4 қараша 2026, сәрсенбі ⛅ Түркістан +12°C
  • USD 453,26
  • EUR 506,70
  • CNY 67,93
  • RUB 5,58
Жедел
СОТ ӘДІЛДІГІ – ҚҰҚЫҚТЫҚ МЕМЛЕКЕТТІҢ ТІРЕГІ ЕҢБЕКТЕГІ ӘДІЛДІК – ҚОҒАМДЫҚ ДАМУДЫҢ НЕГІЗІ Казахстан занял шестое место в мире по восстановлению пресных водоёмов Казахстан восстанавливает водоёмы от Арала до Каспия Жетісуда Президент Жолдауындағы міндеттер мен өңірдің өзекті мәселелері талқыланды Депутаты Курултая встречаются с жителями Карагандинской области для разъяснения Послания Цифрландыру және ЖИ: AI және білім беру Арман Қырықбаев шығармашыл жастармен Мемлекет басшысының Жолдауы мен жастар саясатының басым бағыттарын талқылады
Басты жаңалықтар

Алаяқтар әбден басынып алды

Елімізде соңғы 10 айдың ішінде 18 мыңдай интернет алаяқтық тіркелген. Бұл былтырғымен салыстырғанда 80 пайызға көп. Полицейлердің айтуынша, алаяқтар көбіне көрсетілетін қызметтері үшін алдын ала төлем талап етеді екен.

Ал ақшаны ала салысымен, ұшты-күйлі жоғалады. Есесіне, қоғамда қарапайым адамдардың атынан көптеген шағын несиелер заңсыз рәсімделіп жатады. Бұдан бөлек, өздерін банк қызметкері ретінде таныстырып, сол бір ғана қоңыраумен олардың есепшоттағы ақшасын жымқырып жатқандар қаншама.

Қанат Нұрмағамбетов, ҚР ІІМ Криминалдық полиция департаменті бастығының орынбасары:

«Семей қаласының тұрғыны әлеуметтік желіде жеке құжаттардың жоғалғаны туралы хабарландыру тауып алған. Сол құжаттар бойынша шағын несиеге өтініш берген. Адамдар қарызының бар екенін несие төлеу мерзімі өтіп кеткен кезде ғана білген. Қазіргі кезде зардап шеккен 320 адам анықталды. Олар осы әрекеттері арқылы 10 миллион теңгеден астам шығын келтірген».

Пікір қалдыру

Your email address will not be published. Required fields are marked *