4 қараша 2026, сәрсенбі 🌧️ Түркістан +11°C
  • USD 453,26
  • EUR 506,70
  • CNY 67,93
  • RUB 5,58
Жедел
СОТ ӘДІЛДІГІ – ҚҰҚЫҚТЫҚ МЕМЛЕКЕТТІҢ ТІРЕГІ ЕҢБЕКТЕГІ ӘДІЛДІК – ҚОҒАМДЫҚ ДАМУДЫҢ НЕГІЗІ Казахстан занял шестое место в мире по восстановлению пресных водоёмов Казахстан восстанавливает водоёмы от Арала до Каспия Жетісуда Президент Жолдауындағы міндеттер мен өңірдің өзекті мәселелері талқыланды Депутаты Курултая встречаются с жителями Карагандинской области для разъяснения Послания Цифрландыру және ЖИ: AI және білім беру Арман Қырықбаев шығармашыл жастармен Мемлекет басшысының Жолдауы мен жастар саясатының басым бағыттарын талқылады
Қоғам

Жаңа жыл тойлауға рұқсат

Жаңа жыл  жақындап келеді. Осы кезде әдеттегідей тойхана мен мейрамханалар бос болмайды. Алайда жыл соңы таяғанда індет барлығын бір тиын қылса таң қалмаймыз. Себебі былтыр мерекені тойлауға қатаң тыйым салынды. Ал биыл ше? Корпоративті кештерді өткізуге рұқсат бар ма? Мерекені тойлауға тұрғындар қалай шығынданады? Толығырақ тілші материалында.

Қымбатшылық қысып тұрса да, жұрт жаңа жыл мерекесін мол дастархан жайып, жақындарымен қарсы алғанды әдетке айналдырған. Түркістандықтар желтоқсанның соңындағы мерекені тойлауға  100-150 мың тең жұмсаймыз дейді.

Блиц-сауалнама

«Енді қарсы алмасаң болмайды ғой. Көп емес енді кішігірім».

«Туыс туғандарға сыйлық жасайсың, басқасы бар. Білмеймін бір 100-150 мыңдай кетеді ғой».

«Енді бір 50-60 мың кетіп қалады».

Былтыр Жаңа жыл мерекесін тойлауға түбегейлі тыйым салынды. Ал биыл оған ресми түрде рұқсат беріліп отыр. Бірақ қонақтар саны мейрамхана мен дәмхананың көлеміне байланысты 50 пайыздан аспау керек. Яғни мерекелік кешті 100 адамға дейін өткізуге болады.

Нұрбек Нышанов, облыстың бас санитарлық дәрігері:

«100 орыннан артық емес, 50 пайыздан асырмастан өткізуге болады. Бірақ тек қана алгоритм бойынша, санитарлық талаптарды орындау керек. Температура өлшеу керек. Маскалық режим болу керек. Бірақ біз шектеу қоя алмаймыз. Маман ретінде ұсынып отырмыз. Қазір Францияның Президенті барлығын карантинге жауып жатыр».

Шектеу қоя алмаймыз деп ашып айтқан бас дәрігер елдегі эпидахуалды ескермегендей. Себебі індет басталғалы өңірде 16 мыңға жуық  адам коронавирус жұқтырған. Ал соңғы тәулікте 3 науқастан вирустың белгілері анықталды. Дәрігерлер болса шетелдік жаңа штамм жұқпалы. Одан бөлек халық арасында әлдеқайда тез таралады дейді.

Ақбота Мырзахметова, дәрігер:

«Бұл Түркістан қаласында анықталған жоқ.  Оның негізгі симптомдары: тамақтың қышуы, әлсіздік, жиі түшкіру. Яғни осы симптомдар байқалса, дәрігерге баруларыңызды сұранамыз. Сонымен қатар той жиындарға, корпоративті отырыстарға адам көп жиналатын жерге бармауларыңызды сұранамыз».

Сонымен, биыл Жаңа жылды қарсы алуға ешқандай тыйым жоқ. Тек, қонақтар саны тамақтану орындары мен мейрамханалардың жартысынан аспауы керек. Сондай ақ, санитарлық талапты сақтай отыра түнгі 2:00 ге дейін ашық болады. Алайда ақ халаттылар арқаны кеңге жаюға негіз жоқ деп отыр. Себебі елімізде індет басталғалы 5203 адам кеселден көз жұмған.

Пікір қалдыру

Your email address will not be published. Required fields are marked *