Теңгелік депозиттерге 10 % сыйақы беріледі

Төл ақшамыздың құнсыздануына байланысты теңгелік депозиттерге 10 пайыз сыйақы қосылады. Бұл туралы Ұлттық банк мәлімдеді. Бастамаға 2022 жылғы 23 ақпан күнгі жағдай бойынша бір немесе бірнеше екінші деңгейдегі банкте және «Отбасы банк» акционерлік қоғамында ашылған жеке тұлғалардың теңгедегі салымдары қатысады. 10% мөлшеріндегі сыйақы әрбір банкте 20 млн теңгеден аспайтын сомадағы салымдарға 1 рет есептеледі. Одан жеке табыс салығы салынбайды.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *