Іздеу нәтижесі табылмады
View All Result
Saqnews.kz
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
    • Аймақ
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Экономика
  • Спорт
  • Әлеумет
    • Білім
    • Денсаулық
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
    • Аймақ
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Экономика
  • Спорт
  • Әлеумет
    • Білім
    • Денсаулық
Іздеу нәтижесі табылмады
View All Result
Saqnews.kz
Іздеу нәтижесі табылмады
View All Result
Басты бет Басты жаңалықтар

Қырымбек Көшербаев түркістандықтарды тәуелсіздік мерекесімен құттықтады

SaqnewsSaqnews
10 декабря, 2021
in Басты жаңалықтар, Қоғам
0
0
SHARES
15
VIEWS

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың тапсырмасы бойынша Мемлекеттік хатшы Қырымбек Көшербаев Түркістан облысына жұмыс сапарымен келіп, Тәуелсіздіктің 30 жылдығына арналған салтанатты іс-шараға қатысты. Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев пен Түркістан өңірінің зиялы қауым өкілдері, еңбегімен дараланған азаматтары да мерекелік жиында Тәуелсіздіктің арқасында қол жеткен жетістіктер туралы ой қозғады.
Қырымбек Көшербаев Қазақстанның Тәуелсіздік жылдарында жеткен жетістіктерін, еліміздің басынан өткерген түрлі қиындықтар мен сынақтар жайында айтып өтті. Мемлекетіміздің нығайып, әлеуметтік-экономикалық дамуына, әлемдік аренада өзіндік орын алуына ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың ерен еңбек сіңіргенін жеткізді. Осындай жасампаз жолды Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев «Сабақтастық. Әділет. Өрлеу» принципімен, «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасымен лайықты жалғастырып жатқанына тоқталды.
– Тәуелсіздік жылдары еліміздің шекарасы бекемделді. Қазақстан Қарулы Күштерінің қорғаныс қабілеті нығайды. Әлемнің 138 елімен дипломатиялық қарым-қатынас орнаттық. Осы жылдар ішінде еліміздің ішкі жалпы өнімі 17 есе өсті. Біріккен Ұлттар Ұйымы, ЮНЕСКО, Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымы сияқты ірі халықаралық ұйымдарға мүше болып, төрелік айтып, төріне шықтық. Мемлекетіміз әлем халықтары алдында зор беделге ие болды, – деді Мемлекеттік хатшы.
Бұдан бөлек, Қырымбек Көшербаев Тәуелсіздік жылдарында Қазақстанның жаңа келбеті қалыптасқанын, аз ғана уақытта ғасырға пара-пар іс атқарылғанын жеткізді.
– Осы отыз жылда мемлекет жаңғырып, ұлт қайта түледі. Тәуелсіздік жылдары бой көтерген ғажайып елорда Отанымыздың жүрегіне, Тәуелсіздігіміздің тірегіне айналды. Халқымыз мақтан ететін еліміздің барлық өңірлерінде де ұланғайыр жасампаздық істер атқарылды. Мұның өзі біздің қуатты ел екенімізді паш етті. Сіздердің облыстарыңыз да басқа өңірлер сияқты ел экономикасының дамуына жылдан-жылға үлес қосып келеді, – деді Қырымбек Елеуұлы.
Мерекелік жиында Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев жұртшылықты Тәуелсіздігіміздің 30 жылдығымен құттықтап, Түркістан өңіріндегі оң өзгерістерге тоқталып өтті. Тәуелсіздіктің ұлы құндылық екенін жеткізді.

Жиында әртүрлі салада мемлекетіміздің мерейін асырып жүрген азаматтар ҚР Президентінің Жарлығымен мемлекеттік наградалармен марапатталды.
Тәуелсіздік мерекесіне арналған кеш Қазақстанның және Түркі елдерінің әншілерінің концерттік бағдарламасына ұласты.

Алдыңғы жаңалық

Телеграм арқылы есірткі тасмалы тиылмай тұр

Келесі жаңалық

Майнинг: қайтсек, қыруар табыс табуға болады?

Ұқсас жаңалықтар

КОЛЛЕДЖ ТЫНЫСЫ ФИЗИКА ЖӘНЕ МАТЕМАТИКА ПӘНДЕРІ БОЙЫНША ОБЛЫСТЫҚ ОЛИМПИАДА ӨЗ МӘРЕСІНЕ ЖЕТТІ
Аймақ

КОЛЛЕДЖ ТЫНЫСЫ СҮЙІНШІ ЖАҢАЛЫҚ!

19 мая, 2025
ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ: ЖАЗҒЫ МАУСЫМДА 41 МЫҢНАН АСТАМ БАЛА ЛАГЕРЬМЕН ҚАМТЫЛАДЫ
Басты жаңалықтар

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ: ЖАЗҒЫ МАУСЫМДА 41 МЫҢНАН АСТАМ БАЛА ЛАГЕРЬМЕН ҚАМТЫЛАДЫ

19 мая, 2025
ТҮРКІСТАН: СЫРДАРИЯ ӨЗЕНІ АУМАҒЫНА 111 ТОННАДАН АСТАМ БИОПРЕПАРАТ ҚҰЙЫЛДЫ
Басты жаңалықтар

ТҮРКІСТАН: СЫРДАРИЯ ӨЗЕНІ АУМАҒЫНА 111 ТОННАДАН АСТАМ БИОПРЕПАРАТ ҚҰЙЫЛДЫ

19 мая, 2025
Аудан әкімі Арман Қарсыбаев өнер майталманы Гүлшат Тутованы қабылдады
Басты жаңалықтар

Аудан әкімі Арман Қарсыбаев өнер майталманы Гүлшат Тутованы қабылдады

19 мая, 2025

ЖАҢАЛЫҚТАР ТІЗБЕГІ

КОЛЛЕДЖ ТЫНЫСЫ ФИЗИКА ЖӘНЕ МАТЕМАТИКА ПӘНДЕРІ БОЙЫНША ОБЛЫСТЫҚ ОЛИМПИАДА ӨЗ МӘРЕСІНЕ ЖЕТТІ

19 мая, 2025

КОЛЛЕДЖ ТЫНЫСЫ СҮЙІНШІ ЖАҢАЛЫҚ!

19 мая, 2025

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ: ЖАЗҒЫ МАУСЫМДА 41 МЫҢНАН АСТАМ БАЛА ЛАГЕРЬМЕН ҚАМТЫЛАДЫ

19 мая, 2025

ТҮРКІСТАН: СЫРДАРИЯ ӨЗЕНІ АУМАҒЫНА 111 ТОННАДАН АСТАМ БИОПРЕПАРАТ ҚҰЙЫЛДЫ

19 мая, 2025

Аудан әкімі Арман Қарсыбаев өнер майталманы Гүлшат Тутованы қабылдады

19 мая, 2025

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА «АУЫЛ – ЕЛ БЕСІГІ» ЖОБАСЫ БОЙЫНША 142 ЕЛДІ МЕКЕНДЕ ЖҰМЫСТАР ЖҮРГІЗІЛЕДІ

19 мая, 2025

АУДАН ӘКІМІ «ҚАСИЕТ» ӘЛЕУМЕТТІК ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ЖҰМЫСЫМЕН ТАНЫСТЫ

19 мая, 2025

19 мая, 2025

ШАРДАРА: ҚАЗАҚТЫҢ ЗЕРГЕРЛІК БҰЙЫМДАРЫ ҰРПАҚҚА МҰРА

19 мая, 2025
Келесі жаңалық

Майнинг: қайтсек, қыруар табыс табуға болады?

  • РЕДАКЦИЯНЫҢ МЕКЕНЖАЙЫ:
  • 161200, Түркістан қаласы
  • E-mail: info@saqnews.kz, 
  • www.saqnews.kz
  • Техникалық қолдау: 77025700309

Құпиялылық саясат

Басты жаңалықтар

ТҮРКІСТАНДЫҚ ДЕЛЕГАЦИЯ ҚЫТАЙДА ӨТКЕН ДӘСТҮРЛІ МЕДИЦИНА ТУРАЛЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ МӘЖІЛІСКЕ ҚАТЫСТЫ

ТҮРКІСТАНДЫҚ ДЕЛЕГАЦИЯ ҚЫТАЙДА ӨТКЕН ДӘСТҮРЛІ МЕДИЦИНА ТУРАЛЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ МӘЖІЛІСКЕ ҚАТЫСТЫ

saqnews.kz
13 мая, 2025
0

Президенттік кадр резервіне іріктеу басталады

16 августа, 2021
0

Серіктестер

  • Редакция
  • Бізбен байланыс
  • Жарнама

© 2024 saqnews.kz

Іздеу нәтижесі табылмады
View All Result
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Спорт

© 2024 saqnews.kz