4 қараша 2026, сәрсенбі 🌧️ Түркістан +11°C
  • USD 453,26
  • EUR 506,70
  • CNY 67,93
  • RUB 5,58
Жедел
СОТ ӘДІЛДІГІ – ҚҰҚЫҚТЫҚ МЕМЛЕКЕТТІҢ ТІРЕГІ ЕҢБЕКТЕГІ ӘДІЛДІК – ҚОҒАМДЫҚ ДАМУДЫҢ НЕГІЗІ Казахстан занял шестое место в мире по восстановлению пресных водоёмов Казахстан восстанавливает водоёмы от Арала до Каспия Жетісуда Президент Жолдауындағы міндеттер мен өңірдің өзекті мәселелері талқыланды Депутаты Курултая встречаются с жителями Карагандинской области для разъяснения Послания Цифрландыру және ЖИ: AI және білім беру Арман Қырықбаев шығармашыл жастармен Мемлекет басшысының Жолдауы мен жастар саясатының басым бағыттарын талқылады
Қоғам

Енді өлім жазасы жоқ!

Елімізде өлім жазасы жоқ! Сенат жаңа заңды қабылдап, өліммен жазалауды алып тастады.  Енді ең қатаң жаза өмір бойына бас бостандығынан айыру болады. Ал өлім жазасы алмастырылғандарды мерзімінен бұрын шартты түрде босатуға тыйым салынады.

2006 жылы Қазақстан еуропа одақтың өлім жазасын жою туралы үндеуіне қосылған. Тәуелсіздік жылдары бұл жазаның аясы кезең-кезеңімен қысқартып отырды. 90 жылдары өлім жазасы 26 аса ауыр қылмыс үшін тағайындалған еді. Қолданыстағы қылмыстық кодексте 17 баптан қалдырған. Биыл қарашада мемлекет басшысы ұлттық қоғамдық сенім кеңесінде өлім жазасын ешбір шартсыз және ескертпесіз толық жою туралы мәселені көтерді. Ғалымдар, басқарушы органдар мен депутаттар жақтап, жаңа ережені бекітті.

Әсет Шындалиев, ҚР  Бас прокурордың орынбасары:

«Қылмыстық кодекстің 11- бабынан өлім жазасы қолданылатын жаза ретінде ережелер алынып тасталады. Бұл түзетулер соның ішінде жазалау жүйесі жазаны тағайындау және ауыстыру туралы баптардың қамтиды. Бұдан басқа, өлім жазасының түсінігі оны қолдану шарты мараторий кезіндегі талаптар туралы арнайы бап күшін жояды. Қылмыстық кодекстің  17-бабының санкцияларында өлім жазасы енді болмайды. Ең қатаң жаза өмір бойы бас бостандығынан айырылу болып қалады».

Пікір қалдыру

Your email address will not be published. Required fields are marked *