CNY 67,87
  • RUB 5,53
Жедел
СОТ ӘДІЛДІГІ – ҚҰҚЫҚТЫҚ МЕМЛЕКЕТТІҢ ТІРЕГІ ЕҢБЕКТЕГІ ӘДІЛДІК – ҚОҒАМДЫҚ ДАМУДЫҢ НЕГІЗІ Казахстан занял шестое место в мире по восстановлению пресных водоёмов Казахстан восстанавливает водоёмы от Арала до Каспия Жетісуда Президент Жолдауындағы міндеттер мен өңірдің өзекті мәселелері талқыланды Депутаты Курултая встречаются с жителями Карагандинской области для разъяснения Послания Цифрландыру және ЖИ: AI және білім беру Арман Қырықбаев шығармашыл жастармен Мемлекет басшысының Жолдауы мен жастар саясатының басым бағыттарын талқылады
Әлем

Ресей басқыншылығына қарсы көптеген елдерде протест өтуде

Ресейдің Украинаға қатысты әрекетіне қарсы әлем елдерінің наразылығы күшейді. Бірнеше мемлекетте соғысқа қарсы шерулер өтіп жатыр. Германия астанасы Берлинде жүздеген адам көшеге шығып, Украинаның туын алып жүрді. Олар өзге де халықтың өз қатарына қосылып, соғысқа қарсы тұруға шақырды. Ал АҚШ-та АҚ үйдің алдына да жүздеген адам наразылық білдірді. Жұрт қолдарына «Путин соғысты тоқтат», «Украинада бейбіт адамдар көз жұмып жатыр» деген плакаттар алып шығып, ұрандатқан.

Сондай-ақ Ыстамбұл қаласында да түрік халқы наразылыққа шықты. Олардың арасында Украиналық эмигранттар да бар. Шерушілер соғысқа қарсы екенін білдіретін плакаттар ұстап, Ресейдің әрекетін айыптады.

Наталья – тұрғын:
“Путин алған бетінен қайтатын түрі жоқ. Ол қайтадан Кеңес одағын құрғысы келеді. Укринаны, , Белоруссия тіпті Молдованы да басып алуы мүмкін. Алдымызда не күтіп тұрғанын білмейміз. Сондықтан барлық әлем адамзатқа қатер төндірген соғысқа қарсы шығуымыз керек. Бірікпесек, қаншамың бейбіт тұрғын көз жұмуы мүмкін”.

Пікір қалдыру

Your email address will not be published. Required fields are marked *