Түркістан облысында жыл басынан бері Ресей көліктерінің кесірінен 150 жол-көлік оқиғасы болды. Салдарынан 52 адам қаза тауып, 151 адам жарақаттанған.
Өңірде жалпы ресейлік нөмір таққан, бірақ есепте жоқ 12 мыңнан астам машина жүр. Статистикаға жүгінсек, тіркеусіз автокөлік тізгіндегендер 55 мыңға жуық әкімшілік құқық бұзушылыққа себепкер болып, 900 миллионнан астам айыппұл арқалаған. Сонымен қатар, түркістандық тәртіп сақшылары белгілеген жүру жылдамдығын арттырған 23 мың 683 жүргізуші мен жолаушыларды немесе жүктерді тасымалдау, қауіпсіздік белдіктерін, мотошлемдерді пайдалану жөніндегі талаптарды сақтамаудың 4485, жол қиылыстарынан өту қағидаларын бұзып, жолдың жүру бөлігін кесіп өтудің 1378, жол белгілері мен жолдың жүру бөлігіндегі таңбаларда көрсетілген талаптарды сақтамаудың 4479 дерегі анықталып отыр.
Алмас Тастанбеков ТО ПД Әкімшілік Полиция Басқармасының бастығы:
«Ресейлік көліктердің кесірінен 150 жол-көлік оқиғасы болып, 50 адам қаза болып, 150 адам жарақат алған. Бұл жол көлік оқиғалараның басты себебі-ресейлік көліктердің сапасыздығы, ескі болуы. Істен шығуға таяу қалған машиналар іөлік апатына сондықтан жиі себепкер болады. Қазір жолдардың сапасы жақсарған, жылына 400 км жолдан жаңартылып жатыр, оны пайдаланған көлік тізгіндегендер жылдамдықты жиі асыратын болды».