Көптің көкейінде жүрген түйіткілге нүкте қойылды. Күні бүгін Премьер-Министрдің бірінші орынбасары Роман Скляр утилалымға қатысты мәлімдеме жасады. Елімізде автокөліктер мен ауылшаруашылық техникаларын қайта өңдеу ақысы 50%-ға төмендеді дейді. Алайда бұл көрсеткіш көлік бағасының арзандауына сеп болмайды деп белсенділер. Бұл мәселеге қатысты жұрттың пікірі қандай?
«Утилалымның бағасын жұрттың қалағанындай түсіре алмаймыз». Осылай деп хабар24 арнасына сұқбат берген вице-министр Роман Скляр оның мөлшері 50 % төмендегенін мәлімдеді.
Роман Скляр – ҚР Премьер министрінің бірінші орынбасары:
«Бұл машина жасау саласының беделін түсіріп, елге «автоқоқыс» деп аталатын заттар әкелінеді. Сондай-ақ 100 млрд теңге отандық өндірістің жеңілдетілген автонесиелеріне бағытталады. Олар РОП операторы «Жасыл даму» серіктестігіне аударған бос қалдықтардан алынады. Барлығы 200 млрд теңге бар. Бағдарламаның шарттары жылдық 4 пайызды құрайды, бастапқы жарна жоқ. Бұрын бұл құнының 20% болса да. 70 мыңнан астам қазақстандық қолжетімді бағамен көлік сатып ала алады деп күтілуде».
Айта кетері, Қазақстанда утилизациялық алым айлық есептік көрсеткішпен есептеледі. 2022 жылда бір АЕК 3 063 теңге болып белгіленді. Алайда «Утильсборға жол жоқ» қоғамдық қозғалысының белсенділері бұл мәлімдемеге аса қуанбай отыр. Себебі бұл көлік тапшылығын шешпейді, оның арзандауына себеп болмайды дейді. Өз талабымыздан тайқымаймыз дегендер мәселені шешу үшін соңына дейін күрестінін жеткізді.
Нұраддин Садықов — «утильсборға жол жоқ» қоғамдық қозғалысының белсендісі:
«Біз соңына дейін күресеміз. Жеңіл көліктерге утиль алымды 100 мың теңгеге дейін, ал қалған ауыл шаруашылығы мен өзге техникаларға 0 теңге деген ұстанымда тұрамыз. Себебі мұның дұрыс емес екендігін және халықты қанап отырған әрекет екенін дәлелдей түсіп, көздері жетпесе тағы да басқа әрекеттерге баруға тырысамыз».
Бұл жаңалыққа тұрғындардың да көңілі көншімеді. Алым арзандаса, көлікті боламын деп жоспарлағандардың салы суға кетті. Халықпен санаспай, министрлік неге мұндай шешімге келді дейді көпшілік
САУАЛНАМА: «Көңіліміз толмайды.Біз алым азайса, көлікті болып қаламыз деп жүр едік».
«Алдағы уақытты бұл мөлшер бағасы арзандайтын шығар деп үміттенеміз».
«Расында, біз жақсы жаңалық күттік».
Сонымен қатар енді 4 проценттік мөлшерлемемен 7 жылға жеңілдетілген автонесие беріледі. Бастысы, алғашқы жарна төлеу талап етілмейді. Ол үшін «Жасыл даму» компаниясы 100 млрд теңге бөледі. Бұл жеңілдікті 71 мың тұрғын пайдалана алады. Ал 30 млрд теңге автобус паркін жаңғыртуға жұмсалады.