5 қараша 2026, бейсенбі ☀️ Түркістан +6°C
  • USD 452,91
  • EUR 509,43
  • CNY 67,87
  • RUB 5,53
Жедел
СОТ ӘДІЛДІГІ – ҚҰҚЫҚТЫҚ МЕМЛЕКЕТТІҢ ТІРЕГІ ЕҢБЕКТЕГІ ӘДІЛДІК – ҚОҒАМДЫҚ ДАМУДЫҢ НЕГІЗІ Казахстан занял шестое место в мире по восстановлению пресных водоёмов Казахстан восстанавливает водоёмы от Арала до Каспия Жетісуда Президент Жолдауындағы міндеттер мен өңірдің өзекті мәселелері талқыланды Депутаты Курултая встречаются с жителями Карагандинской области для разъяснения Послания Цифрландыру және ЖИ: AI және білім беру Арман Қырықбаев шығармашыл жастармен Мемлекет басшысының Жолдауы мен жастар саясатының басым бағыттарын талқылады
Қоғам

Этномәдени бірлестік өкілдері құрылысшыларға құрмет көрсетіп, алғысын жеткізді

Жүректі жылытар жылы сөз, бір-біріне жақсылық жасау, ризашылық сезім, ақ тілекпен алғыс білдіру – адамзат баласының ең ізгі қасиеттері екені белгілі.

Осы орайда, 1 наурыз – Алғыс айту күніне орай, Түркістан қалалық өзбек этномәдени бірлестігінің ұйытқы болуымен шаһардағы құрылыс нысандарында қызу еңбек етіп жатқан жұмысшыларға түскі ас үлестірілді.

Ізгі шараны ұйымдастырушылар алдымен Түркістан қаласында бой көтеріп жатқан «Дарын» мектеп-интернатының құрылыс нысанына барып, жұмысшыларға жүрекжарды лебіздерін жеткізді.

Өз кезегінде құрылыс орнындағы учаске басшысының көмекшісі Марат Жахаев Алғыс айту күні мерекесі тұрғындарды бірлікке, татулыққа үндейтінін тілге тиек етіп, осындай игі іске қолдау білдірген барша азаматтарға алғысын айтты. Оның айтуынша, құрылыс алаңында мектеп-интернаттың 700 оқушыға арналған ғимараты мен 500 орындық жатақханасы қызу жүргізілуде. Құрылыс жұмыстары былтыр сәуір айында басталған. Білім ордасы биыл пайдалануға беріледі деп жоспарлануда.

Айта кетейік, бүгінгі ізгі шара барысында жалпы 120-дан аса құрылысшыға түскі ас үлестірілді.

Аталған қайырымдылық шарасына атсалысып, азаматтық танытқан Қарнақ ауылдық өзбек этномәдени бірлестігінің төрағасы Бегзад Хабибов барша жұртшылықты Алғыс айту күнімен құттықтап, еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын деген лебізін жеткізді.

Пікір қалдыру

Your email address will not be published. Required fields are marked *