4 қараша 2026, сәрсенбі 🌧️ Түркістан +11°C
  • USD 453,26
  • EUR 506,70
  • CNY 67,93
  • RUB 5,58
Жедел
СОТ ӘДІЛДІГІ – ҚҰҚЫҚТЫҚ МЕМЛЕКЕТТІҢ ТІРЕГІ ЕҢБЕКТЕГІ ӘДІЛДІК – ҚОҒАМДЫҚ ДАМУДЫҢ НЕГІЗІ Казахстан занял шестое место в мире по восстановлению пресных водоёмов Казахстан восстанавливает водоёмы от Арала до Каспия Жетісуда Президент Жолдауындағы міндеттер мен өңірдің өзекті мәселелері талқыланды Депутаты Курултая встречаются с жителями Карагандинской области для разъяснения Послания Цифрландыру және ЖИ: AI және білім беру Арман Қырықбаев шығармашыл жастармен Мемлекет басшысының Жолдауы мен жастар саясатының басым бағыттарын талқылады
Өзекті мәселе

Қыстан аман шығу қорқыныш ұялатып отыр…

Елімізде қуаңшылық салдары мен зардабы әлі сейіле қойған жоқ. Өйткені Оңтүстік шаруалары қысқа жинаған мал азығы таусылып қала ма деген үреймен отыр. Сондықтан да олар көршілес Арыс ауданындағы Көксарай су реттегішінің табанына төрт түлігін айдап әкеліп, ен далада күнелтуде. Өйткені мемлекет тарапынан төмен пайызбен берілетін несиенің қайыры болмаған сыңайлы. 

«Жаным – малымның садағасы» деген жұрт ен далада күнелтуге мәжбүр. Арыс қаласынан 100 шақырымдай қашықтықтағы жайылымға Арыс, Сарыағаш, Келес, Шардара аудандарының шаруалары жайғасқан.  Малшылар темір сымды өріп, қолдан қора жасап алған.

Мағжан Ыбырайым, Әлімтау ауылының тұрғыны:   

«Ол жақта қалғанда малдың бәрін қырып алатын едік бірақ. Мал үшін амал жоқ отырамыз енді. Суықтарда вагоннан кішкене жел өтеді. Әнеукүнгі -15 градус суықтарда сыз өтеді. Амал жоқ мал үшін отырамыз енді. Екі-үш адам кезектесіп бағып, амалдап жатырмыз әйтеуір».

Шаруалар малын жүздеген шақырымға 3 күн айдап әкелген. Ә дегенде жерсінбеген төрт түліктің аузы ойылып, тамағына жара шыққан көрінеді. Шаруалар бәріне шыдауға дайын. Тек малға жайылым табылса болды.

Нұрасыл Тұран,  Әлімтау ауылының тұрғыны:

«Боран болды. Мал суаратын кезде күн суытып кетіп, біраз мал балшыққа батып  өлді. Боран кездері суыққа шыдамағандары өлді».

Шаруалар Көксарайдың табанындағы жайылымда қоймаға су толғанша жүре алады. Өкініштісі, ол күнде алыс емес. Сондықтан да ауылдағы ағайын жем-шөп жағынан қандай да бір көмек болса дейді. Ал жергілікті әкімдік болса пайызы төмен несие беріп жатырмыз деп ақталады.

Нұрбек Бадырақов, облыстық ауылшаруашылығы басқармасының басшысы:                               

«Шаруаларға зоотехникалық нормаға сәйкес 700 мың тонна жем қажет. Оның 500 мың тоннасы Түркістан облысында өндірілді. Қазір 200 мың тоннаны солтүстік өңірдерлен сатып алуға ауылшаруашылығы тауарөндірушілерге 5 пайызбен несие беру  жұмыстары басталды».

Шаруалардың сөзіне сенсек несиеден қайыр болмайтын секілді. Себебі талаптары қатаң, ауыл тұрғындарының оны алуға шамасы келмейді.

Әміреқұл Үкібаев, шаруа:                  

«Көлігіңді, тіпті үйіңді қоясың. Онда да машинаның жылы 2019-дан әрі болмауы тиіс. Ескілері өтпейді».

Бүгінде 5 пайызбен берілетін несиеге 200 млн теңгеге жуық өтінім қабылданған. Ал, шаруалар көктемге дейін азықты қалай жеткізерін білмей дал. Өйткені Түркістан облысында қуаңшылыққа байланысты төтенше жағдай жарияланған жоқ. Тиісінше бұл мақсатта өзге қаржы қарастырылмаған да.

Пікір қалдыру

Your email address will not be published. Required fields are marked *