4 қараша 2026, сәрсенбі ⛅ Түркістан +11°C
  • USD 453,26
  • EUR 506,70
  • CNY 67,93
  • RUB 5,58
Жедел
СОТ ӘДІЛДІГІ – ҚҰҚЫҚТЫҚ МЕМЛЕКЕТТІҢ ТІРЕГІ ЕҢБЕКТЕГІ ӘДІЛДІК – ҚОҒАМДЫҚ ДАМУДЫҢ НЕГІЗІ Казахстан занял шестое место в мире по восстановлению пресных водоёмов Казахстан восстанавливает водоёмы от Арала до Каспия Жетісуда Президент Жолдауындағы міндеттер мен өңірдің өзекті мәселелері талқыланды Депутаты Курултая встречаются с жителями Карагандинской области для разъяснения Послания Цифрландыру және ЖИ: AI және білім беру Арман Қырықбаев шығармашыл жастармен Мемлекет басшысының Жолдауы мен жастар саясатының басым бағыттарын талқылады
Өзекті мәселе

Өз отбасынан қорлық көргендер қайда барады?..

Бір ғана Түркістан облысында жыл басынан бері 37 мың әйел отбасында зорлық-зомбылық көру бойынша көмекке жүгінген. Оның 3200-і ұсталған. Ал еліміз бойынша мұндай жағдайлардың саны – 125 мың. Бүгін – Халықаралық әйелдерге қатысты зорлық-зомбылықты жою күні. Бұл датаны 2012 жылы БҰҰ ресми бекіткен.

Малика Жүсіпова «көмек» оңалту орталығының басшысы:

«Анализ жасап қарасақ, бізге көбіне 1990-1995 жылғы тұрмыстағы қыз-келіншектер келеді. Не себептен деп зерттеп қараған кезде біз оның түп тамырын мынадан таптық: олар туған жылдар қайта құрылу кезімен сәйкес Тура осы ұрпақтың әке-шешелері балаларын асыраймын деп дорба арқалап кетуге мәжбүр болды. Асырауын асырады-ақ, әйтсе де оларды тәрбиелеуге уақыттары болмай қалды. Сондай-ақ, бізге көбіне ерте жүкті болған және өгей әкесінен зорлық көрген қыздар келеді».

Бүгінде еліміз бойынша 38 орталық бар, барлығы да басқа емес, өз отбасынан зорлық көрген әйелдерге толы. Мамандай енді мұндай дағдарыс орталықтарының ауыл-аймақтарда салынуы керектігін алға тартып отыр. Себебі күйеуінен соққы жеп, енесі қорлық көрсететін әйелдер дәл осы шалғай ауылдарда көп екен.

Пікір қалдыру

Your email address will not be published. Required fields are marked *