Іздеу нәтижесі табылмады
View All Result
Saqnews.kz
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
    • Аймақ
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Экономика
  • Спорт
  • Әлеумет
    • Білім
    • Денсаулық
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
    • Аймақ
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Экономика
  • Спорт
  • Әлеумет
    • Білім
    • Денсаулық
Іздеу нәтижесі табылмады
View All Result
Saqnews.kz
Іздеу нәтижесі табылмады
View All Result
Басты бет Білім

Көптен күткен мектеп ашылды

29 ноября, 2021
in Білім
0
0
SHARES
21
VIEWS

120 орындық жатақхана, 15 000-нан астам кітап қоры бар

Түркістан қаласында химия-биология бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі ашылды. 720 оқушыға шақталған білім ордасының ресми ашылу салтанатына Қазақстанның және Өзбекстанның Үкімет басшылары қатысты. Аталған нысан Түркістан облысын әлеуметтік-экономикалық дамытудың 2021-2025 жылдарға арналған Кешенді жоспары аясында салынып отыр. Толығырақ тілші репортажында.

Түркістандықтар ашылуын көптен күткен мектеп лентасын премьер-министр Асқар Мамин және Өзбекстан Республикасының үкімет басшысы  Абдулла Ариповтің өзі қиды.

Жаңа мектептің ғимараты 23 мың шаршы метр аумақты алып жатыр. Мұнда 120 балаға арналған жатақхана, 360 орындық асхана, 15000-нан астам кітап қоры жинақталған кітапхана мен түрлі спорт кешендері бар. Бір сөзбен айтқанда, баланың білім нәрімен сусындауына барлық жағдай жасалған.

Балқан Қасымов, Түркістан қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің директоры:

«Бүгін Түркістан қаласында үлкен тарихи оқиға болып жатыр. Назарбаев мектебінің ашылуы облыстың түкпір-түкпіріндегі дарынды балалардың заманауи білім алуына негіз болмақ. Болашақта осы мектептің түлектері еліміздің әлеуетін көтерер білікті азаматар болады деп сенемін».

Дарынды балаларға заманауи тұрғыда білім беруге 42 білікті педагог іріктелген. Олардың 18-і – еліміздің басқа аймақтарындағы Назарбаев Зияткерлік мектептерінен ауысып келген тәжірибелі ұстаздар. Олардың арасында «Болашақ» бағдарламасының түлектері мен шетелден келген  модератор-мұғалімдер де бар.

Бауыржан Ілиясов Түркістан қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің директоры оқу ісі жөніндегі орынбасары:

«Басқа Назарбаев мектептерінен ерекшеленетін бізде ақпараттық орталықтар, қазіргі замандағы Қазақстан кабинеттері, кабинет экономики региона, интеграция кабинеттері, жалпы қазақ тілінен сөйлеу, жазу, тыңдау дағдыларын дамытатын кабинеттер ашылған».

720 оқушыға арналған заманауи мектепке бүгінде 360 оқушы қабылданып үлгерді. Білім ордасында олардың тек сапалы білім алып қана қоймай, жан-жақты дамуына да жағдай жасалған. Атап айтсақ, телестудия, STEM, инжиниринг,  робототехника, агро зертхана, ақпарат тарату алаңы, саз өнері мен хореграфия сынды үйірмелер бар.

 

Tags: Асқар МаминНазарбаев Зияткерлік мектебіхимия-биология
Алдыңғы жаңалық

Оқушылардың қамын емес, мемлекеттің «нанын» жеген

Келесі жаңалық

Арыны қатты «Омикронның» ақыры қалай болар екен?..

Ұқсас жаңалықтар

Білім

Білім саласындағы өзекті мәселелер талқыланды

8 ноября, 2022
Білім

Сырттай оқуға болатын мамандықтар тізімі қысқарды

17 октября, 2022
Білім

Қазақстандық оқушылар Женевада робототехникадан өткен жарыста рекорд орнатты

17 октября, 2022
Елордада «Ой көкпар» зияткерлік сайысы өтті
Аймақ

Елордада «Ой көкпар» зияткерлік сайысы өтті

29 сентября, 2022

ЖАҢАЛЫҚТАР ТІЗБЕГІ

11 октября, 2025

11 октября, 2025

11 октября, 2025

11 октября, 2025

ТҮЛКІБАСТА ҚҰС ЕТІ ӨНДІРЕТІН ФАБРИКАНЫҢ ІРГЕТАСЫ ҚАЛАНДЫ

10 октября, 2025

ТҮРКІСТАНДА «АҚ БИДАЙ» АУЫЛ СПОРТЫ ОЙЫНДАРЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗДАРЫ МАРАПАТТАЛДЫ

10 октября, 2025

ТҮЛКІБАСТА RC COLA БРЕНДІМЕН «BEIBARS BOTTLERS» СУСЫН ӨНДІРЕТІН ЗАМАНАУИ ЗАУЫТ ІСКЕ ҚОСЫЛДЫ

10 октября, 2025

ДЕПУТАТТАР АРАСЫНДАҒЫ ОБЛЫС БІРІНШІЛІГІ ӨТТІ

10 октября, 2025

ТҮРКІСТАН МУЗЫКАЛЫҚ-ДРАМА ТЕАТРЫНЫҢ V МАУСЫМЫ «БЕКЗАТ» ҚОЙЫЛЫМЫМЕН АШЫЛДЫ

10 октября, 2025
Келесі жаңалық

Арыны қатты «Омикронның» ақыры қалай болар екен?..

  • РЕДАКЦИЯНЫҢ МЕКЕНЖАЙЫ:
  • 161200, Түркістан қаласы
  • E-mail: info@saqnews.kz, 
  • www.saqnews.kz
  • Техникалық қолдау: 77025700309

Құпиялылық саясат

Басты жаңалықтар

САЙРАМ АУДАНЫНДА 89 УЧАСКЕ ТАҢҒЫ 7.00-ДЕ АШЫЛДЫ

САЙРАМ АУДАНЫНДА 89 УЧАСКЕ ТАҢҒЫ 7.00-ДЕ АШЫЛДЫ

saqnews.kz
5 октября, 2025
0

ТҮЛКІБАСТА RC COLA БРЕНДІМЕН «BEIBARS BOTTLERS» СУСЫН ӨНДІРЕТІН ЗАМАНАУИ ЗАУЫТ ІСКЕ ҚОСЫЛДЫ

ТҮЛКІБАСТА RC COLA БРЕНДІМЕН «BEIBARS BOTTLERS» СУСЫН ӨНДІРЕТІН ЗАМАНАУИ ЗАУЫТ ІСКЕ ҚОСЫЛДЫ

saqnews.kz
10 октября, 2025
0

Серіктестер

  • Редакция
  • Бізбен байланыс
  • Жарнама

© 2024 saqnews.kz

Іздеу нәтижесі табылмады
View All Result
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Спорт

© 2024 saqnews.kz