Іздеу нәтижесі табылмады
View All Result
Saqnews.kz
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
    • Аймақ
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Экономика
  • Спорт
  • Әлеумет
    • Білім
    • Денсаулық
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
    • Аймақ
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Экономика
  • Спорт
  • Әлеумет
    • Білім
    • Денсаулық
Іздеу нәтижесі табылмады
View All Result
Saqnews.kz
Іздеу нәтижесі табылмады
View All Result
Басты бет Өзекті мәселе

Ел азаматтары эвакуацияланады

Ел азаматтары эвакуацияланады
24 февраля, 2022
in Cаясат, Билік, Өзекті мәселе
0
0
SHARES
10
VIEWS

Қазақстан өз азаматтарын Украинадан эвакуациялайды. Бұл туралы Қазақстанның сыртқы істер министрлігі хабарлады. Министрліктің мәліметінше, 517 адам уақытша, 1113 адам тұрақты консулдық есепте тұр. Алайда СІМ бұл сандар әлі де өзгеруі мүмкін екенін атап өтті.

Харьковтағы авиациялық институтта оқып жатқан қазақстандық студенттер жарылыстан қорғану аумақтарына орналастырылды. Олар әзірге елімізге эвакуациялау шараларын күтіп жатыр. Жарылыстар басталған кезде шошынған студенттер жатақханадан қашып, бірден оқу ғимаратына жиналған. Қазір Харьковтегі Қазақстан консулдығында сонда білім алып, болмаса жұмыс істеп жүрген отандастырымыздың толық тізімі жасалып жатыр.

Ал Қазақстанның әуе компанияларына Украинаның үстінен ұшуға тыйым салынды. Еліміздің авиациялық әкімшілігі тұрақты, жүк және чартерлік әуе тасымалдарын орындайтын отандық әуе компанияларына нұсқаулық жіберді. Онда жағдай тұрақталғанға дейін Украина аумағына және оның әуе кеңістігінің үстінен азаматтық әуе кемелеріне ұшуға шектеу қойды. Сондықтан бұл соғыс ошағында жүрген ел азаматтарын алып шығуға кедергі келтіріп отыр.

Мұхтар Тілеуберді – ҚР Сыртқы істер министрі:
«Киевтегі Елшілігіміз қазіргі уақытта толықтай жұмыс істеп тұр. Украинадағы азаматтарымызбен байланысып отырмыз. Оларды эвакуациялау жағдайы туындаған кездегі жолдардың да қарастырылып жатқаны сөзсіз. Қандай да бір әскери іс-қимыл орын алған жағдайда азаматтарымызға шұғыл түрде Киевтегі елшілігімізге хабарласу керек»

Еліміздің Украинадағы төтенше және өкілетті елшісі Дархан Қалетаев отандастарымызды эвакуациялау жолдары туралы айтты. Оның сөзіне қарағанда, Украинаның әуе кеңістігі жабық, сондықтан елшілік басқа жолды қарастырып жатыр екен.

Дархан Қалетаев – Қазақстанның Украинадағы төтенше және өкілетті елшісі:
«Әуежай іздеп жатырмыз. Қай жерге Air Astana’ның ұшағы қонатын мүмкіндік барын анықтау керек. Беларусьпен шекара жабық. Молдоваға автокөлік жолы Одесса арқылы баратындықтан қауіпті. Ол жерлерде соғыс болып жатыр. Ең қауіпсізі Львов қаласы, азаматтарға сол жаққа баруды ұсынып жатырмыз. Ары қарай Польша не Венгрияға шығаруға тырысамыз. Азаматтардың Еуропа елдеріне визасы жоқ, сондықтан қай мемлекет бізге жасыл дәліз бере алатынына байланысты. Әзірге жоспар осындай»

Украинадағы Қазақстан елшілігінің мәліметінше, 2 мыңдай азамат консулдық тіркеуінде тұр. Олар елшілікке Киев қаласы, Ильенко көшесі, 26-үй мекен-жайы бойынша және «жедел желі» телефондары арқылы хабарласа алады:

Жедел-желі телефондары:
+38 (067) 347 04 08 (WhatsApp, Viber),
+38 (044) 483 15 96, +38 (044) 489 18 58.

Tags: Turkistanzaman.kzел азаматтары эвакуацияланадыУкраина-Ресей
Алдыңғы жаңалық

«Утиль алым түскенімен, көлік арзандамайды»

Келесі жаңалық

Соғыс жағдайы енгізілді

Ұқсас жаңалықтар

ЖАЛҒАН АҚПАРАТТАР ЕЛ ІШІНДЕГІ ТҰРАҚТЫЛЫҚ ПЕН ҚОҒАМДЫҚ СЕНІМГЕ ҮЛКЕН ҚАУІП ТӨНДІРУДЕ
Басты жаңалықтар

ЖАЛҒАН АҚПАРАТТАР ЕЛ ІШІНДЕГІ ТҰРАҚТЫЛЫҚ ПЕН ҚОҒАМДЫҚ СЕНІМГЕ ҮЛКЕН ҚАУІП ТӨНДІРУДЕ

4 июня, 2025
ТҮРКІСТАН: МАЛ АЗЫҒЫН ДАЯРЛАУ ЖҰМЫСЫ ЖӘНЕ АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ ЗИЯНКЕСТЕРІНЕ ҚАРСЫ КҮРЕС ЖАЛҒАСУДА
Басты жаңалықтар

ТҮРКІСТАН: МАЛ АЗЫҒЫН ДАЯРЛАУ ЖҰМЫСЫ ЖӘНЕ АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ ЗИЯНКЕСТЕРІНЕ ҚАРСЫ КҮРЕС ЖАЛҒАСУДА

2 июня, 2025
ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА 1 МЫҢ ШАҚЫРЫМНАН АСТАМ ЖОЛ МЕН КӨШЕДЕ ҚҰРЫЛЫС-ЖӨНДЕУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРІП ЖАТЫР
Басты жаңалықтар

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА 1 МЫҢ ШАҚЫРЫМНАН АСТАМ ЖОЛ МЕН КӨШЕДЕ ҚҰРЫЛЫС-ЖӨНДЕУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРІП ЖАТЫР

2 июня, 2025
N16 КОЛЛЕДЖІНДЕ “ТӘРТІП ТӘН ҮШІН, ЫНТЫМАҚ ЖАН ҮШІН КЕРЕК” АТТЫ КЕЗДЕСУ ӨТТІ
Басты жаңалықтар

N16 КОЛЛЕДЖІНДЕ “ТӘРТІП ТӘН ҮШІН, ЫНТЫМАҚ ЖАН ҮШІН КЕРЕК” АТТЫ КЕЗДЕСУ ӨТТІ

2 июня, 2025

ЖАҢАЛЫҚТАР ТІЗБЕГІ

Бірлігі ажырамаған Қазақстан – Бүкіл ұлт өкілдері бақытты күн кешетін Қазақстан

20 августа, 2025

Бірлік пен ынтымақтастық – Қазақстанның Тірегі

19 августа, 2025

Түркістан облысында халықтар достығы мен бірлігін нығайтуға басымдық берілуде

18 августа, 2025

КЕЛЕС АУДАНЫ АБАЙ АУЫЛЫ АҚСАҚАЛДАР КЕҢЕСІНІҢ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ

16 августа, 2025

Елдесу және татуласу – бейбіт өмірдің кепілі 🤝

16 августа, 2025

ТҮРКІСТАН: ҚХА-НЫҢ «САЛАУАТТЫ САНА» ЖОБАСЫ АЯСЫНДА «БЕС НӘРСЕДЕН ҚАШЫҚ БОЛ» ТАҚЫРЫБЫНДА ІС-ШАРА ӨТТІ

15 августа, 2025

«ДОСТЫҚ КЕРУЕНІ» ЖОБАСЫ АЯСЫНДА ТҮРКІСТАНДА АҚПАРАТТЫҚ-НАСИХАТТЫҚ КЕЗДЕСУ ӨТТІ

15 августа, 2025

Түркістан облысында халықтар достығы мен ынтымақтастығы нығаюда

14 августа, 2025

ТҮРКІСТАНДА ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЖАСТАР КҮНІНЕ ОРАЙ МЕРЕКЕЛІК КОНЦЕРТ ӨТТІ

13 августа, 2025
Келесі жаңалық
Соғыс жағдайы енгізілді

Соғыс жағдайы енгізілді

  • РЕДАКЦИЯНЫҢ МЕКЕНЖАЙЫ:
  • 161200, Түркістан қаласы
  • E-mail: info@saqnews.kz, 
  • www.saqnews.kz
  • Техникалық қолдау: 77025700309

Құпиялылық саясат

Басты жаңалықтар

КЕЛЕС АУДАНЫ АБАЙ АУЫЛЫ АҚСАҚАЛДАР КЕҢЕСІНІҢ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ

КЕЛЕС АУДАНЫ АБАЙ АУЫЛЫ АҚСАҚАЛДАР КЕҢЕСІНІҢ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ

saqnews.kz
16 августа, 2025
0

Түркістан облысында халықтар достығы мен бірлігін нығайтуға басымдық берілуде

Түркістан облысында халықтар достығы мен бірлігін нығайтуға басымдық берілуде

saqnews.kz
18 августа, 2025
0

Серіктестер

  • Редакция
  • Бізбен байланыс
  • Жарнама

© 2024 saqnews.kz

Іздеу нәтижесі табылмады
View All Result
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Спорт

© 2024 saqnews.kz