4 қараша 2026, сәрсенбі 🌧️ Түркістан +11°C
  • USD 453,26
  • EUR 506,70
  • CNY 67,93
  • RUB 5,58
Жедел
СОТ ӘДІЛДІГІ – ҚҰҚЫҚТЫҚ МЕМЛЕКЕТТІҢ ТІРЕГІ ЕҢБЕКТЕГІ ӘДІЛДІК – ҚОҒАМДЫҚ ДАМУДЫҢ НЕГІЗІ Казахстан занял шестое место в мире по восстановлению пресных водоёмов Казахстан восстанавливает водоёмы от Арала до Каспия Жетісуда Президент Жолдауындағы міндеттер мен өңірдің өзекті мәселелері талқыланды Депутаты Курултая встречаются с жителями Карагандинской области для разъяснения Послания Цифрландыру және ЖИ: AI және білім беру Арман Қырықбаев шығармашыл жастармен Мемлекет басшысының Жолдауы мен жастар саясатының басым бағыттарын талқылады
Қоғам

Төрт мың түлік «төркінін» тапты

Мал ұрлығымен айналысқан 112 қылмыстық топ ұсталды. Ұрланған 7 мың түліктің 4 мыңы табылып, иелеріне қайтарылған.

Жалпы жыл басынан бері полиция 800-ден астам қылмыстық істің ізін кесіпті. Олардың ең ірісі 15 адамға дейін ұйымдасып, жымысқы әрекеттерін жүзеге асырып келген.  18 мал ұрлығына қатыстылығы дәлелденген. Қазірде Ішкі істер министрлігімен Қылмыстық кодекске «Мал ұрлығы» жеке бабы енгізілді. Ол бойынша ең жоғары 12 жылға дейін бас бостандықтан айыру көзделген. Сонымен қатар жеке мүлкі де тәркіленеді.

Нұрділдә Ораз, ҚР Ішкі істер министрлігінің ресми өкілі:

«Қабылданып жатқан шаралардың нәтижесінде соңғы 5 жылда мал ұрлығының саны едәуір азайды. Егер 2016 жылы осындай 7 мыңнан астам қылмыс тіркелсе, 2020 жылы 2 мыңнан аспайды. Осыған ұқсас үрдіс биыл да сақталып отыр. Биыл мал ұрлығының саны 18 пайызға азайды».

Пікір қалдыру

Your email address will not be published. Required fields are marked *